Басы » Баяндамалар » Аман болшы анашым!

Аман болшы анашым!

анашымСолтүстік Қазақстан облысы
Қала (аудан) Уалихан ауданы
Ауыл Шағырсай ауылы
Мектеп Шағырсай негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Куйтенова Гульманат Рамазановна

Аман болшы анашым!

« Ана» осы үш әріптен құралған сөздің ішінде қаншама мейірімділік ықылас жатыр десеңізші?!Ана туралы тебіреніп толғанбаған жыр арнамаған ақын жоқ шығар,сірә.Осы ардақты есімді естігенде кез-келген адам баласының жан дүниесі тебіренбеуі мүмкін емес.Анаға теңесер анаға тең келетін дүниеде жан жоқ.Түн ұйқысын төрт бөліп жылағаныңда жұбатып,қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін ананың кең пейілі ғой.Ананың аялы алақаны сәбиіне күш береді,ананың ақ сүтін емген баланың бойында адамгершілік пен мейірім инабаттылық,ізгілік шуағы мол болады,өмірдің бар қызығы да асылы да анада.Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

    «Ана» деген сөз – менің өміріммен тікелей байланысты. Сәбилердің ең алғашқы тілі «ана» деген қымбатты сөзден басталады.Өміріңнің сәнін де,әрін де келтіретін,жаманыңды жасырып,жақсылығыңды асыратында анаң.Жабыққан,сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып қолтығыңнан демеп,жұбатып үлкен армандарға жетелейтін де анаң.

Өмірдің түрлі белестерінде ауыр қиындықтарды арқалап баласы үшін барын арнап, қамқорлық жасап, жақсы тәрбие берген аналардың бірі-Бибзат ана.Балалары  үшін қара шашына ақ түсірген, баласы үшін әр нәрседен тайынбай от пен суға бірдей түскен анамның бұл өмірдегі атқарған жүгі тым ауыр.Анасынан ерте айырылып жетімдіктің тауқыметін көрген анашым өзінің балалық шағын күрсініп отырып есіне алады.6 жасында анасынан айрылған анам өгей шешенің қолында өседі. «Таяқпен өстім,далада қонған күндерім де болды ағам екеуімізді ұрып тұрып таңертең ерте тұрғызып қай үйдің мұржасынан түтін шығады сол үйге барып отын әкеліңдер деп оятатын.Ол кезде сіріңке деген жоқ  барған үйден жанып тұрған отты сәуекке салып алып үйге әкелеміз,егер ол от үйге жеткенше сөніп қалса таяқты жейміз» -дейді.Қандай қиындықты көріп өссем де өгей деп айта алмаймын деп отырады. Балаларын тұмсықтыға шоқытпай,қанаттыға қақтырмай аялап өсірді.9 құрсақ көтеріп 3-еуін жер қойнауына берген екен.

Анама ең ауыр болып тигені баласы ер жетіп Отан алдындағы борышын өтеп жұмысқа орналасып енді міне үйленемін деген шақта 25 жасында  Жамбыл деген ағамыздың қазасы еді.Баласының қазасын көрген анама сол жылдар оңай болмады.Адам баласының маңдайына жазған жазу болса « көресің де, көнесің  екен әйтпесе сол кезде Жамбылыммен бірге менің жаным неге шығып кетпеді » дейді анашым.Анашым «сендердің алдарыңда кетсем екен»,- дейді оны да түсіне бермеуші едім «үйге келгенде күліп келіп,күліп кетсеңдер болды,сол маған жеткілікті»- дейді.Біз күлсек бізге қарап күліп біз ренжісек бізге қарап ренжіп отырады.

6 баласынан 4 немере 15 жиен  7 жиеншар көріп отыр.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің дейді расында да балалы-шағалы болғанда ата-ананың қадірін түсіндік.Біздер деген бақыттымыз еш қиындықты көрмей таяқ дегенді білмей,ананың аялы алақанын көріп өстік.

Тек қана алладан тілейтінім ғұмыры ұзақ болсын аман болсын ауырмасыншы деп тілеймін.Анам жер бетіндегі ең құрметті,құдіретті,аяулы жандардың бірі.Анашым өте қайырымды,мейірімі мол,ақылды адам.«Жәннат аналардың аяғының астында» деген нақылды білмейтін мұсылман жоқ. Ананың жүрегі өте нәзік, жел соқса ұшып кететін мамықпен тең, оны жақсылығымыздың ығына басып, көңіліне қаяу, кірбің түсірмесек, ананың шын ықыласына, ризашылығына бөленеріміз хақ!

Барлық ана бейбітшілікті және баласының бақытты болуын ғана тілейді.Даңқы асқан патша да,ғалым да,ұстаз да, найзасы көк тіреген батыр да анадан туылды.Анаға барлығымыз қарыздармыз. . Жұмақтың төріне үш рет  арқалап апарсаң да ол қарызды өтей алмайсың, өйткені ана сүтінің қарызы — өтелемейтін парыз бақыт қонбас деп ойлаймын.

Гүлдей болсын өміріңіз анашым,

Нұрға толсын көңіліңіз әрқашан.

Өмір жасың ұзақ болсын анашым,

Қолдап жүрсін тәңіріңіз анашым.

 

Анам  үшін әулиеге табынам.

Ғұмырына қуат берші аллажан.

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын

Жүрегіне сөнбейтін иман берші аллажан,

 Жыр жолдарын арнайды қызың-Гүлманат

Мен үшін де көрдің талай қиындықты арқалап

Жаным,ботам деп жеткізген өзің едің анашым

Қайратыңнан қайта көрме ардақты менің  анашым.

 Құтты болсын анашым 8-наурызың

Аман болып ортамызда жүре берші аяулым

Жиендерді бағып қағып отырған апатайым

Осылардың қызығына тоймай жүрші анашым.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *