Әдебиет әлемі

райханҚ.Шайменов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жағалбайлы Райхан Оспанқызы
Сыныптан тыс жұмыс
Сайыс сабағы: Әдебиет әлемі
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.                                                                                       3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу
Туған тілім –тірлігімнің  айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе  тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- демекші Тіл — өте  маңызды  құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге  жеткізе алмас еді.Өткен  тарихымыз, халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай , әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-ның мемкеттік тілі қазақ  тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру — ҚР-ның  әрбір азаматының парызы.
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде ,
Өзіндік иенің үнім бар, — дегендей, білімпаз жастар ортаға шығады
Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс төрт асудан тұрады.
І тур.   Ой анықтау.
ІІ тур.   Ой зерделеу.
ІІІ тур. Ой жалғау.
ІV тур. Ой іздену.
V тур. Полиглот
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Бір бірімізге күлімсіреп қарайық,
Бір жадырап қалайық!
Тілек тілейік бір бірімізге
5  болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.

Халық ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіндер?
Батырлар жыры деген не?

Әсірелеу деген не?.
Тайбурыл – қай батырдың тұлпары? .
Теңеу дегеніміз …..
Ертегілердің түрлерін ата….
Айтыстың қандай түрлері бар?
Ахмет Байтұрсынұлы кімнің мысалдарын аударды?
Қарабатыр ертегінің авторы кім?.
10. Мәтін деген не?
Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?
Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады
3  Аңыз дегенді қалай түсінесіндер?
4   Эпикалық жырлар деген не?
5  Қорқыт ата қай ғасырларда өмір сүрді және ол кім?
6.Шешендік сөздер деген не?
Мысал деген не?
Диалог деген не?
Ең жақын кім адамға? ертегінің авторы.
Мәтіннің түрлерін ата?
ІІ тур. Ой зерделеу.
Бұл – қай шығармадан?
1. Күншуақ елінің ғажайып табиғатынан да бұрын,байлық берекесінен де бұрын,ынтымақшыл бірлігінен де бұрын өзге жұртты қызықтыратын бір ерекше қасиеті болыпты.Ол- жігіттері шетінен еркөңіл,жаужүрек болса,қыздары ақылына көркі сай,өңкей бір аққудай арулар.Ал қартайған ата- аналары ақыл- парасатымен қадірін арттырады екен. Күншуақ елі ешбір жерге қызықпапты, өйткені өз жерінің көрек-келбеті ешкімнің жерінен кем емес екенін мақтан тұтыпты.
2.Баяғы заманда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей адамдар екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, Қасен өзінің азғана  малын бағып,күндерін көріпті.   ……..
О, тақсыр, мына бейшара құстарды осыншама қинаған кім? Мұны қайда апара жатырсыз? –деп сұрайды. Керуенбасы:
Біз хан сарайына бара жатырмыз. Бұл құстар –ханның соғымы.Сол құстар үшін бізге бес жүз ділда береді,- деп жауап қайырады.
3.Жарайды,- деп, қасқыр құла атқа құйрығынан мықтап тістетеді де, құдықтан шығарып алады.Аяғымен тырналап батпағын тазалайды.  …..
4.Әл- Фараби бір күні базарға барса,өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып,әр түрлі өнер көрсетіп отырады. …….
5.Шу десе, Шұбар жүрмеді,
Қалшиып қарап тұрады.
Жалмауыздай емініп,
Екі аяғын тебініп,
Шұбарды бала ұрады……
6. Осы біздің заманда:
Орманда,
Ашық алаңда
Болып өтті жиналыс
Ой саларлық адамға.
Асықпады, саспады,
Сөзді  арыстан баста
ІІІ тур. Ой жалғау.
Өлеңді жалғастырып айт
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің ……..
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің …….  бол. Төле би

2. Ғылым таппай мақтанба
…………………………………….
ІV тур. Ой іздену
1 топқа:
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ  жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.
2 топқа:
«Қ» — әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны  сызып  тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал

Бұл не деген жұмбақ?

А Ғ Б Р У,

О Ы О Ш Ы

Ш Ы Ж Л К

П З С Й Е

Б Л Е Д С

Л А І І Ө Л Й І

Я Ы І Е Қ

Л Ж Қ И Р

ИР О Ы Ө

Ө І Ө Л Й

І М Й І А

Ғ Н З С Й Е Д

 

Келесі 3 кезеңіміз Полиглот. Дұрыс жауап-10 ұпай.

1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.   Еңбек-труд

2.Тіл бас жарады,бас жармаса тас жарады.  Тіл ,язык

3.Отан-отбасынан басталады. Отан-Родина

4 Өнер алды қызыл тіл өнер ,искуство

5.Ақыл-азбайды,

Білім-тозбайды. Білім-знание

6.өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын. Сөйлем-предложение

Сабақты бекіту.  Әділқазыларға сөз. Мадақтау қағазы.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *