Басы » Экономика құқық негізі » Биржадағы экономикалық мәселелер (Презентация)

Биржадағы экономикалық мәселелер (Презентация)

Жамбыл облысы
Сарысу ауданы
Жаңатас қаласы
Жаңатас көпсалалы колледжі
Экономика пәнінің оқытушысы
Тургымбаева Айнур Жумабаевна

Сабақтың тақырыбы: «Биржадағы экономикалық мәселелер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Білімгерлерде экономикалық танымын қалыптастыру Білімгерлердің экономикалық білімдерге  қызығушылығын  арттыру, топтағы жұмыс дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Білімгерлердің экономикалық пайымын арттыру
Тәрбиелік: Экономикалық түсінігі қалыптасқан , тәрбиелі тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: ойын
Көрнекілігі:Интерактивті тақта, карточкалар,бағалау парақтары.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі тізім бойынша тексеру.
Топтардың таныстыруы
1-кезең «Жаңалықтар»
2-кезең «Білімділер канекей
3-кезең  «Сен қалай пайымдайсың?
4-кезең «Сен қалай түсінесің?»
5-кезең «Ойланайық»
6-кезең .Қорытынды
7-кезең .Бағалау
8-кезең. Үйге тапсырма
Топтың өзін өзі таныстыруы
Дилер — тауарларды, бағалы кағаздарды, валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдык міндеттерді жүзеге асыратын занды немесе жеке тұлға
Брокер — биржанын барлык жұмысын, яғни алып- сату процесін жүргізетін адам, басқа адамның атынан тауарларды, ақша номиналдарын немесе акцияны, т.б.сатып жәнс сататын адам.
Оқытушының сөзі : Құрметті қонақтар бүгін біздегі «Биржадағы экономикалық мәселелер» атты  интеллектуалдық ойын сайысында   акция пакетіміз бар. Бұл акция пакетті ойын сайысында барлық сұрақтарға жауап берген топқа беріледі.
 БІЛІМГЕРЛЕР АЛДЫМЕН  ҚОР БИРЖАСЫ ҰҒЫМЫН ЕСКЕ ТҮСІРІП АЛАЙЫҚ :
ҚОР БИРЖАСЫ ДЕГЕНІМІЗ: Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА НЕ ЖАТАДЫ?
АКЦИЯ ҰҒЫМЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНЕСІҢ?
ОБЛИГАЦИЯ ҰҒЫМЫ ДЕГЕНІМІЗ:
 1-кезең «Жаңалықтар»
Білімгерлер жаңалықтар айтады
Оқытушы жаңалығын айтады:   -Қазақстандық фондылық биржасы (KASE ) оңтүстiк — азия (SAFE қор биржа федерациясына кірді және федерацияда үлесі бар (аффилирленген) мүше статусы берілді .
-Қор нарығына жаңа   жеке  және бiрлескен инвесторларды тартуға мүмкiндiк беретін электрондық саудалық платформа iске қосылады.
платформа арқылы техникалық мүмкiндiктер онлайн режимiнде және кез-келген жерден сауда жасай алады
2-кезең «Білімділер канекей»
Сұрақ. Биржа айналымының басты обьектісі және олардың пайда болу себебі.
Жауап: акциялар Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді, өңеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктер-дің пайда болуы теңіздік экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен байланыста болды. (Нидерланды, ағылышн елдері)
Сұрақ Қор биржалары қай ғасырдан бастап қарқынды дами бастады?
Жауап 19 аяғынан бастап
Сұрақ:Атақты қор биржасы  ата?
Жауап : Лондон қор биржасы
Сұрақ:Қор биржасы бізге не үшін керек?
бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау нарықта қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
3-кезең  «Сен қалай пайымдайсың?
—  Биржалық баға белгілеу —
—  Баж салығы –
—  Биржалық пайда-

—  Биржалық келісімдер –

 

 

 

 

 

 

—  Биржалық айналым –

—  Биржалық дағдарыс

 

Жауабы:

—  Биржалық баға белгілеу — валюта бағамының, қор биржасындағы бағалы қағаздардың, тауарлы биржадағы тауарлардың бағасын қою.

