Басы » Баяндамалар » САБАҚ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІ МОДУЛІН ЫҚПАЛДАСТЫРУ

САБАҚ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІ МОДУЛІН ЫҚПАЛДАСТЫРУ

Матниязова  Айнур  Талгатовна
Маңғыстау  облысы  Бейнеу  ауданы
Күйкен  орта  мектебі
Матниязова  Айнур  Талгатовна
САБАҚ  ҮДЕРІСІНДЕ  ОҚЫТУДЫҢ  ЖЕТІ  МОДУЛІН  ЫҚПАЛДАСТЫРУ
Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Осындай  игі  істердің бірі  —  Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің     біліктілігін    арттыру   курстарының үшінші (негізгі) деңгей    бағдарламасын     (бұдан    әрі – Бағдарлама) зерделеу. Бұл бағдарламада  оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Білім  беру  негізін түсіну, ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы, ақпараттық – коммуникациялық технологияны  дұрыс  меңгеру  қажет. Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы  (конструктивті)  теориялық  оқытуға  негізделген   тәсіл.  Сондықтан  оқыту  мен  оқудың  қазіргі  заманғы  әдістері  мен  мұғалімнің  күнделікті  тәжірибесі  және  кәсіби  мән – мәтінмен  өзара  байланыста  қарастырылады.
Егемен,  Тәуелсіз  еліміздің  болашағы  жастардың  қолында.  Әйтсе  де оған  дұрыс  бағыт  бағдар  берушінің  бірі  ата – ана  болса,  тағы  бірі  ол – біз,  яғни  мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп  десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі — мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін  өрістеуіндегі негізгі тұлға – ұстаз  болғандықтан,  ал  сол ұстаз заман талабына  сай болу үшін  әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты  білікті  болуды талап  етеді.

Бағдарламаның  жетекші  мақсаты  әрбір  ел  үшін  маңызды  болып  табылатын  рухани,  мәдени  және  адамгершілік  құндылықтарының  негізінде  жастарды  өз  елінің  мәдениетін  құрметтеуге  тәрбиелеу;  екіншіден  – жастарды  жылдам  өзгеріп  жатқан  әлемде  өзіне  сенімді  және  табысты  болуға  мүмкіндік  беретін  дағдылары  мен  түсініктерін  дамытуға,  өмірлік  жағдайларда  өз  білімдерін  қолдануға  ықпал  тигізетін  сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйретуді  қамтиды.  Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.

1-модуль.  Оқыту  мен  оқудағы   жаңа  әдіс – тәсілдері  оқу  бағдарламасының  басты  мақсаты  деп  білемін.  Сыныпты  топқа  бөліп  оқыту,  ережеге,  уақытқа  бағыну,  постер  қорғату.  Біз  жаңа  әдістер  ретінде  «Диалог  арқылы  оқыту»  мен  «Қалай  оқу  керектігін  үйренуді»  ғана  қарастырамыз,  себебі  олар  әлеуметтік – сындарлылық  көзқарасымен  тығыз  байланысты.  Диалог  негізінде  оқыту  мен  оқу  оқушылардың  өзара  сұхбаттасуы  және  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтің  шәкірттердің  өзіндік  ой – пікірін  жүйелеуі  мен  дамытуына  көмектесетін  амал  екенін  меңзейді.

Топқа  бөліну  арқылы   жұмыс  жасау  үстінде

2-модуль. Сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі.   Бұл  жаңаша  әдіс — тәсіл  арқылы  оқушының  өз  ойын  суреттеу  арқылы  ойлау  қабілеті,  сөйлеу  мәдениеті  дамиды.     «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.

 

Берілген  тапсырманы  дәлелдеу  үстінде

 

3-модуль. Оқыту  үшін  және  оқытуды  бағалау.  Бұл  әр  сабақтың  соңындағы  оқушылардың  білімдерін  тиянақтау  жиынтығы.

 

4 — модуль.Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық  —  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) пайдалану.

АКТ-ны  пайдалану  үстінде

5- модуль.Талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.

6- модуль.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту.

7-модуль. Оқытуды  басқару  және  көшбасшылық.  Мектеп    жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін өрістетудегі  негізгі  тұлға –мұғалім. [12]

Мұғалімнің  міндеті – баланың  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей  мүмкіндік  ашу,  өзін  тұлға  ретінде  сезінген бала  әрқашанда  өмірде  өз  жолын  таба  алады.

Мен   тәжірибемді  өзім  оқытатын   сыныптан  бастауды  жөн  санадым.  Зерттеуге  5 «Ә»  сыныбын  алдым.  Бір  сабағымды  дәстүрлі  оқыту  аясында  өткіздім.  Өзім  түсіндірдім, өзім  бағаладым.  Бұл  сабағым  да  нашар  деп  айта  алмаймын,  оқушылар  жақсы  түсінді Екінші  сабағымды  жаңаша  әдіс-тәсілдер  арқылы  яғни  жеті  модуль  аясында  өткіздім.  Мен  оларға  сабақты  бастамас  бұрын,   ең  алдымен  ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыруымыз  керектігін,  тапсырманы  орындауда  өз  ойын  постерге  түсіріп,  оны  қорғау  арқылы  орындауға  болатындығын  айттым,  сондықтан  бірінші  ынтымақтастық   атмосферасын   қалыптастырып   алдым.   Ең  бірінші  топқа  өзім  бөлдім.

Ол  үшін  әр  оқушының  неге  бейім  екенін  анықтап  алу  қажет.  Бастапқыда  оқушылар  бір  бөлінген  топ  бойынша  отыра  берейік  дегендері  де  болды,   содан  кейін  оқушылар  өздері  бөлгісі  келетінін  айтып,  тіпті  топқа  ат  қойып  бөлудің  өзіндік  мәні  бар  екенін  түсінді.

Ережелермен  таныстырдым,  әркім  өз  ойын  қысылмай  ашық  жеткізуіне  болатындығын  ескерттім. Бұл  сабақтың  ерекшелігі  оқушылар  өздерін  өзі  бағалайтындығын,   содан  соң  сабақтан  алған  әсерлерін  көңіл-күй  парақшасына  стикерлер  арқылы  жазып  қалдыруына  болатындығын  түсіндірдім.

Жиырмасыншы  ғасырдың  басында — ақ  Дьюи мектептің оқушылар «тобы» қатарға құрылған парталармен бөлінген орындарда  отыру  үшін  құрылған  көңілсіз  орын  болып  табылатындығын көре  білген.  Бұл,  ол айтқандай, материалды  тыңдаушылардың  белсенді емес тобына бірқалыпта беруге болатындығының анық айғағы болды. Шындығында,  ол  сыныптарды  бір  нәрсе жасауға емес, «тыңдауға» арналған  орын  деп санады (1990). Топтық жұмыстар оқушылардың белсенділігін, сенімділігін арттырады.   Топқа  бөлудің  де  өзінше  мәні  бар  екенін   оқушылар  сабақ  барысында  түсіне  бастады.

 Тағы  бір   сабағымда  «Кең ауқымды дәріс» әдісін  пайдаландым.  Робинзон  Крузо  мен  оның  кемесінің  суретін  интерактивті тақтадан  оқушыларға  көрсеттім.  Берілген тақырып бойынша өздеріне бұрыннан таныс  ақпараттың  тізімін  дәптерлеріне жазу,  содан  соң  жұпта талқылау, шағын топта  және жалпы тақырып бойынша ақпаратты тақтаға жазу, оқушылар дәптерлеріне толықтырып жазып алады. Көпке  дейін  жаңа әдіске  үйрену  оңай  болған  жоқ. Уақытқа  бағына  алмады,  тіпті  ережені  де  естен  шығарып  отырған  кездері  болды. Жаңа әдіске  басында  түсінбеген  оқушылар  суретті  қалай  саламыз,  оны  қалай  қорғаймыз  деп  біраз  қиналғандары  да  болды.  Артынша  бұл  жаңа  әдістің  тиімділігін  көргенде,  «Келесі  сабақтарда  да  осылай  бола  ма?» – деген  қызығушылық  сезімдері  байқалып  жатты.  Оқушылар  тапсырма  бойынша  топпен  бірлесе  жұмыс  жасады,  өз  ойларын  ортаға  салып  постер  арқылы  қорғап  шықты.

       Ол  бұрын  тек  тыңдаушы  болса,  енді  ізденуші,  ойланушы,  өз ойын  дәлелдеуші,  ал  мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін,  қызығушылықтарын  apттыpa  түсу  үшін   шығармашылық қабілеттерін  дамытуда   әртүрлі  әдіс — тәсілдерді  қолдануға  болады.  Бұл   бағдарлама  жаңа   буын   оқулықтарының   талаптарын  жүзеге  асыруда  оқушылардың   білім  деңгейін  көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуда,  ойларын  еркін  айтуда  тез   арада  дұрыс  шешімдер  табуға  атсалысатын   бірден – бір  тиімді  бағдарлама  деп  есептеймін. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды  жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі  дамыған,  сандық технологияларда  құзырлылық  танытатын оқушы  ретінде  қалыптасуын  қамтиды.  Тапсырма  беру кезінде  жаңаша  әдіс-тәсілдерді  пайдаланудың  маңызы  зор.   Мысалы, мен  бір  сабағымда РАФТ  ( роль/аудитория/ форма/тақырып  )  әдісін  пайдаландым.

