Басы » Биология » Ағзаның ішкі ортасы

Ағзаның ішкі ортасы

АнаргульЖарма ауданы Қалбатау  ауылы
«Маяковский атындағы  орта мектебі» КММ
Биология  пәні  мұғалімі: Ахметкаримова Анаргуль Сергазыевна
Сабақ тақырыбы: Ағзаның  ішкі  ортасы
Сабақ  мақсаты:Ағзаның ішкі ортасын  түсіндіре  отырып,  қанның   қасиеті,құрамы

    және қызметіне  сипаттама беру;
—   Сабақтың  тәсілдерін  қолдану  арқылы оқушы білімін  тереңдетуге
және  оқушы пайдасына  шешілетін жағдаяттарда  алған  білімдерін толыққанды     жұмсауға  үйрету;
—   Қан құрамының  тұрақты және  белгілі көлемде болу
маңыздылығының  ескеру,  салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақ әдісі:  зертханалық жұмыс,  жаңа  тақырып түсіндіру,СТО жобасы элементтерін қолдану.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:  проектор, интернет  материалдары, А3 формалы  беттер, микроскоп,  микропрепараттар,  түрлі-түсті  бояу қарындаштар, т.б

  •  Пәнаралық байланыс: химия, физиология.

Сабақ  барысы:

Ұйымдастырылатын жұмыстар:

Жұмысқа  қажетті  құрал- жабдықтар:

  1. Ұйымдастыру  кезеңі  (3 минут)

  • Сынып  даярлығын  қадағалау;

  • Сынып оқушыларын  түгендеу;

  • Сабаққа қажетті  құрал- жабдықтардың  толық  болуын  қамтамасыз ету.

Балалар, сабағымызды бастамас  бұрын, топқа бөлініп алайық. ( түрлі-түсті қағаздарды таңдау арқылы сынып оқушылары өз  топтарындағы  орындарына  жайғасады). Әр топтан топ басшысын және  уақыт белгілеуші,бағалаушы  оқушыны таңдаймыз.

     Балалар, орынымыздан тұрайық. Әрбір  топ  мүшелері қолдарымызды ұстап,  шеңбер(шаттық  шеңбері) жасаймыз. Әр топ  бір-біріне   сөздерін айтып, сәттілік   тілеп, орындарына  жайғасады.

2.Үй  тапсырмасын сұрау. (интеракивті тақтамен жұмыс)

Ашық тестік сұрақтар  (15 сұрақ)  (5-7  минут)

1.Адам ағзасындағы  тірек-қимыл  жүйесіне нені  жатқызамыз?

2.Сүйек  қандай  ұлпа түріне  жатады?

3.Денедегі  сүйектер  бірігіп,  нені  түзеді?

4.Сүйектер пішініне қарай неше топқа бөлінеді?

5.Ми бас сүйектерін  ата.

6.Омыртқа  жотасы  неше  омыртқадан  тұрады?

7.Иық  белдеуі  сүйектерін  ата.

8.Адамның сүйегі неше жасқа дейін  өседі?

9.Сүйекке серпімділік, иілгіштік қасиет  беретін  органикалық зат?

10.Денедегі  бұлшық еттің  жалпы  саны?

11.Адам денесіндегі  буындар саны?

12.Бұлшық ет   ұлпасы  құрылысына қарай неше топқа бөлінеді?

13.Бұлшықеттің  ең  кіші құрылымдық және  қызметтік   бірлігі  не?

14.Кеуде қуысын  құрайтын  сүйектер.

15.Тоқпан жілік, кәрі  жілік  қаңқаның  қандай  бөлігін   сүйектері?

Тексеру  жұмысы  жұп  бойынша  жүргізіледі.

Дұрыс  жауабы  интерактивті  тақтада  жазылып көрсетіледі:

  1. Қаңқа және  бұлшық еттер.

  2. Дәнекер  ұлпа

  3. Қаңқа

  4. 2

  5. Жұп  самай,  маңдай, төбе  және шүйде сүйектері

  6. 33-34

  7. 2 бұғана, 2 жауырын

  8. 20-25 жас

9.  Оссеин

10. 600 астам

11. 230

12. 3

13. Микрофибрилалар

14. 12 арқа  омыртқа,  төс  және 12 жұп  қабырға

15. Қолдың  еркін  қозғалатын  қаңқасын  құрайды.

3.Шешімін табайық: (2 минут)

Жұмбақ жасырылып,  оқушылар  шешімін табады.

Сұйық  десем, су  емес,

Ағзада  ағар  жолы бар

Түсі де оның ақ емес,

Ал қызыл дейді ағалар.

Оңды- солды ойқастар,

Қызмет жасар, тоқтамай.

Сергектікке жол бастар,

Шипасы оның тағы бар.

Жауабы: қан

Балалар,  дұрыс  жауабын  таптыңдар. Ендеше, « қан» сөзіне әр  топ  клайстерлер жасайықшы. (5 мин.)

                                 Қан

Жасаған  клайстерлерін әр топ  мүшелерінен 1 оқушы шығып,  қорғайды.

 Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді  және  жаңа  сабақ  тақырыбын  жазып  қоямыз.

4. Жаңа тақырып: «Ағзаның  ішкі ортасы»

Балалар, ағзаның ішкі  ортасы тақырыбына  қандай  мақсат  қоямыз? Оқушылар бүгінгі  жаңа  тақырыпқа өздері мақсат  қояды.

(Д) Тақырыптағы жаңа  терминдер: (дәптерге  жаздырту)

1. Плазма – қанның  сарғыштау түсті сұйық бөлімі.

2. Эритроцит – қанның  қызыл, ядросыз жасушалары.

3. Лейкоцит- қанның  түссіз  жасушалары немесе  жебір жасушалар.

4.Тромбоциттер-  қан пластинкалары.

5.Гемоглобин- қанға қызыл түс  беретін пигмент.

6.Оксигемоглобин- оттегімен қосылған  гемоглобин.

4. Сергіту сәті. «Бұлшықет жұмысын  жақсарту  жаттығулары»  Балалар,  сергіту сәті  алдыңғы  өткен  тақырыппен  тікелей  байланысты  болмақ. 1. Қолымызға  қолайнаны  алып,  шайнау,  ымдау  бұлшық еттерінің  қозғалысын  бақылаймыз. 2. Мойын бұлшықеттерінің қозғалысын  мойынды оңға,  солға  және  алдығы,  артқа  бұру арқылы  бақылаймыз. 3. Иық  бұлшықеттерінің  қозғалысын  қолымызды  көтеріп, сағат  тілімен  оңға, солға  және  алдыға  көтеріп  бақылаймыз.  Көкет  қозғалысын  м ыұқынға қолымызды  қойып,  сағат  тілімен оң жақ және  сол жаққа  бұрылыс  жасаймыз. Аяқ бұлшық еттерінің  қозғалысын  орынымыда  тұрып,  жаймен  аяқтарымызды кезекпен  көтереміз. Осымен жаттығыуымыз  аяқталды.Орынымызға  жайғасамыз.     (2 минут)

5. Видеоролик тамашалау. (3-5 минут)

 «Қан  және оның құрамы» атты қысқаша  көрсетілім  балалар  назарына ұсынылады. Видеофильм  соңында оқушылардан  нендей  әсер  алғандары  сұралып  өтеді.

6.Тақырыпты бекіту

Тақырыптық  зертханалық жұмыс №10 Тақырыбы: «Қан  жасушаларының  микропепараттарын көру»

(10 минут)

Балалар, алдарыңа  берілген  зертханалық жұмыстағы тапсырмаларды орындайды.

(микроскоппен жұмыс жасауды түсіндіру)Зертханалық жұмыстың өңделуі.

1.Жұмыс тақырыбы

2.Жұмыс мақсаты

3.Жұмысқа  қажетті  құрал- жабдықтар

4.Микропрепараттар бойынша кесте  толтыру.

5.Қан жасушаларының  суреттерін  салып, құрамын жазу

Қан  жасушалары

Құрылысы

Атқаратын  қызметі

1

2

3

5.Қорытындылау.

Балалар, жұмысты аяқтасаңдар бағалаушыға  тапсырыңдар.

7.Қорытындылау

Мәтіннің  дұрыстығын  тексер: Ағзаның  ішкі ортасына :  қан, ұлпа сұйықтығы  және  плазма жатады.Қан — бұлшықет  ұлпасынан  түзілген.

Адамның  ағзасында  2 литр  қан болады. Қанның құрамына:  эритроциттер,  200  астам сүйек  және  тромбоциттер кіреді.  Қан  түсінің  қызыл  болуы- гемоглобинге  байланысты. Гемоглобин  көміртегімен қосылып оксигемоглобинге айналады.Эритроциттердің өмір  сүру  ұзақтығы шамамен 120 күн.

8. Үйге тапсырма беру: 6 тарау, 28 тақырып оқу, 10 тестілеу сұрағын  тақырып бойынша  құрастыру.

9.Бағалау. Әр  топтағы  бағалаушылар, топтағы  мүшелердің  жұмыстарын  қарап  шығып,  оларды бағалайды.

Сабаққа қажетті  құрал- жабдықтардың  жұмыс жасауын тексеру.

Бор, тақта сүрткіш т.б. болуын қадағалау.

Қиылған  түрлі түсті қағаздарды  оқушыларға  тарату.

Слайд №1

Слайд №2

Слайд №3

Ақ беттер мен түрлі-түсті бояулар беріледі.

Слайд №4

Слайд №5

Слайд № 6

Слайд №7

Қолайна

Микроскоп, «Адам қанының» микропрепараты. Алдын-ала дайындалған жеке беттердегі жұмыс мәтіндері.

Слайд №8-9

Слайд №10

Слайд №11

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *