Басы » Баяндамалар » ЕҚЫҰ дегеніміз не?

ЕҚЫҰ дегеніміз не?

Алматы қаласы
Білім басқармасының
№2 Оқушылар үйі
Баяндама
Тақырыбы: «ЕҚЫҰ дегеніміз не?»
Орындаған: Именова Дина Ахатқызы
№124 орта мектеп  10 «ә»сынып
Пікір-сайыс клубының мүшесі
Жұмыс жетекшісі: Құрмашев Ескендір Даниярбекович
«КВН» және «Дебат»  клубтарының жетекшісі
Жоспар:
І.    Кіріспе
Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы» теориясына қарсы іс-  әрекеттер
ІІ.   Негізгі бөлім
1)    Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болуына дейінгі Елбасының жасаған еңбектері
2)    ЕҚЫҰ дегеніміз не?
3)    Қазақстанның төрағалық ету кеңінде қандай мәсулелерді шешу қажет
ІІІ. Қорытынды
Қазақстан тек қана ЕКЫҰ-ын басқарып қана қоймай,болашақта БҰҰ-на да төрағалық етеді деген сенімдеміз!

1993 жылы АҚШ-дағы Гарвард университетінің профессоры Самуэл Хантингтон «өркениеттер қақтығысы» идеясын көтерді. Ол әлемді алты өркениетке бөлді, олар – батыс, тай-конфуциандық, ислам, индуизм, славян-православиелік, латынамерикандық, кейде оларға жетінші етіп африкандықты қосты. Оның пайымдауыншы, болашақ қақтығыстар мемлекеттер немесе байлар мен кедейлер арасында емес,  батыс, конфуциандық (Қытай), ислам өркениеттері арасында болмақ. Оның себептері : біріншіден, бұл өркениеттер арасындағы айырмашылықтың аса үлкендігі, бір-бірімен келіспеушіліктің кең етек алуы. Екіншіден, әлемнің бір-біріне тәуелділігі, бұл жағдай өркениеттер арасындағы қақтығыстардың өсуіне, көші-қон ағынының көбейюіне алып келеді. Үшіншіден, әлемдегі экономикалық жаңашылдық (модернизация) және әлеуметтік даму процестері мемлекеттің рөлінің әлсіреуіне, діннің ықпалының күшейуіне алып келеді. Төртіншіден, өркениеттер арасындағы қарама-қайшылық батыстың екі жақты ұстанымына байланысты болады. Бесіншіден, мәдени ерекшеліктер саяси және экономикалық ерекшеліктерден гөрі тұрақты, сондықтан келісімге келу аса қиын болады. Алтыншыдан, әлемдік экономика өңірлік тұрғыдан бөліне бастады. Жаңадан ірі экономикалық құрылымдар (ЕО, НАФТА, МЕРКОСУР т.б.) пайда болды, олар көбінесе өркениеттер тұрғысынан құрылуда.

Болашақ қақтығыстың моделі «әлемдік саясат, — деп жазды Хантингтон, — жаңа сатыға көшуде… Мен пайда болған әлемде шиеленістердің негізгі көзі енді идеология мен экономика болмайды деп топшалаймын. Адамзатты бөліп тұратын  маңызды шекаралар мен шиеленістердің басым түсетін қайнар көздері мәдениетпен айқындалатын болады. Батыс өркениеті еуропалық және солтүстік американдық негізде өмір сүруде, ал ислам өркениеті араб, түрік, малай құрамаларынан тұрады. Өркениеттер өзгеріске ұшырайды. Оларда да гүлдену және құлдырау кезеңдері болады. А.Тойнбидің есебі бойынша, адамзат тарихы 21 өркениетті бастан кешірді, солардан қазіргі кезде қалғаны тек алтау ғана».

Өркениеттер қақтығысы не себептен болады? яғни ең бастысы өркениеттер арасындағы айырмашылық аса күрделі, ең маңыздысы – діни айырмашылық. Әртүрлі өкениеттің адамдары ата-ана мен бала, күйеу мен әйелі, азамат пен мемлекет, құқық пен міндет мәселелеріне түрліше қарайды. Мұндай әдет-ғұрып таяу уақытты өзгермейді. Соңғы ғасырларда қанды қақтығыстар өркениеттер арасындағы айырмашылыққа байланысты болды. Ендігі кезекте, құрметті қауым, Хантингтонның болжамын жоққа шығару үшін және әлемде бейбітшілік пен берекені орнату үшін, барынша үлгілі ішкі және сыртқы саясатымен әлемге танылып отырған Қазақстан Республикамызбен біз, жастар, мақтан тұтамыз! Яғни, басты айтарымыз, осы елімізді алға сүйреп, дүние жүзіне қазақ елін танытқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа басымызды иеміз. Ол кісінің аксиомалық айтқан сөзіне тоқталатын болсақ:

—         Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: «Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізге береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек»,- деп атап көрсетеді.

Яғни Елбасымыз халқымызға және әлемге сөзімен де, ісімен де танытты. Оған дәлел елімізде мекен етіп жатқан 130 ұлт пен 45 діни конфессияның өкілдері бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруде. Қазақстан дүние жүзіне толеранттылық үлгісін көрсетіп отыр. Ішкі саясатымызға келетін болсақ, елімізде құрылған Қазақстан Халықтар Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінде 9 депутат сайланып отыр және де еліміздің облыс орталықтарында, аудандарда әр ұлттың өздерінің мәдени орталықтары жұмыс жасайды. Мұның өзі Қазақстанда тұрып жатқан этникалық саясаттың дұрыс үйлестіріліп жатқандығын аңғартады. Сонымен қоса (2003 жылдың қыркүйек айының 23-24 жұлдыздарында және 2006 жылдың қыркүйек айының 12-13 жұлдыздарында) Елордамыз Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші және екінші съездерінің өтуін тарихи оқиға ретінде атап өтсек болады. Аталмыш үлкен дінаралық кеңесте ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, синтаизм, даосизм және басқа да діни ұйымдарынан 29 діни делегация қатысты. Олар жаһандану жағдайындағы діни сенім бостандығы, басқа дін өкілдерін сыйлау мен дін лидерлерінің қазіргі уақытта өріс алған қауіптерді ескере отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі секілді өзекті мәселелерді талқылады. Съезге қатысушылар әлемдегі барлық діндерді ұстанушыларды және ізгі ниетті адамдарды өзара жауласудан, ұрыс-керістен, жек көрушіліктен бас тартып, өзара құрмет, шынайылық және мәдени, діни және өркениеттің саналуандығын тану ахуалында өмір сүруге шақырады. Яғни, дінаралық диалог жай ғана пікір алысу емес. Ол өркениет, мәдениет, идеология көзқарас салаларындағы ешқашан үзілмейтін, ауқымды өзара ықпалдастық. Оның негізінде зиялылар әдебиет, ғылым, Бұқаралық Ақпарат Құралдары (БАҚ) арқылы өз ойларын ортаға салып, қоғамдық пікір қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Мұндай диалогтың басты талабы – өзара сыйластық, еркіндік, мұнда артықшылық, үстемдік жүрмейді. Диалог батыс, шығыс демократиясы балама құндылықтарды сыйлауға қолдан келгенше түсінуге жетелейді. Дінаралық диалогтың басты мақсаты – діндердің рухани беделін, күшін әлемдегі қордаланған мәселелерді шешуге жұмылдыру болып табылады.

Қазақстанның осындай елімізге және әлемге өте маңызды және масштабты жасалған жұмыстарын айта берсек, өте көп. Яғни Елбасымыз өзінің әр түрлі векторлы салиқалы саясатымен өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп, қазіргі таңда Қазақстан әлемде ең беделді ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ-на төрағалық етуде. Осы атқарылған, саяси маңызы бар қадамдардың арқасы десек, артық айтпас болармыз.

«Жауластырмақ – жаушыдан, елдестірмек — елшіден» демекші Қазақстан жаушының емес, елшінің қызметін атқармақ. Яғни, Қазақстанның беделі жоғары 56 ел мүше ұйымды басқаруы – Еуропаның саяси ландшафтына жаңа өзгерістер мен тың идеялар алып келетіні сөзсіз.

Жалпы «Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық ұйымы дегеніміз не?» деген сұраққа тоқталатын болсақ, өзінің ауқымдылығы мен Ванкуверден Владивостокқа дейінгі алып жатқан кеңістігі туралы жүйені еске салып тұратын 56 мемлекеттен құралған, әлемнің ең күрделі және өзекті проблемаларымен айналысатын ықпалды да беделді ұйым болып табылады. ЕҚЫҰ-ның 3500-ден астам қызметкерлері бар көрінеді. Соның ішінде 2800-і ЕҚЫҰ-ның жергілікті жерлердегі 19 түрлі миссиялары мен шекараларында қызмет жасайды. Ал, Оталық Азиядағы миссиялары Астана, Ашғабат, Душанбе қалаларында орналасқан. Мұндағы қызметкерлер ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік, экономикалық, экологиялық проблемалар және сайлау науқандары мен адам құқығының сақталуын қамтамасыз ететін өкілдер болып табылады. Ал ұйымның штаб пәтері Австрияның астанасы Вена қаласында орналасқан. Мұнда ЕҚЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін хатшылығы орналасқан. Дәл осы жерде 370-адам қызмет етеді. ЕҚЫҰ-ның 2009 жылғы бюджеті 185,7 миллион евроны құрады. Бюджет қаржысы ұйымға мүше елдердің төлеген жарнасы негізінде құрылады.

Алғашқы кезде Еуропаның ынтымақтастығы және қауіпсіздігі жөніндегі кеңесі деп аталған бұл ұйымның негізі 1973 жылы бұрыңғы Кеңес Одағының ұйытқысымен қаланғандығын біреу білсе, біреу біле бермейді. 1973 жылы шілде айында сол тұста қалыптасқан Шығыс пен Батыс елдері арасындағы шиеленіске жағдайды қайтадан қалпына түсіру үшін КСРО-ның ұйымдастыруымен Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан еді. Міне, сол кезде басталған келісім шарттың соңғы қорытындысына 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде қол қойылды. Ол тарихқа «Хельсинки келісті» деген атпен енді.

1975 жылы 1 тамызда қабылданған Хельсинки Актісінде Халықаралық қауіпсіздікті сақтау принциптері көрсетілді, олар:

1 – мемлекеттердің егемендігі, теңдігі

2 – күш қолданбау және «күш қолданамын» деп қорқытпау

3 – қазіргі шекаралардың бұзылмайтындығы

4 – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы

5 – даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу

6 – ішкі істерге араласпау

7 – адам құқығын құрметтеу, олардың ойлау, ар-ождан, діни сенім бостандықтарын сыйлау

8 – халықтардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы

9 – мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық

10 – халықаралық құқық міндеттерін адал орындау.

 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалықтың мәртебелі миссиясын қазақстан аса зор жауапкершілік сезімімен қабылдайды. Біздің еліміз төрағалықты қазіргі  заман тарихының аса күрделі бір кезеңінде қолына алып отыр. Дүниежүзлік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан әлемнің  жаһандық құрылымында тектоникалық өзгерістер  орын алуда, бұл үдеріс әлі де аяғына жеткен жоқ.

Жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимінің дағдаруы, лаңкестік, гуманитарлық және экология-апаттар, аштық, кедейлік, түрлі эпидемиялар, энергетика ресурстарының азаюы, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар – міне, бүгінгі адамзат өркенитеі душар болып отырған осындай қатерлердің тізімін одан әрі жалғастыра беруге болады. Бұлармен күрес жүргізу ЕҚЫҰ сияқты қызмет аясы көп қырлы және беделді институттардың бар күш-жігерін жұмсауын қажет етеді.

Осы ретте, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің көрсеткен сенімі Қазақстан үшін ерекше мәнге ие. Демократиялық қоғам орнату – біздің халықымыздың саналы таңдауы, сондықтан біз еліміздің одан әрі  саяси либералдануы бағыты мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруды жалғастырамыз. ЕҚЫҰ төрағалығы біздің елімізде тек сыртқы саяси табыс қана емес, жалпыұлттық ауқымдағы құндылық ретінде қабылданады. ЕҚЫҰ-да қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біз төрағалық ететін елдің мазмұнды идентификациясын  білдіретін іс басындағы  төрағалық ұранын жария еттік. Қазақстандық төрағалықтың ұраны  «Т» — «Траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық)  және «толеранс» (төзімділік)   ұғымдарын білдіреді. Жалпы ендігі кезекте Қазақстан 1 жылдық төрағалық кезінде әлемдегі қандай мәселелерді шешуге тырысу қажет деген сұраққа жауап беретін болсақ: Ауғанстандағы тұрақтылыққа септесер бір тиімді тетік ретінде, БҰҰ-ның қолдауымен Алматыда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық азиялық аймақтық-ақпараттық үйлестіру орталығы құрылады. Сонымен бірге Қазақстан 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Ауғанстанды  яғни қасіретті көп шеккен елді оңалту және жан жалдан кейін қалпына келтіру үдерісіне бірінші кезекте көңіл бөліп, әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Ауғанстанның бір мың азаматын қазақстандық  оқу орындарында түрлі азаматтық мамандақтарға оқыту мақсатында 50 млн. доллар бөлу туралы шешім қабылдады. Яғни осындай инициативаны Қазақстанның  көтеруі біздің жастар үшін үлкен мақтаныш ұялатады. Себебі ол жердегі кедейшілік пен тұрақсыздықтың негізгі проблемасы халықтың басым бөлігінің білімсіздігінде  болып отыр емес пе.  Ал Қазақстан проблеманы шешудің механизімін өте дұрыс ұсынуда.

Келесі кезектегі глобальды мәселе ол ядролық қарудан ерікті түрде бас тартуға кейбір мемлекеттерді шақыру. Яғни бір мемлекетке бір нәрсені жасама деп ескерту үшін, ол нәрсені алдымен өзің жасамау керексің. Айтайын деген ойымыз жер планетасы 2053 ядролық жарылысқа төтеп беріпті. Ойлап қарасақ үлкен масштабты адами зардаптарда осы проблеманың кесірінен болып отыр емес пе. Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүние жүзіндегі бірінші мемлекет, яғни 1991 жылғы 29 тамыздан бастап Семей полигоны жабылды. Бұдан кейін ірі төрт полигонды: АҚШ-тағы – Невада, Ресейдегі – Новая Земля, Франциядағы – Мурурода, Қытайдағы – Лобнарда моротори жарияланды.  Демек,  біз төрағалық кезеңде, Иран  секілді ядролық қаруы бар мемлекеттке сөзімізді өткізу арқылы, компрмиске шақыруға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Қазақстанның басты атқарар идеологиялық мәселесі ол әлемдегі болып жатқан діни, этнос аралық сипаттағы конфликтілі мемлекеттерді, яғни Таулы Карабах мәселесін шешіп, татуластырып, өзінің жобасымен бөлісу болып табылады. Басты назарда тұрған 2010 жылы Хельсинки қорытынды актісіне қол қойған күнге 35 жыл, жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына – 20 жыл және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күніне 65 жыл толады. Бұл оқиғалардың сәйкес келуінде терең  нышандық сипат бар және ол ұйымға оның іс басындағы төрағасына айырықша міндеттер жүктейді.

«Таудай биіктің басына шығу – таудай міндет жүктейді» демекші, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бізге не береді? Бұл сұраққа жауап берер болсақ, ең бірінші төрағалық Қазақстан қоғамының өскелең өркениет жолымен дамуына шынайы ықпал етеді. Ал, саяси тұрғыдан тереңдей қарасақ, ұйымның реформалануы өмір қажеттілігінен туындап отыр. Екіншіден, Қазақстан әлемдегі  актуальды мәселелердің шешілуіне ықпал етсе имиджіміздің едәуір көтерілетіні  сөзсіз. Сонымен қоса өзге мемлекеттерден жақсы дүниелерді үйрене білуімізге мүмкіндік  береді.

 

Сөзімді қорытындылай келе АҚШ-тың 26 – президенті Т.Рузвельттің сөзіне тоқталсам ол кісі былай депті: «Бізді ұлы ететін – байлығымыз емес, қайта сол байлығымызды қалай пайдалана білу қабілетіміз – бізді ұлы халық етеді» — дегендей, Еліміздің негізгі байлығы бейбітшілік, тұрақтылықпен, татулық дейтін болсақ осы байлығымызды одан ары игілігімізге пайдалана білейік  құрметті ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Халықаралық қатынастар теориясы «Өркениеттер қақтығысы»

Авторы: С.Абдулпатаев,  Алматы, 2008

 

2. Егемен Қазақстан

2 ақпан 2010 жыл,   3 бет

Төрт тұғыр: Ашықтық қай мәселенің де мөлдірлігі жақсы атты  мақала.

Авторы: Парламент Мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев.

 

3. Егемен Қазақстан

29 қаңтар 2010 жыл,  1,2 бет

ЕҚЫҰ  тағдыры және перспективалары.

 

4. Егемен Қазақстан

26 қаңтар 2010 жыл,  2 бет

Төрағалықтың басымдықтарымен  таныстырды.

 

5. Айқын газеті

Қанат Саудабаев  АҚШ-қа сапары табысты аяқталды.

 

6.  Ғаламтордан алынған мәліметтер:

Google.kz

«Әлем алдындағы биік бедел» атты мақала.

Авторы: Қазақтан республикасы Парламент Мәжілісінің

депутаты Тоқтарбай Қадамбаев.

7.  ЕҚЫҰ туралы не білеміз?

22.10 2009 жыл,  Қалкөз Жүсіп.

[bws_related_posts] 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *