Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Политехникалық колледж
Жанаргүл Бүркітова
Жаңаөзен политехникалық колледжінің
әдіскері
Әлеуметтік серіктестіктің сапалы мамандарды дайындаудағы ықпалы.
Қ.Р.-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Бізде мемлекеттік — жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» делінген.
Кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту, білім беруді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру өте маңызды мәселе, өйткені, ішкі еңбек нарығы жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланған кәсіптік және техникалық білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап етуде.
Инновациялық экономиканы құрастырудың қажетті шарты білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Оның басты факторы 2011-2020 жылдарға арналған кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы болып есептеледі. Кәсіптік және техникалық білім берудің заманауи үлгісін құру бағдарламасының жүйелік өзгешеліктерін негізі қаланды. Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет.Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптасады, оқу поцесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда өзбастақ шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады.
Жаңаөзен политехникалық колледжінде аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, білікті жұмысшы кадрларды бірлесе даярлауға жұмыс берушілерді жұмылдыру мақсатында әртүрлі істер жасалынуда. Әлеуметтік серіктестіктермен келісім шарттар жылда жаңартылып отырады. Оқу орнындары мен жұмыс берушілердің арасындағы келісім шарттардың негізгі белгілері:
- өндірістік тәжірибеден өту,
- оқу орындағы материалдық-техникалық базаны бекіту,
- түлектерді жұмыспен қамту.
Колледж түлектерін дайындауда тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер белсенді қатысып отырады. Мамандардың білім сапасын және кәсіптік шеберліктерін көтерудің бірден бір шарты өндірістік тәжірибені дұрыс ұйымдастыру мен өткізу болып табылады. Кәсіптік білім беру саласында және мамандар даярлау бойынша колледж, қала әкімшілік пен жұмыс берушілер арасында келісім жасалынған.
Барлық келісімдерде келісім жасау күндері белгіленген. Берілген келісімдер келесі кәсіпорындар және ұйымдармен жасалынған:
«Еврострой А» ЖШС, РД «Өзенмұнайгаз», білім алушыларды және педагог кадрларды кәсіптік тәжірибеден өткізу үшін 12 мекемеде: «Өзенгазсервис» МКК, , «Өзенинвест» МКК, «Өзенпромгеофизика» АҚ, «Кендірлі Құрылыс» ЖШС, «Құлагер» ЖШС, «МонтСтройКом» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, Дельта Банк, Казкоммерцбанк, Банк Центркредит, №33 Маңғыстау вагонды пайдалану депосы» АҚ, «ГлобалТранс Сервис»ЖШС, Интергаз Аймақ, мекемелерімен бірлесіп жұмыс жасау жолға қойылды.
«Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желілерінің, тауарлар үшін маңызды магистральдың салынуына, қаламызға қажетті әртүрлі құрылыс нысандарының бой көтеруіне байланысты, колледжімізде:
- 1108000 — Темір жол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық күту;
- 0416000 — Сәулет;
- 1401000 – Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану;
- 1201000 — Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандықтары ашылды.
Білім берудің түрлі деңгейлерінің қазіргі біліктерін ұлттық және халықаралық еңбек нарығында танылған біліктердің көпдеңгейлі жүйесіне бірігу шараларын жүзеге асырылып келеді.
Әлеуметтік серіктестікті нығайту үшін мемлекет меншіктік нысанына қарамастан, жекеменшік білім мекемелері мен мемлекеттік білім мекемелерінің құқықтары тең дәрежеде сақталса, оқу орындарының материалдық техникалық базасын күшейтуге, техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен қаржыландару көздері бекітілсе және де дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілсе – бұл жекеменшік секторлардағы жұмысшылардың әлеуметтік еңбекті қорғау кепілдігі мемлекеттік ұйым жұмысшылары кепілдігімен барабар болар еді.
Елбасының биылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында 10 бағытта қойылған талаптар мен тапсырмалар толық орыналған жағдайда, біз өміріміздегі оң өзгерістерді сезінеміз. Бұл үшін алғашқы екі бағыттағы іс-қимылды жандандыру қажеттілігі Жолдауда басымдық ретінде қарастырылып отыр. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов елдің барлық кәсіптік білім беру мекемелерінде дуалды оқыту жүйесін енгізуді ұсынды.
Осы ұсынысты қолдау мақсатында Жаңаөзен политехникалық колледжінде 2012-2013 оқу жылынан бастап, Облыстық білім беру басқармасымен келісе отырып, қос бағытты білім беру жүйесін оқыту үрдісіне енгізуге байланысты «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету», «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» . «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша эксперименттік жұмыстарын жүргізу жүргізу қолға алынды.
Дуалды білім беру дегеніміз, ол – техникалық-кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандарын даярлау деген сөз.
Дуалдық оқыту экспериментін енгізу алдында Жаңаөзен политехникалық колледж бен АО «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» филиалы «Маңғыстау жол бөлімшесі» әлеуметтік-серіктестік арасындағы өзара ынтымақтастықтың меморандумына қол қойылып, 2012-2013 жылдар аралығында дуалдық оқыту жүйесін жүзеге асыру бағытындағы қадам жоспары жасалды.
Жоспарға дуалдық оқыту жүйесі бойынша құжаттарды дайындау, 2012-2013 оқу жылында экспериментке ұсынылған мамандықтарға оқушы қабылдау, мекемелермен үшжақты келісім шарттар жасақтау, оқытушыларды білім сатысы оқуынан мекемеден тағылымадан өткізу жұмыстары енгізілді. Эксперимент ұйымдастыру барысында құзырлылық деңгейі кәсіби мамандар деңгейінен кем түспейтін, жан-жақты дамыған және түрлі жұмыстарды атқара алатын, сол саладағы жұмыс жүйесі туралы хабары бар, жұмыс бағытындағы жаңа мақсаттар мен өзгерістер жұмыс саласына тұтастай алғанда қандай әсер тигізетіндігі туралы түсінігі бар мамандарды даярлау мақсаты қойылды. Эксперименттің бірінші кезеңінде дуалдық жүйе бойынша оқытуды жүзеге асыру тәжірибесін зерттеу, мөлшерлік құжаттарды дайындау және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Жұмыс оқу жоспары жасалып, оқу циклына бөлінген жалпы сағат көлемін сақтай отырып, теориялық және тәжірибелік сағаттар бөлінісіне 20% көлемінде өзгерістер енгізілді. Сонымен біздің оқу орнында дуалдық оқыту жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары басталуда. Әлеуметтік серіктестік маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы үлкен күш, негізгі тірегі болмақ. Пән мұғалімдері мен өндіріс шеберлері өндірістегі жаңа технологиялық құрылғыларды игеру мақсатында білім көтеру курстарынан өтуде. Атап айтсақ ТОО «Глобал ТрансСервис» мекемесінен колледжіміздің арнайы пән оқытушысы, «Қазақстан темір жолы» мекемесінен Кошджанова Г.М. тағылымадан өтіп өз білімдерін жетілдіріп келді. Осы бағыттағы жұмыстардан басқа да әлеуметтік серіктес мекемелермен жалғасын табады деп есептейміз
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
[bws_related_posts]