  • оқыған мәлімет бойынша өз ойын талдайды ;

  • проблема бойынша өз көзқарасы  бойынша рефлексия жасай алады;

  • ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;

  • сыныптастарына ұсынылған проблема туралы өз елестетуін жеткізе алады;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі  артады.

Выготскийдің   оқытудағы  сөздің,  сөйлеудің  негізгі  рөлі  туралы  пікірі  эмпириялық  зерттеуде  қолдау  тапқан.  Барнс (1971) сыныпта  тіл  қаншалықты  қолданылса,  оқушылардың  оқуына  соншалықты  әсер  ететінін  айтады.  Барнс  оқытудың  мұғалімді  селқос  тыңдағанда  ғана  емес,  вербальды  құралдарды  қолдану  нәтижесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау  және  дәлелдеу барысында  жүзеге  асатынын  көрсетті. [39]

            

Сындарлы  оқыту  нәтижесінде  мұғалім  мен  оқушыда  мынадай  жетіскендіктерді  байқауға  болады:

  • Жұмысына қызығушылық танытады;

  • Жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады;

  • Озық ойлы оқушы қалыптастырады;

  • Шығармашылық бағытта жұмыс жасайды;

  • Жеке қабілеттерін айқындап отырады;

  • Әр оқушының ізденімпаздық қабілеті дамиды;

  • Жұпта ,топта бірлесіп жұмыс істей алады;

  • Бір — бірінің сөзін тыңдап , құрметтеуге үйренеді;

  • хОқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • Еркін қиялдайды, сергиді.

     Сабақты  қорыту  кезеңінде  бағалау  критерийлері   жазылған   парақшалармен бағалау  жүргізіледі.  Формативті  бағалау,    сонымен  бірге  оқушылардың  бірін — бірі  бағалауы  жүрді.  Сол  арқылы  мен  өзім  жиынтықты бағалау  жүргіздім.  Зерттеу  нәтижесінде  оушыларға  да  ең  ұнағаны    осы  тәсіл  болды,  себебі  оқушылар  өз  деңгейлерін  білді.

Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның  оқыту  мен  оқудағы   жаңа  тәсілдерінің тиімділігі :

1.Бір — бірінің пікірін тыңдайды,  ынтымақты қарым -қатынастың негізі қаланады.

2.Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір — біріне құрметпен қарауға ұмтылады.

3.Өз ойын ашық, еркін айтуға , пікір алмасуға, бірін — бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп,  пікір алмастырады .

4.Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып , қиындықты шешуге көмектеседі .

5.Белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады .

Выготскийдің  айтуына  қарағанда,  «баланың  мәдени  дамуындағы  кез келген  қызмет  екі  түрлі  келбетте  сахнаға екі  мәрте  шығады:  біріншісі-әлеуметтік,  содан  соң – психологиялық  санат ретінде  баланың  жан  дүниесінде  көрініс  табады».  Бұны  осы  дәрежеде  ерікті зейінге, логикалық  жадыға  және  түсініктердің  қалыптасуына қолдануға  болады [27]

Әр  сабағымның  соңында  «Қабырға газеті»  әдісін  пайдаланып  көрдім.   Бір  күнгі  бір  сабақтағы  тақырыптарды  орындап   болған  соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнаған түсті таңдап, өз әсерлерін,  пікірлерін,  өз  сезімдерін білдіреді. Көңіл — күй  парақшаларына  смайликтер  қыстыру  арқылы  да  сабақтан  алған  әсерлерін  білдіреді.  Кейбір  оқушылар  сабаққа  дейінгі  көңіл-күйі   қобалжулы  болса,  осы  жаңа  әдіс  бойынша  өткізілген  сабақ  арқылы  көңіл –күйінде  өзгешелік  болғандығын  жасырмай  смайлик  арқылы  білдірді.

Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  білетіндігін  және  білмейтіндігін  анықтау  үшін  түсіністікпен  қарау  керек.  Оқушылар  қысқа  ғана  жауап  беретін  мұғалімнің  сұрағымен  салыстырғанда  диалогтік  сұхбаттасу  мұғалімдер  де,  оқушылар  да   білім  алуға  қомақты  үлес  қосатын  өзара  іс-қимылдың  шын  мәніндегі  тиімді  түрі  болып  табылады.

Балалар  өзінің  түсінігін  өзіндік  зерттеулері  мен  әлеуметтік  өзара байланысқа  сәйкес  құратын  белсенді  білім  алушылар  болып  табылады.  Осы  жаңа  әдіс- тәсілдерді  пайдалану  арқылы  оқушыларды  шынайылыққа,   өзіне  деген  сенімділікке  тәрбиелейміз.  Біздің болашақ – жастарымыз,  сондықтан олардың  жақсы  оқып  білім  алуына  бар  күш-жігерімізді  жұмсауымыз  керек.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.

Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:

  • Мұғалімге  арналған  нұсқаулық   ІІІ деңгей;

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *