Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі
Насамбаева Алтынгүл Темірханқызы
информатика пәні мұғалімі
Дербес компьютер
Сабақтың тақырыбы: | Дербес компьютер | |||
Мақсат-міндеттері: | Білімділігі: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі бөліктерімен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық–абстракциясын, ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу; |
|||
Оқыту нәтижесі: | Оқушыларды аппараттық құрылғылармен таныстыру | |||
Түйінді идеялар: | «Естігенімді ұмытамын, көргенімді сақтаймын, өз істегенімді меңгеремін» Конфуций сөзі | |||
Әдіс-тәсілдер: | жұптық, топтық әдістер, АКТ, электронды оқулық, ДК, сұрақ қою техникалары, әңгіме-дебат әңгімелесу түрі, сыни ойлау, ДЖИГСО. | |||
Уақыты | Ресурстар |
Сабақтың мазмұны |
||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс — әрекеті |
|||
5 минут |
Ақ халат
Эл оқулық |
|
Сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру, қауіпсіздік ережесін сұрау. | Қауіпсіздік ережелерін айту. |
АКТ, ДК, компьютер кешені, слайд |
Үй тапсырмасы:
Сұрақ: — Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер? — Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды? — Есептеуіш құрылғылар мен машиналар туралы
Білу: Сұрақ: — Адам мен компьютерде қандай ұқсастықтар бар деп ойлайсыңдар? (сыни ойлау) — Адам не арқылы немесе қалай еңбектенеді? — Олай болса, компьютердің қолы деп шартты түрде нені түсінеміз? — Адам барлық ақпаратта қайда сақтайды? — Адамның бет-бейнесін қалай көруге болады? Құлақ- Тіл- |
Жауап: “Ақпарат” сөзі — латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика, физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Жауап: Күтілетін жауап
қол арқылы
тышқан мида-процессорда ажарынан – монитордан
колонкалар пернетақта |
||
6 мин | Аудиожаз
ба |
Ертегі құрастыру – информатика ғылымының элементтерін, компьютердің құрылғылары мен қызметтерін кірістіріп ертегі құрастырамын. | Дәптерге күннің жадын жазып, тақырыпты түсіреді. | |
10 мин | АКТ, аудиожаз
ба, суреттер
Слайд, кеспе қағаздар
Плакат, маркер, қарындаштар |
Түсіну: «Баяғыда бір компьютердің баласының туылған күні болыпты. Қонаққа көптеген компьютерлер, құрылғылар келеді. Олардың жақсылап той тойлап жатқанын көрген терезе қатты қызыға да, қызғана қарайды. Терезе ашылып кетіп, үйдегілер тоңып қалады. Сол кезде процессор терезені жауып, ішінен перде орналастырады. Терезе енді оларды көре алмай қалады. Компьютер тойды жақсы өткізеді» (процессорға)
«Баяғыда процессор шал мен монитор кемпір болыпты. Олардың жалғыз баласы пернетақта болады. Баласы үйленетін жар іздейді. Бірақ жер шарын іздестірсе де, таба алмайды. Бір күні шаршап келе жатса, алдынан программист шал шығады. Сен іздегеніңді 3 үш күн, 3 түн жүрсең, алдыңнан бір үлкен тау шығады, сонда үлкен мысық тұтқынға алып отыр дейді. Егер құтқарсаң, сол сенің жарың болуға лайықты деп жол көрсетеді. Пернетақта бар күшін бойына жинап келіп, жолға шығады. Барса, үлкен мысық пырылдап ұйықтап жатыр екен. Қалай құтқарамын, кімді құтқарамын деп ойлайды. Сөйтіп, мысыққа егер қарның үнемі тойсын десең, интернетті ал деп сыйлыққа беріп, құтқарып алады. Сөйтсе, айдай сұлу маус екен. Сол күннен бастап маус пернетақтаға жақсы жұп болған екен». Жаңа сабаққа сипаттама беріп өтемін. Жаңа сабақты ДЖИГСО әдісімен 3 топқа бөліп беремін. Адамның дене мүшелеріне байланысты сергіту жаттығуы (head, shoulders….).
Электронды оқулықпен толықтыру. Топқа бөлу: Компьютер құрылғыларын т.б парақшаларға жазып бөлемін. Топтық жұмыс: Компьютер түрлеріне байланысты сурет салады. |
Оқушылар аудиожазбадағы ертегіні мұқият тыңдап, ертегінің не туралы болып жатқанын түсінуге тырысады, қай құрылғы жөнінде болып тұрғанын талқыға салады.
Жаңа сабақты меңгерту кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді, әрі тақырыпты түсіну жеңіл болады.
Әрбір топ өздеріне берілген тапсырманы мазмұндап, тақтадағы слайдқа сүйене, бір-біріне түсіндіреді Бас, иық, тізе, башпай дене мүшелеріне жаттығулар жасайды
Таратылған кеспе кағаздардан өз топтарын тауып алып, орналасады. Тышқан, процессор, монитор құрылғылары болып топтасады. А4 форматында сурет салады. Өздері қиялдарынан шығарады. |
|
ДК, АКТ | Қолдану: Компьютер ұғымына байланысты мақал-мәтелдерді сәйкестендіру
Байт – биттен құралады Электронды оқулық бойынша интерактивті тапсырмалар (жұптық) Реттік санау бойынша топқа бөлу. |
Өз жұптарын тауып, орналасады.
Теңге тиыннан құралады Аппараттық құралдар 4 және 7 |
||
5 мин | АКТ, бейнеролик | Талдау: Компьютердің пайдасы жөнінде ой талқы.
Компьютердің пайдасы мен зияны, Карл Поппер ережесі туралы айтып өтемін. Оқушыларға уақыт беріледі. |
Компьютердің зияны жөнінде бейнероликті талдайды
Екі топтан үш оқушыдан қатысады, қалған топтағы үш оқушы сарапшы болады Екі топ өз позицияларын қорғайды |
|
4 мин | Музыка
|
Жинақтау: «Өзара әсер» рефлексиясы Компьютердің құрылғыларына теңеп, тілек айтады.
Бағалау: Адамның тұрпаты арқылы кескіндемені толтыру |
Пернетақтадағы тілдер секілді сөзге шешен бол!
Монитордай бет-ажарың жарқын болсын! Мен үшін қиын болды, менің жетістігім, маған жеңіл болды … |
|
Қосымша тапсырмасы | Компьютердің бөліктері туралы ертегі құрастыру |
[bws_related_posts]