Басы » Технология » Ағашты өңдеу және оның құрал -саймандары

Ағашты өңдеу және оның құрал -саймандары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектебі,
Технология пәнінің мұғалімі Борашев Сапарбай
 
Сабақтың тақырыбы: Ағашты өңдеу және оның құрал -саймандары
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ағаш өңдеу технологиясынмен таныстыру және ағашты өңдейтін құрал-саймандармен өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Білімділік: оқушыларға жеке жұмыстар беру арқылы талғамдарын өсіру, қызығушылықтарына байланысты жұмыс жасап үйрету.
Дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасай білуге үйрету
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Еңбектің нысаны: шеберхана
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: сызбалар, плакат, аралар, балға т.б.
Пәнаралық байланыс:сызу , математика
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу;
Құрал-жабдықтарын дайындату;
Назарларын сабаққа аудару;
Үй тапсырмасын сұрау:
Құжаттық сызба туралы түсініктерін сұрау;
15-16,17-18 беттерді тексеру;
Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған . Механика құрал-саймандарға электр,ара,электр сүргі,электр бұрғы,электр пнегвматикалық ажарлау аспаптары жатады. Сендер технология сабағында  ағашпен жұмыс істей білу үшін, оын кесуді, тегістеуді, өңдеуді, қашауды, ойып өрнек салуды үйренгенсіңдер. әрине бұлардың барлығын құрал-саймансыз жүзеге асыра алмайсыңдар.. ағашты өңдеу жұмыстарына  қажетті құрал-саймандар: қол, ара, балта, кернеу қолданады.
Балтамен ағаш бұтақтарын шапса, қабығын әртүрлі қырғыштармен қырады. Ағаш кесуге қажетті құрал –қолара. Араның қалыңдығы әртүрлі болат жолақтардан жасалады. Оларды ТӨСЕМ деп атайды.
Төсем-өте қатты тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса , төсемнің тістері тез сынады.
Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады.
ағаш талшығын кеседі.
кесілген  пайда болған  ұнтақтарын сыртқа ысырып , шығарып отырады.
Ағаш кесу үшін араның әр түрін пайдаланады.  Ағаш талшықтарын кесу бағытына байланысты оны көлденеңнен , ұзын бойлы және аралас әдіспен кесуге болады.
Ара  тістері  өткір болу үшін , тістерін қиғаштап орналастырады. Жақ ра  ағашты үшбұрыш болса, ол бір бағытта ғана кеседі. Ағашты кескенде араны жұлқыламай, қатты салмақ салмай кеседі.  Ағашты кесетін жерін белгілеп алып , оны қыспаққа қысып, сол қолмен ұстап , оң қолмен кесу қажет. Қол арамен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн!
Сарамандық жұмыс:
Жұмыстың орындалу реттілігі:
Нұсқау картасын түсіндіру;
жұмыс барысында  техника қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру;
Материал таңдау, оған белгі салу;
сол белгілер бьойымен кесіп, дайындамаларды тазалау;
сапасын тексеру;
Жаңа сабақты бекіту:
Сабақты қорыта келе оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың сабаққа , жұмысқа ынтасын байқап, бағалау. Жұмыс орнын тазалау.
Үйге тапсырма: Түсінік айту. 19.20.21.беттегі суреттер салу.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *