Басы » Математика » Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Амангелдә орта мектебі
Искакова Гүлнәр Мейрамовна
Тақырыбы: Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу
Сабақ түрі:   аралас сабақ
Сабақ  мақсаты: ондық бөлшектерді бөлуді меңгеру.
Білімдік талаптары:    Бөлшектер туралы теориялық білімдерді  пайдалана отырып, ондық бөлшектерге амалдарды қолдану ерелерін оқушы санасына бекіту ,тиянақтау.
Дамытушылық:         Оқушыларды белсенді шығармашылық  жұмысқа,іскерлікке дайындау ,өз бетімен еңбектену сезімдерін  және оқушылардың  білім дағдыларын,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:                  Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру,   ұқыптылыққа,дәлдікке,ұжымда бірлесе  отырып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Оқыту әдісі:                       сарамандық.
Оқыту формасы:              Жеке және ұжымдық.
Жабдықтау:                       Интерактивті  тақта,слайттық презентация.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.АССОЦИАЦИЯ БҰТАСЫ.
3.Қайталау,пысықтау: ережелер сайысы, жаттығулар.
5.Сабақты қорытындылау.
6.Үйге тапсырма.
Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру.   Амандасу, түгендеу, дәптер ауысу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Төртеу түгел болса, алынбайтын қамал жоқ деген қанатты сөздерді ұран етіп, жұмысқа кірісейік. Біз санбыз
Сызықпенен  бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас
Ондық болып керілген.
Бүгінгі математика сабағында біз немен айналысатынымыз жайлы қайсысың қандай  болжам жасай алар екенсіңдер, кәнеки? (әр оқушы сөзін тыңдау, түйіндеу)
Ия, достар, біз бүгін ондық бөлшектерге амалдар қолдануды үйренуді жалғастырамыз.
Ендеше, әзірге білетінімізді ортаға салып көрелік? Сонда тағы нені білмейтініміз айқын болады да, соны білуге ат салысамыз.
ІІ «АССОЦИАЦИЯ БҰТАСЫ»: Балалар, ОНДЫҚ БӨЛШЕК дегенде не келеді еске, ойларыңда бұл ұғым немен байланысты, немесе ол туралы не білесіңдер, кәнеки, кезек айтып салыңдар.
/анықтамасын, оларды жай бөлшеккке немесе керісінше аудару, қосу, азайту, салыстыру, натурал санға, 10ға ,100ге, т.с.с бірлік разрядқа, 0,1ге, 001ге, т.с.с бірлік үлеске көбейту ережелерін айтулары мүмкін/мен тақтаға белгілеп отырайын.
ІІІ Қайталау, пысықтау. (әр дұрыс жауап – жұлдызша) Ал, енді осы айтқандарыңның қайсысы шын мықты бұтақ екен,  оны анықтау үшін ержелер жарысын жариялаймын. Кезек, бір біріңді қайталамай, бірақ қате айтылғанды түзей отыра, ондық бөлшек туралы не білеміз, айтып шығайық. Кім бастайды?… Алған жұлдызшаларды сабақ бойында жинай беріңдер, жұмыс соңында бағаға айырбастаймыз.

Балалар , сонымен біз ондық бөлшектерге қандай амал орындауды білмейді екенбіз?

Ия, әзірге бөлуді өтпедік.  Яғни, ендігі мақсатымыз бөлуді үйрену болсын.

Ендеше,  » Білім » әлемінде » Алтын қақпа» бар, онда қазына бар, ол қазынаның не екенін тауып, білім алуымыз керек.

» Алтын қақпаның » біріншісі » Тас қақпаны » ашуға арналған тапсырмалар:

  1. Тақтаға 3 есеп ілінеді. Қатесін түзеу керек:

2,06* 1,3=                        61-7,64= 21,7+0,613=

2,06 61 21,7

1, 3  7,64  0,613

——————                                          ———————                        ————————

   2,18 54,64 21,1313

/жұлдызшаларды таратуды ұмытпау/

  1. Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтірлер қойыңдар:

  1. топ: 43+17= 6 2-топ: 37+586=956 3-топ: 995-195=8

        5+999= 1499 83-38=792 64-4=24

        23*0,01= 0023                    35*0.1=35                                     356*0.1=356

ІV Жаңа білім алу. » Күміс қақпаны» ашу үшін тапсырмалар:

  1. Фермер екі дүкенге 2,76 т картопты тең бөліп беруді шешті . Әр дүкенге неше тоннадан картоп жіберу керек?

Ережемен таныстыру (слайдқа қарау). Шешуі: 2,76:2=?      1,38 (тонна)

  1. 0сы отырған үшеуіңе 24,15 мың теңгеден сыйақы беремін десе бір патшайым, егер есептеп берсеңдер, әр қайсыңа қаншадан келер еді? Ережені қолдану (слайдқа қарау) ұсыныс- топта шешіп көріңдер, сосын салыстырайық. Шешуі: 24,15:3= 8,05 (мың теңгеден) /жұлдызшаларды таратуды ұмытпау/

  2. Диктант _ 2,34:2 12,36:3 36,16;4 25,75:5 6,66:6

Дәптер ауысып, слайд бойынша тексеріп, бағалау.

Қол көтеріп, жауап беріңдер. Кім 5 алды? Кім 2 алды? Кім 4 алды?

/жұлдызшаларды таратуды ұмытпау/

V. Бекіту. » Алтын қақпаны» ашуға арналған тапсырмалар:

1. Жазбаша жаттығу – слайдпен жұмыс- тақтаға шығып бағанмен бөлу-1-

2ші слайд,

25,5:5=

1,5:3=

4,7:10=

0,48:4=

0,9:100=

26:10=

0,8:4=

5:100=

0,2:5=

0,8:4=

2,6:2=

1,8:9=

3,7:10=

5,3:5=

0,6:3=

Ауызша «Кім жүйрік?» -3ші сл.

VІ Сергіту сәті:

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

5- ке 5- ті қосқанда

Болып қалды 10 саусақ.

» Алтын сандықты» ашу . ( Сандықтың ішінде » Оқы, оқы және оқы» деген сөз болады.)

VІІ Қорытындылау: » Қолтаңбам » стратегиясы. Қол сызбасына  алты түрлі сөздер жазылған: 5 саусағына-Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу,  алақанына — бағалау.

Осы жазылған сөздер арқылы оқушылар өздері қорытады.

             Білікті  бірді  жығар,                 Білімді  мыңды жығар.

VIII кезең: Үйге тапсырма

Қосымша: №5 Тапсырма:

Кесте   толтыруда  қандай  заңдылық   бар?

10.1/2

13

9.1/2

10

11

12

12.1/2

9

11.1/2

 

(ЖҮКТЕУ)
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *