Басы » Химия » «Жас химиктер» сайысы

«Жас химиктер» сайысы

ЭльвираҚостанай облысы, Рудный қаласы
Рудный құрылыс және көлік колледж
Мұғалім аты жөні: Еспенбетова Эльвира Туремуратовна
 Пән. Химия
Тақырыбы: «Жас химиктер»  сайысы    
Мақсаты:
1. Білімдік. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру, олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру.
2. Дамыту.Химия ғылымының қоғамдағы космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды  заттарды синтездеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, жаңа энергия көздерін табу, табиғи шикізат көздерін игеру, тұрмыста, медицинада т.б жерлерде қолданылатын химия өнімдерінің маңызын оқыту.
3. Тәрбиелік. Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін, маңызын айтып, оқушылардың химиялық білімдерін дамыту.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! Барлықтарыңызға белгілі  наурыз айында ай бойы жаратылыстану пәндерінің айлығы.Сол себепті біз 1 курс студенттерінің  теориялық білімдерін тексеру, олардың химия пәнін  игеруге деген қажеттіліктерін туғызу, ынтасын арттыру мақсатында сайыс өткізбекшіміз. Сіздерге  «ЖАС ХИМИКТЕР» атты  химия пәнінен өткізілетін сайысымызға қош келіпсіздер! деп,
Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
1-ші  тобымыз – «Протон» тобы
2- ші тобымыз– «Нейтрон» тобы
3-ші  тобымыз- «Электрон» тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен  таныстырып өтемін.
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең  «Таныстыру» топтың аты, ұраны,төс белгілері. (3 мин)
2 кезең «Мықты болсаң тауып көр» сұрақтар (10 мин)
3 кезең  «зерек болсаң шешіп көр» есептер шығару
4 кезең «кім жылдам» формулалар құрастыру (1 мин орындау 2 мин тексеру)
5 кезең «Полиглот» жеті жұрттың тілін біл (4 мин)
6 кезең «ойлы болсаң озып көр» топ басшыларының сайысы (3 мин)
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін  бастасақ.
Мұғалім: Сайысымыздың 3-ші кезеңінен кейін 3 кезең бойынша  аз ұпай жинаған топ сайыстан шығарылады.

1 кезең «Таныстыру» кезеңі әрбір топ өздерінің топ атын, ұранын, төс белгілерімен таныстырады. Таныстырудың мазмұнына, эмблеманың топ атына сай келетіндігі ескеріліп жоғары ұпай 5 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
«Протон» тобы
 «Нейтрон» тобы
                                                           «Электрон» тобы
1-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегі  сіздерде.
 2- кезең «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Алғашқы болып  протон  тобы таңдайды.

         №1 тапсырма

            Элемент         Теңдеу               Заңдар                  10                   20                        30

 

Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?

Жауабы: (М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен  реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар?

(22бей металл,87 металл)

Химиялық теңдеу –химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.

Сұрақ : Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер. (2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп,жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады)

 

№2 тапсырма

             Атом               Байланыс         Жылдамдық                 20                      10                       30

 

Мұғалім: Атом –заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген М.В.Ломоносов.

Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады және қайсысы зарядсыз?

(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро  протон мен нейтроннан тұрады. Нейтрон зарядсыз)

Байланыс: Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сұрақ: Ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс қандай байланыс деп аталады.

(Ковалентті полюссіз)

Сұрақ. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды ата.

(әрекеттесуші заттардың табиғаты,концентрация,температура)

№3 тапсырма

Химия          Периодтық жүйе             Химиялық формула  20                           10                                               30

 

Мұғалім:

Химия –заттарды олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты  ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты.

Сұрақ: Химия ғалымдарының  докторы,профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Ч.Усанович қандай теорияны ұсынды?

Жауабы: Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.

Мұғалім: Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев табиғи жіктеу арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін 1869 жылы жасады.

Сұрақ: І топтың негізгі топша элементтері қалай аталады?

Жауабы:  (сілтілік металдар)

Мұғалім: Химиялық формулалар –заттың  құрамын,химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Сұрақ: Зат мөлшерінің қандай формулалары бар және өлшем бірлігін ата.

Мұғалім: 2-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегі  сіздерде.

Мұғалім:  Есепте бар массада,

Шығады ол сасса да

Жауабын  сен табасың,

Қарамайсың басқаға.

Формуланы табуға,

Үлесші дұрыс тануға.

Талабыңды көрсетші

Ойың бар ма тануға    деп сайысымыздың «зерек болсаң шешіп көр» кезеңіне   береміз. Мұнда  әрбір топқа 1 есеп және химиялық  реактивтер беріледі. Осы реактивтерді пайдаланып, тиісті реакцияларды жасап, теңдеулерін жазу керек. Дұрыс жауап үшін 5+5 екі тапсырмаға 10 ұпай беріледі.

Протон тобының тапсырмасы:

1)6,2 кг фосфор жанғанда  неше грамм  фосфор  (v) оксиді түзіледі?(14,2 г)

2) Натрий гидроксиді,мыс (ІІ) хлориді.

2NaOH+CuCL2→ Cu (OH)2↓+2NaCL

 

Нейтрон тобының тапсырмасы:

1)  Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап.(4 моль)

2) Калий карбонаты,барий хлориді

BaCL2+K2CO3→2KCL+BaCO3

Электрон тобының тапсырмасы:

1)  3,5 моль көміртегі (IV) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

2)  Натрий гидроксиді, күкірт қышқылы

Мұғалім: 3-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегі  сіздерде.

Мұғалім: 1-ші,2-ші, 3-ші  кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз топ ойыннан шығып,көрермен ортасынан  орын алады.

4 кезең «кім жылдам» формулалар құрастыру

Тақтада формулалар жазылып тұрады. Қатысушылар жылдам формула құрастыру керек.

Формула дұрыс құрастырылса жоғары ұпай 5 ұпай.

Нейтрон тобы

Ba    Na    Mg    C                Al2 O3,   Ba(OH)2,   Na NO3, Ca3(PO4)2, C O2, Mg(OH)2,

Al2    (OH)2    (PO4)2

Ca3    NO3    O2   O3

Протон тобы

H2    Fe2  Ca   Cl3                         H2 O, Fe2O3, Ca(OH)2,  AlCl3, Na2O,  FeS,

Al     Na2   O  Fe

(OH)2     S    O3

Электрон тобы

H     S    O₂      Fe₂               HCl,   SO₂,   Fe₂(SO₄)₃,  Мg(NO₃)2 ,  CuO, NaCl.

Na      (NO₃)2    Cl

(SO₄)₃    Cu   O  Mg

 

5 кезең «Полиглот» жеті жұрттың тілін біл.Бұл кезеңде жұмбақтарда берілген элементтерді тауып, қазақша, орысша, латынша атау керек. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.

1)Ең жеңіл элемент саналады

Периодтық жүйе осыдан бастау алады (Сутек, водород, гидрогениум)

2) Өзі ауыр металға жатады

Балалар осы металл құйған сақамен атады (Қорғасын – свинец- плюмбум)

3) Машина мен трактордың жаны,

Қара металлургияның наны (Темір, железо, феррум)

4) ауа шарлап кезеді

Таза күйде пайдасыз

Білгіш болсаң айтағой

Қосылысы-өмір өзегі.  (азот, азот, нитрогениум)

 

6 кезең «ойлы болсаң озып көр» капитандар сайысы. Мұнда екі топтың басшысына бірдей кроссворд жасырылады кім бірінші және дұрыс шешкеніне қарап ұпай беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріліп топқа қосылады.

 

Мұғалім: Сонымен  соңғы кезеңнің қорытындысына тоқталып, әділ-қазыларға сөз кезегін берсек.

Мұғалім: Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жас химиктерді-   танытпасақ бола ма?

Мұғалім: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Жас химиктер»  сайысы өз мәресіне жетті.Жеңімпаздарға

алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Назарларыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *