Басы » Ғылыми жобалар » Киік – киелі аң

Киік – киелі аң

СалимҚарағанды  облысы Жезқазған қаласы
№1 орта мектебі 1 «Б» сынып оқушысы
Абуталип  Абдисалим Жанатұлы
Жетекшісі: Жандилдаева Жумагул  Төлепбайқызы.
Тақырыбы: “Киік – киелі аң”
Мақсаты:
Киік — қазақтың киелі жануары жайлы мағұлмат беру. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Алайда табиғат қорғаушы қоғамдық ұйымдар заңсыз аңшылықтың салдарынан әлемде тек Қазақстанның шөлейт аймақтары мен қалмақ даласында ғана кездесетін киіктер жойылып кету алдында тұрғанын айтады. жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру ісімен танысу.

 

Міндеті: 1.Киік жануары жайлы негізгі түсінік беру

2. Қазақстанда күрт кеміп отырған бөкендер санын анықтау

3.Киелі жануардың емдік қасиеті

4.Бөкендердің жауы — браконьерлер;

Өзектілігі:  Киік — даланың киесі, символы. Киіктің  киелі  жануар екенің тереңірек  білу

Күтілетін нәтиже:

       Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған.

Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.

Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық.

 Кіріспе

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының  бөкендер туысына жататын, тұлғасы  ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары.

Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған.

Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді.

Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады.

Негізгі бөлім:

Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды.        Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді.

Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.

Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір олардың да саны азайды.

Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді табиғат қорғаушылар.

Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ.

Ауылшаруашылық министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің өкілдері осылай деп отыр. Мұны зертхана қорытындысы көрсетіпті. Естеріңізге сала кетейін, Батыс Қазақстанда ақбөкен басы өсіп келеді деп ауыз жиып үлгермедік. Былтыр ғана саны 26 мыңға жеткен киіктер осы айдың ортасынан бастап түсініксіз себептермен қырылып жатыр. Соңғы есеп бойынша, 3 мың екі жүзден астам өлексе табылған. Қазір қынадай қырылған Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ залалсыздандырылып жатқан көрінеді. Ал, жұқпалы аурудың жаппай таралуы мен одан келген зиянды анықтап, дертті жоюмен министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.Ол үшін біздің жағдайдағы ең қолайлы шара — киіктер келгенше олар жейтін қауіпті аймақтағы шөпті орып тастау керек.

 

Ал орылған шөпті киіктер жемейді. Олар шабылған шөпке қарағанда, өсіп тұрған  шүйгін шөпті іздейді. Қауіптің алдын алудың тағы бір тәсілі — шөпті гербицидтермен  залалсыздандырып, басқа шөп егу. Бұл әрине мемлекетке қымбаттау түсуі мүмкін. Ал жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес»,деп  ойлаймын

Қорытынды

«Қазақ жеріндегі киіктерге сан жетпейді. Оралдың төменгі ағысына келіп, теңізге құлаған ақбөкендерден өзен суы көрінбей қалды» П.Рычков. 1772 жылы киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.

Пайдаланылған әдебиет

Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *