Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жабайы аңдар. Сын есімнің шырайлары

Жабайы аңдар. Сын есімнің шырайлары

Ерейментау аудандық білім бөлімі
Павловка орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жакишева Айман Тлеутсовна
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Сын есімнің шырайлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жабайы аңдар және сын есімнің шырайлары  тақырыбы  бойынша білімдерін қайталау. Өздіктерінен  ізденулеріне
мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы ұйымшылдық қабілеттерін ояту. Әр оқушының қабілетін дамыту, өзін-өзі басқарып, пікірін қорғап, дәлелді сөйлеуге  дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бір-бірінің пікірін сыйлауға, табиғатты, жабайы аңдарды   қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері: жабайы аңдар туралы қосымша түсінік
алады, сын есімнің шырайларын айыра алады, топта талдау жасай
алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық, сұрақ-жауап, рөлдік.
Жаңа технология элементтері: сын-тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту,
жас ерекшеліктеріне байланысты, білім беру үшін бағалау және
оқуды бағалау, білім беруде АКТ пайдалану, талантты және
дарынды балаларды оқыту.
Сабақтың көррнекілігі: кеспе карточкалар, суреттер, интерактивті тақта,
флипчарттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:

Амандасу.
Психологиялық ахуал. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.
Біз күнде аспанға қарағанда не көреміз? Күннің көзі бізге не береді? Күннің көзі бізді қалай жылытады? Олай болса, жүректерімізді ұстап , жылуын сезінейікші. Жүрек жылуын бір-бірімізге берейік. Оқушылар жылы сөздер айтады.
Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сөздерді сұрау.
Жаңа сабақ.
2 флипчарт. Жадыңда жүрсін!
Ассоциация.

Жабайы аңдар

«Жабайы аңдар» сөз тіркесін естігенде қандай сөздер естеріне түседі? (Оқушылар өз ойларын тақтаға жазады. Әр оқушы өзінің бұл сөзді неге жазғанын түсіндіріп береді.)

3 флипчарт. Сахналық көрініс.

«Бауырсақ» ертегісінен үзінді көрсету. Ертегі көрсетіп болған соң, бұл ертегі оқушыларды неге тәрбиелейтінін сұраймын.

 

4 флипчарт. Қайталау – оқу анасы.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын лупа арқылы тексереді.

  • Сын есім дегеніміз не?

  • Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

  • Сын есімнің шырайлары?

  • Сын есімнің жай шырайы қалай жасалады?

  • Сын есімнің салыстырмалы шырайы қалай жасалады?

  • Сын есімнің күшейтпелі шырайы қалай жасалады?

  • Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

5 флипчарт. Семантикалық картамен жұмыс. Оқушылар орындарында отырып орындайды. Орындап болған соң, тақтамен тексереді.

Сын есім

шырай

Үлкен

Үлкендеу

Өте әдемі

Күштірек

Әп-әдемі

Ұсақ

Жай

Салыстырмалы

Күшейтпелі

7 флипчарт. Білгенге — маржан.

Топтық жұмыс.

  • Оқушыларды сын есімнің шырайлары арқылы  екі топқа бөлу. (салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай).

  • Тренинг. Бір-бірінің арқасына сурет салып, топтық жұмыста бір – бірін түсініп, сезіп, пікірлерін сыйлау үшін тренинг өткіземін. Соңғы тұрған оқушыға тапсырма беріледі. Ал топ мүшелері бір-бірінің арқасына суреттеп салады. Осылай бірінші тұрған топ мүшесі ол суретті қағазға түсіру керек. (күннің көзі, үй)

«Күшейтпелі шырай» тобының тапсырмасы. Жабайы аңдардың зияны туралы мәлімет дайындайды.

«Салыстырмалы шырай» тобының тапсырмасы. Жабайы аңдардың пайдасы туралы мәлімет дайындайды.

Бағалау тәртібі бойынша бағалау. Әр топ өз жұмысын бағалау тәртібі бойынша бағалайды.

8 флипчарт. Бағалау тәртібі:

  1. Топ ережесін сақтау – 1

  2. Жауаптары тақырыпқа сай болу – 2

  3. Стилистикалық қателер жібермеу – 2

9 флипчарт. Сергіту сәті. Қоянға сипаттама беру.

10 флипчарт. Оқулықпен жұмыс.

11 флипчарт. Зерделі сөзге зер сал.

Мақал – мәтелдерді толықтыру. Мағынасын ашу. Сын есімдерге морфологиялық талдау жасау.

  1. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

  2. Балалы қоян қаша алмайды.

  3. Айлалы түлкі алдырмас.

  4. Мықты қасқыр – тай құнанға шабады.

Мықыр қасқыр – қозы, лақты қағады.

12- флипчарт. Сабақты қорытындылау.

Білім сыны.

Оқушыларды екі топқа бөлу.  1- топ «Жабайы аңдар» және 2-топ «Үй жануарлары» Екі топ бір-біріне  сұрақ қойып, жауап береді.

Рефлексия. Не білдім? Не білгім келеді? Не қиындық тудырды? Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.

Үйге тапсырма. Сын есімдірді қатыстырып жабайы аңдар туралы мәтін құрастыру.

Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *