Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
№1 (түзету) мектеп- интернаты» КММ
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мұғалім- дефектолог,
Мұғалім- дефектолог, тәрбиеші
Уалиева Шарбану Зейнешқызы
Бисембаева Раушан Тұяққызы
I. Шеберлік сағаты.
Тақырып:Ынталандырудың тиімді жолдарын анықтау.
Жұмыс түрі: топтық.
I. Тренинг: «Атомдар мен молекулалар»
(қатысушылар атомдар деген кезде топ ішінде билеп жүреді, ал молекулалар бес деген кезде топ бесеуден тұра қалады, қайтадан атомдар деген кезде тағы топ ішінде билеп жүреді, келесі молеулалар үш деген кезде үшеуден тұра қалады)
Конфет арқылы топқа бөлу әр конфетке стикерге жазылған тілектерді жапсыру арқылы қатысушыларға тарату.
II. Топтық жұмыс:
III. 1.«Сізді не ынталандырады?»
(әрбір қатысушыға А4 қағазы беріледі, олар өздерін не ынталандыратыны жөнінде кластер арқылы көрсетеді (қағаздың ортасына өз атын жазады оны дөңгелентеді, жан-жағына өздерін не ынталандыратынын жазады) – 10 минут.
2.Сізді ынталандыратын нәрсе алдарыңыздағы балаларды ынталандырады ма? (осы сұрақ төңірегінде өздерінің ойларын әр топтан сұрау, іштей ынталандыру мен сырттай ынталандыруды қалай түсінесіз) – 15 минут.
3. «Әдістеме мінбесі» әр топтан бір қатысушыға сұрақ Оқушыларды ынталандырудағы сіздің әрекетіңіз? Өз тәжірибесімен бөлісу – 10 минут.
III. Алты қалпақ әдісі:
Ақ қалпақ – ынталандыру түрлерін айтады.
Сары қалпақ –тиімді жақтарын айтады.
Қара қалпақ – ынталандыру қажет пе, әлде қарсысыз ба неге?
Қызыл қалпақ – ынталандыруды өз эмоциясымен білдіреді.
Жасыл қалпақ – ынталандыру бойынша өз идеясын айтады және келешекте нені ескеру қажеттігін айтады.
Көк қалпақ – барлық топтың жұмысын сараптайды, яғни әр топ өз жұмысын тиісті дәрежеде орындады ма?
IV. Неліктен? (топтық сұрақ)
1. Неліктен біз оқушыларды ынталандырамыз?
2. Неліктен оқушылар ынталандыруды қажет етеді?
3. Неліктен ынталандыру бірінші кезекте біздің тарапымыздан болуы тиіс деп ойлаймыз?
4. Неліктен біз ынталандырудың түрлі жолдарын іздеуіміз қажет?
5. Неліктен біз ынталандыру арқылы оқушыларды тек қана жетістікке жеткіземіз деп ойлаймыз?
6. Неліктен ынталандыру үшін біз бар күшімізді жұмсаймыз?
Қатысушылардан интервью алу парағы
Балаларды ынталандырудағы өз жұмысыңызды нәтижелі деп ойлайсыз ба? дәлелмен айту ортақ сұрақ (интервью парағы немесе пікірталас – 10 минут).
Сұрақтар Қатысушылардың жауаптары
Жұмыс Сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Тақырыптың (проблеманың) Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?
Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен?
Бұл проблеманы шешуде Сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз?
Ұйымдастырылған топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен?
- Ұйымдастырушыларға Сіздің ұсынысыңыз және тілегіңіз