Нар көтермес ауыр жүкті көтерген,
Еңбегі ерен, баға жетпес кең өлшем.
Ұстаз деген ұлағатты есім ғой,
Бар еңбегі маңдай термен өтелген.
Әрбір шәкірт тек өзінің баласы,
Көзінің нұры, ағы менен қарасы.
Кең пейілді, ақ жүректі, дария,
Ұстаз-ана. Адамзаттың данасы.
Әр жүрекке білім нәрін құятын,
Бал арадай тынымсыз нәр жиятын.
Аяласақ аялайық әр ұстазды,
Шәкірт үшін бар өмірін қиятын.
Алтын Көндей
Жаксы олен екен
Ұстаздық еткен жалықпас, деп бекер айтпаған ғой. Ұстазсыз елдің күні қараңғы екенін білсе де…