Басы » Баяндамалар » Қалай дамыта және нәтижелі оқытуға болады?

Қалай дамыта және нәтижелі оқытуға болады?

Қарағанды обл
Нұра ауданы
Қ.Шайменов атындағы орта мектебі
Жағалбайлы  Райхан Оспанқызы

Тақырып: Қалай дамыта және нәтижелі оқытуға болады?

        Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға мәлім.                                                                                                                  Бастауыш сыныптарының  басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта өзім  сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте боламын. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет екенің біле отырып өзіндік ізденістерге талпынып отырамын.    Тіл дамыту,көру білу, бақылау,салыстыру көрген құбылыстарын ретке келтіріп ойлана білумен ұштасады. Оқушылардың ойы мен сезімін байыту арқылы ғана олардың тілін дамытуға; тілдік құралдарды меңгеруге, байланыстыра сөйлеуге үйретеді әр мұғалім.                                                                                                                         Тіл дамытудың алғашқы кезеңінде оқушыларды тыңдай білуге үйретудің маңызы зор. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдап, оған еліктеп, тіл үйренеді,сондықтан ұстаз қысқа да болса қызықты әсерлі әуенмен,көтеріңкі дауыспен сөйлегені жөн және мұғалім оқушылардың ойын, сезімін, қиялын дамытып, алған әсерін өз тілімен еркін айтып беретіндей дәрежеге жеткізуі тиіс,олай етпейінше тіл дамыту міндеті іске аспайды,- дейді әріптестерім. Өз ойын жеткізе айту, сөздік қоры да байымайды, өспейді.Сондықтан да сөйлеу білу – күрделі құбылыс. Мұнда фонетика мен лексика,морфология мен синтаксис, орфография мен пунктуация қамтылады. Барлық пәндерде оқушылардың тілін дамыту үшін оларға, сөз, сөйлемді дұрыс айту, оқу,заттарды,белгілі бір құбылыстарды суреттеу, ойын байланыстырып, жан-жақты толықтырып айта білуге үйрету   мақсаты көздеу керек деп  ойлаймын.

1

 

Оқушының өз ойын, алған әсерін, түсінікті етіп айтып беруі әрқашан сәтті шыға бермейді. Сондықтан  оқушының оқығанын,естігенін,көргенін ауызша әңгімелеп беруін, әр сөздің мағынасын толық түсінуін мұқият қадағалау керек деп ойлаймын мен. Сонымен бірге өзім оқушылардың сөздік қорын  анықтап, мүмкіндігінше кеңейтіп, жеке сөздерден сөйлем,сөйлемдерден мазмұны жеңіл текст құруға, түсінігін мазмұндап айтуға жаттықтырғанын қадағалап отырамын.                       Оқушылардың білуге, тануға деген мүмкіншіліктері мен ынтасын толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ үстінде алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін, сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыстағы көргенін, айналадағы дүниені қалай қабылдағанын бала ойын арқылы көрсетеді. Ойын балалардың өмір тіршілігі , еңбегі, іс-әрекеті. Ойынның қай түрін алсақ та, балалардың өсіп жетілуіне, ойлау қабілетінің дамуына, сөйлей білуіне зор әсер ететінін көреміз. Ойын оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады, түсінбегенді түсінуге мүмкіндік туғызады. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы және  тест әдісін қолданып отырамын. Бұл сабақтарда көрнекіліктерді көру арқылы балалардың есте сақтау қабілеті артады, әрі көп бала сабақта белсенділік танытады.

Сондықтан өзім сабақты оңайдан бірте-бірте қиындата түскені жөн көремін. І,ІІ,ІІІ сыныпта әліппе, қазақ тілі сабақтарында  жүргізілетін ойын  элементтерінің кейбір түрлерін қалай сабақ үстінде пайдаланып келемін.

 1. «Қай әріпті жоғалтым?». Бұл ойынды бірінші сыныпта дыбыс пен әріптерді өткен кезде пайдаландым. Доп,шар,шағала,емен,текемет т.б суреттерінің  астындағы сөздердегі  Д..п,  ша…, ша…ала, ем..н,те..емет көп  сөздердегі нүктенің орнына тиісті әріпті тез тауып жазған оқушы ұтады.

2. «Қай буынды жоғалтым»,, «Ойлан» ойындары. Буындарды өтіп,сөздерді дұрыс бөлуге төселдіру үшін алғашқы ойын тәсілін  пайдаландым.Мысық,кептер,әже,торғай  сөздеріндегі   Мы….., кеп…, ә…,  …ғай жазылмаған  буындарды дұрыс ,тез, көп тапқан оқушылар ұтады.

2

3. Оқушыларға өздігінен ойланатындай жұмыс істетіп,олардың тапқырлық дағдыларын,ойлау қабілеттерін арттыру мақсатымен мынадай грамматикалық ойын ұйымдастырдым.

а) Мына дыбыстардан сөз құрастыру:  б,л,а,а; р,д,е,ә,т,п ;р,е,к,ы,ш,р,а,ғ,е,т.б .

ә) Ж-дан басталса,жыл мезгілі. Қ-дан басталса ,онда құс.Бұл қай сөздер?

4. «Бұл қалай өзгерген?» ойынын бірінші сыныпта дыбыстар мен әріптердің дауысты, дауыссыз және жуан-жіңішке болып бөлінуін өткенде, салыстыру жолын қолдандым. Ойынды жүргізгенде, сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аудардым.

А) Көмір-өмір, сана-сона, қара-қала, бала-дала,тон-том.

Ә) Шар-қар, таға –жаға,  күлкі-түлкі, бор-тор, түс-тұс. « А» — топтағы сөздер жазылған таблицаны іліп қойып,сөз  ішіндегі дауысты дыбыстың өзгергенін, ол дыбыстың өзгеруінен сөздердің қандай мағынаға ие болып тұрғанын таптырдым.  «Ә» — топтағы сөздер жазылған таблицада  берілген  сөздерден дауыссыз дыбыстардың да өзгеруінен ол сөздердің мағынасы әр түрлі болып кететіні түсіндіріліп, әр сөздерден әріптерді естілуі бойынша дұрыс жаза білуге  дағдыландырдым. Салыстырмалы ойнау  барысында әрбір қатар сөздердегі қай әріптердің өзгеруі нәтижесінде сөз мағыналарының қалай өзгергенін дұрыс айтып берген бала ұтқан болады.

5. Екінші сыныпта  заттың санын білдіретін сөздерді өткенде, оқушыларға  сурет салынған карточкалар таратып, «Суретті билет» ойын өткізіп ,ондағы суреттер бойынша оқушылар  сөйлемдер құрып,сан есімді табады.

6. «Үндемес ойыны». Мұны сөйлем және сөйлемдегі сөздердің байланыс тақырыбын өткенде, қайталағанда жүргіздім. Оқушыларға   орны ауысқан  сөздер мен сөйлемдер жазылған карточкалар беріп, оларды дұрыстап жазуға тапсырыс берілді. Оқушылар қолдарына берілген карточкалардағы  сөздер бойынша дұрыстап сөйлем  құрап болған  соң,үндемей қол көтереді. Ол бала мұғалімнің рұқсатымен тақтаға жазса, басқа балалар алақандарын соғып, дұрыс жазылмаса, басқа бір оқушы тақтаға келіп , дұрысын жазып береді.Ойынның түрі көп-ақ, солардың бірі- сөздік ойындар.                                                                                                                                                                                                   Мысалы, тағы да бір өзімнің педагогикалық практикамда тіл дамытуға мынадай жаттығулар орындаттым. Тақтаға әріп (…. үн  (к) тастап жазып,бос  орынды толтыруды ұсынамын. Бұл ойлануға мүмкіншілік туғызады. Себебі ол сөздер баланың күнделікті өмірде кездеседі. Осылайша жұмысты бірте-бірте күрделендіріп,сирек кездесетін сөздерді пайдаланамын.

3

Сирек қолданылатын сөздерді пайдалану баланы ойлануға,өзіндік сөздік қорынан сөздер іздеуге мәжбүр етеді. Сол арқылы оның тілі дамып,сөздік қоры артады. Тіл дамыту жұмысы оқушының жасына, сыныбына, сөздік қорына қарай  байланыстырып сөйлеумен тығыз  байланысты. Мысалы, 2 сыныптың  оқушысы үшін төрт-бес сөйлемнен тұратын текстің мазмұның ауызша айтқанда,ондағы сөйлемдердің орнын ауыстырмай, баяндалатын уақиғаның жалпы сырын бұзбай, байланысты жеткізе білу тіл дамыту жұмысымен ұштасады.

«Өнер алды –қызыл тіл» деп, халқымыз бекер айтпаған. Мәдениетті сөйлеу білу-үлкен өнер. Мысалы, «Ненің бұтағы?» деген ойын балалардың ойлау қабілетін дамытады. «Сөйлем ойла», т.б. ойындар сөздік қорын  молайтып, көркем сөйлей білуге  дағдыландырады. Бұл ойындар алғашқы кезде өзімнің басшылығымен өткізілді де, үйреніп алғанан кейін оқушылар өз бетімен ойнай берді. Сөздік ойындарды ойнату үшін арнаулы орын іздеудің қажеті жоқ. Үйде, аулада,үзілісте, сыныпта ойнай беруге болады. Ойынның бәріне ортақ бір талап қойылады. Ол-дұрыс сөз тауып, орынды қолдану, анық айту. Бұл үшін  жиілік сөздіктен ең жиі қолданылған сөздерді алып пайдаланамын.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Мысалы, математика пәнінен өзім өткізген «Жас математик»  «Саяхат сабағы» сабағын алайын. Мұнда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын меңгерту көзделеді. Сабақ қосу, азайту, көбейту, бөлу тәсіліне арналды.

Математикалық фокус, викториналар,ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеудің  нәтижесін, оның қызық та қиын екендігін, көп іздену керектігін дәлелдейді. Оңайдан қиынға, ауырдан жеңілге ұстанымын сақтап, алдымен жеңіл ребус, сөзжұмбақтар, т.б. құрастырып, бірітіндеп күрделендіре түсемін.Бұл ойындардың балалардың пәнге деген ынтасын арттыратыны даусыз.

Сабақты  түрлендіріп өткізу оқушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпты терең  меңгертуге мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге үйрету- олардың сабақ үстіндегі белсенділігін арттырады. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланған бала кездескен қиындықтарды жеңе алатын, алға қойған мақсатына  жетпей тынбайтын азамат болып өседі.

4

Бастауыш сыныптарында оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысын барлық сабақтарда іске асыруға болады. Өзім үнемі қолданып отырамын қазақ тілі, математика пәндерінен өзіндік жұмыс дәптерін. Оқушылар қосымша сабақ, сабақ үстінде  өзіндік жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындайды.Тағы бір айтарым оқушылардың тілін дамытуда көрнекіліктің орны ерекше. Көрнекілік олардың сезімі мен қиялын оятады, ойландырады, ойларын жинақтап айтуға дағдыландырады. Бүгінде  оқыту жұмысын  осылай  ұйымдастыру мен әдістің  жаңалығы басқа  ұстаздардың  жаңа жағдайға байланысты  оқу-тәрбие  процесін шығармашылықпен  пайдаланудың  негізгі  өлшеміне айналуда. Оқытудың  жаңа инновациялық  әдістері  мен  пәнге  байланысты   жаңа технологияларды  пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым  латын тілінде жаңарту,  жаңалық,  өзгеріс енгізу деген  түсінікті  білдіреді.  Оның  мәні – білім беруге және  өздігінен  білім алуға  негізделген  қабілетті  дамытады. Қазіргі  таңда оқушы- ақпаратпен  қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның  білімдік  қабілеттерін  дамыту үшін біздер,  мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.                                                                                                                Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» – дегенді. Сондықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл-мұғаліммен оқушының  арасындағы қарым-қатынас, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластырады. Барлық оқушы өз қызыметін ең төменгі жеңіл тапсармалады орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады.

5

Бұл оқушылар арсында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызыметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Осылай ойын элементерін әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «Даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыруы қажет.

Өзім үнемі қолданып отырамын :

-Барлық пәндер бойынша  оқыту әдістемелерін.

-Қызықты грамматика.Ә.Ишмұхамедов.  -Қазақ тілінен дидактикалық материалдар .

-Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.

-Бастауыш сыныпта оқыту.(журнал)  -Бастауыш мектеп (журнал)

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *