Басы » Баяндамалар » Оқу сауаттылығын арттыру

Оқу сауаттылығын арттыру

акмарал  №1 мектеп-лицейі

Кадирова Акмарал

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады,»- деген данышпандарымыздың пікірінесәйкес, қазіргі таңда жаңа заман ағымына сәйкес, өзіндік жаңа білім саласында түрлі дамыту істерінің өркендеп келе жатқаны баршамызға аян.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу шапшаңдығын арттырудың маңызы өте зор. Оқу сатысын жетік меңгерудің алғашқы сатысы 1-сыныпта әліппе кезеңінен басталады. Оқушы 2 немесе 3 дыбыс әрпін үйренгеннен кейін-ақ жеке-жеке әріптеп оқытпай,неғұрлым буындап оқуға дағдыландыру қажет.
Тез оқудың жан-жақты білім алудағы маңызы зор. Ол өмірдегі толып жатқан ақпараттарды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді, уақыт үнемдеуге көмектеседі. Сондықтан оқушыны шапшаң оқуға жас кезінен бастап дағдыландырған жөн.
Шапшаң оқуға қойылатын талаптар:
— Тыңдаушыға жетік ақпараттың түсінікті болуы;
— Әрбір сөзбен дыбыстың анық айтылып, құлаққа жағымды болып естілуі;
— Дауыс ырғағы-интонациясының сөйлеу мазмұнына сай болуы;
— Сөйлемдегі сөздердің дербес айтылуы;
— Сөздер арасында кідіріс жасалмау;
— Сөйлем құрамдарын еркін меңгеру;
— Түсініксіз сөздер мен сөз оралымдарының кездеспеуі үшін жұмыс істеу;
— Мәтін жолдарын тұтас, еркін көру және көздің алға жылжуын қадағалау.
Шапшаң оқуға дағдыланғанда ғана оқушы төмендегідей жетістіктерге жете алады:
1. Мәнерлеп оқуды меңгереді. Сөйлем түрлеріне қарай, мәтін мазмұнына қарай әуезділікті сақтай отырып оқиды.
2. Оқығанын көз алдына елестете алу қабілеті артады. Әртүрлі сезімдерге беріледі. Қиялдау қабілеті дамиды.
3. Тақырып соңындағы тапсырмалармен емін-еркін жұмыс жасайды.
4. Үй тапсырмасын оқып, дайындалғанда уақыт үнемдейді.
Тез оқитындардың көру көкжиегі кең. Шапшаң оқып көру көкжиегін кеңейтудің құпиясын меңгерту бастауыш сыныпта-ақ басталады. Оның ізденістері төмендегідей:
Бірінші: Артикуляциямен, яғни дауыстап оқу.
Екінші: Артикуляциясыз оқу, яғни үнсіз көзбен оқу.
Үшінші: Алгоритм бойынша оқу. Алгоритм дегеніміз –жүйені рет-ретімен орындау әрекеті.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *