«Алаш» идеясы — Қазақ идеясы
Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) деген ұғым бере отырып Ерте заманда, түркі халықтары әліде бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым.Ал, орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаша аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, “Алты Алаш” деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Яғни қазіргі қазақ халқының негізі осы Алашқа апарады.
Ата, алты алаш деген кім? Алты алаш – Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылған. Яғни оғыздың балалары. Жалпы менің өз пайымдауымша қазақ халқы ұлт болып қалыптасқанға дейін біздің территориямыздағы мекен еткен тайпалардың ортақ атауы Алаш болды. Ал, ХХ ғасыр басындағы қазақ халқынан шыққан оқыған тоқыған азаматтардың басын біріктіріп ұлттық идея ретінде пайда болған ол Алаш қозғалысының әрекеті.
Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Сондықтанда интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал — айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты. Алаш зиялылары әуел бастан аралда жатқан Күншығыс халқына қызығушылықпен қарапты. Өткен ғасырдың 17-нші жылы өткен Қазақ құрылтайында ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов өзі ұсынған бес тұжырымдаманың бірі ретінде: «Тәуелсіз ғылым мен ұлттық дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру» дегені – осының бір нышаны. Мәселен, Міржақып Дулатов «Оян, қазақта» орыс пен жапонды салыстыра келіп, самурайлардың тектілігіне сүйсінеді. Жүсіпбек Аймауытов та «Ұлтты сүю» атты еңбегінде: «Ұлтшыл жұрт – Жапония. Олардың баласы жасынан ұлтым деп өседі. Есейген соң бар білімін өз жұртының күшеюіне жұмсайды», деп жазды. Алаштың аманатын арқалаған Мұхтар Әуезов 1918 жылы жазған «Жапония» атты мақаласында «Жапон халқының – тарамыс жігерлі, зейінді жұрт» екендігін зерделейді. Ал, қазіргі Жапон мемлекетінің әлемдік аренадағы орнын алаып қарайтын болсақ, әлемдік даму деңгейімен салыстырсақ әлемдегі алдыңғы 3 мемлекет қатарында. Сонда алаш арыстарының осы мемлекет үлгісінде дамытуды неге үлгі ретінде таңдады? Әрине бұл Жапон елі отарлаудың ойранының тісі батпаған ұлттық каллориясынан ажырамаған ел еді.0
Алаштықтардың толқыны саясат сахнасына келуімен ХХ ғасыр басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алды. Мәселен Ресейдің іргелі оқу орындарында Қазан, Петербор университеттерінен білім алған Ә. Бөкейханов, М, Шоқай, М. Тынышбаев, Б. Қаратаев т.б. Алаш арыстары барлығы «Алаш» туы астында бірікті. Бұл азаматтардың барлығы да өздерінің қандай жолға түскенін кіммен не үшін күреске түскенін саналы түрде түсіне отырып өздерінің жандарын тәуекелге байлағанын түсінді. Сондай-ақ өздерінің қатарына қосылушыларға яғни Алаш қозғалысының мүшелікке өтетіндерге мынадай талап қойды «Алаш» бағытынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық туысқа бүйрегі бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды» деп, нақпа-нақ көрсеткен еді.
1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін қазақ зиялылары жеке мемлекет құрудың, автономиялы республика орнатудың қажеттігін толық түсінді және аумалы төкпелі кезеңді өз мүмкіндіктерін толқы пайдалануға тырысып бақты. . Осы жолда қандай қиындыққа тап болса да қажымай еңбек етті. Мұндай мүмкіндік ғасырда бір туатынын бағамдай алды. Олар қазақ халқының аузын аққа жеткізіп, басына бұғауланған бодандық ноқтасын сыпырып тастау өздеріне берілген міндет деп ұғынды. Осы орайда ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың:«Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпеген де болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» дегенін бүгінгі ел ағаларының бірі ұғар бірі ұқпас.
Осы Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің шаңырағы астына біріккен ұлт зиялылары шын мәнінде қазақ ұлтының тарихында қайталанбас тұлғалар еді.
Осы орайда, «Алаш арыстарының күрес жолындағы мақсаты не?» деген заңды сұрақ туады. Олар әуелі, ұлттын отаршылықтан босатып, орта ғасырлық мешеуліктен құтқармақ болды. Мысалы: Ахмет Байтұрсыновтың, мешеу, мәдениетті төмен жұрт аңқау, ақ көңіл, алданғыш, сенгіш келеді, деп айтуында үлкен мән жатыр. Яғни қазақты құлдықтан құтқару үшін қызмет еткендерін Ахметтің мына айтқансөздерінен ағрауға болады «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері қазіргі қазақ халқының ұлттық рухын көтермекке керек.
Бірақ сол заманда халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды.
Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны толастамады. Олдардың соңынан ерген Қ. Сәтбаев, М. Әуезов сынды қайраткерлер жас болғандықтан аман қалды. Кеңестік қызыл жендет Алаш қайраткерлерін қалың қазақ ортасынан алып кетседе олардың идеясы ешқашан өлген емес. Олардың ұстанымдар осыдан 90 жыл бұрын Алаш арыстарының бағдары болған. Бұл бағдар арман күйінде қалды. Меніңше қазіргі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік идеясының іргетасы осылай болуы керек сияқты. Алаш идеясы, Алаштықтар арманы бізге және болашаққа аманат.