—              Баж салығы — келісім жасауға құқы бар бағалы қағаздар сатып алушылардан алынатын ақшалай түсім.

—              Биржалық пайда — бағалы қағаздармен және тауар биржасында копшілік қолды тауарлармен сауда жасаудан алынатын табыс.

—              Биржалық келісімдер — бағалы қағаздармен, тауардармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау.

—              Биржалық айналым — белгілі бір кезеңде биржада бағалы қағаздармен жасалған келісімшарттар көлемі. Ол сатылған бағалы қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған бағалы қағаздардың мөлшері де қор биржасындағы биржалық айналымның көрсеткіші болып табылады. Биржалық айналым бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды.

—  Биржалық дағдарыс — бағалы қағаздардың, әсіресе қор биржасындағы баға белгілену акцияларының бағамдарының күрт төмендеуі және олардың эммисияларының едәуір қысқартылуы 

4-кезең «Сен қалай түсінесің?»

……. — мүлікті кепілге алып, карыз ақша беретін орын

…….- басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.

……. — біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыкка үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация.

…………. — шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі

…….-мекеменін (занды тұлғаның) дербес бөлімшесі.

 

 

 

—  Ломбард —мүлікті кепілге алып, карыз ақша беретін орын

—  Холдинг — басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.

—  Картель — біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыкка үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация.

—  Ассоциациялар — шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі

—  Филиал-Мекеменін (занды тұлғаның) дербес бөлімшесі.

…….. — өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны.

  ………. — бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық.

   …….қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер,қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі

Синдикат — өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны.

Кооператив — бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық.

     Концернқатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-     лицензиялық келісімдер,қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі

5-кезең «Ойланайық»

Экономика әдетте, тамақ өнімдері, киім, әуежай,, шаштараздар, көлік жөндеу сияқты экономикалық қажеттіліктермен байланысты. Бұдан басқа адамның маңызды қажеттіліктері мен армандары: қауіпсіздік, сыйлау, достық  -экономика құзыретіне енбейді.

    Адамдардың экономикалық қажеттіліктері экономикалық емес қажеттіліктеріне әсер ете ме?

    Мұндай жағдайға өмірде мысал келтіре аласыз ба? 

 6-кезең Қорытынды

Қор биржасында қызмет ету үшін брокерлер мен диллерлердің

адами тұлғасы қандай болу керек?психологиялық сипаттама беріңіздер.

Әңгіме жүзінде басқа адамның да пікіріне құлақ салғаныңыз жөн. Адамға ешуақытта  «Сіздің пікіріңіз дұрыс емес!» деп, үзілді-кесілді айтуға болмайды!

Өз қатеңізді мойындауға қысылмаңыз!

Әңгіме басталғаннан, адамға жылышырай, оңтайлық танытқаныңыз жөн.

Сұхбаттас адамды кез-келген сұраққа «ия» деп жауап беруіне жағдай жасаңыз.

Әңгіме барысында өзге адамның көбірек сөйлеуіне жағдай жасаған жөн.

Өзге адамның ойы мен талғамын ескерген жөн.

Негізгі акцентті әңгіменің мазмұнына аударыңыз, оппоненттің жеке басының қасиеттерін талдаудан аулақ болыңыз.

Оппонентті бірден нақты әрекетке баруға мәжбүр етпеңіз, әңгімені бірден кінәлаудан, кешірім сұраудан немесе өтініштен бастауға болмайды.

Шешілмеген сұрақ болса, оған біраз уақыттан соң қайта оралуға болатындай жағдай жасағаныңыз абзал.

Адамдарды сынайтын болсаңыз,  алдымен мақтаудан бастаңыз және шын жүректен оның жетістіктеріне ризашылық білдіріңіз.

Адамдардың қателігін тікелей емес, жанама түрде сынаған жөн.

 Бағалау: Үздік топқа акция пакетін тапсыру.

                    Білімгерлерді бағалау

 Үйге тапсырма: мәліметтер қарастыру

(ЖҮКТЕУ)

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *