Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»

zunusovАқмола облысы

Ерейментау ауданы
Павловка орта мектебінің
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Мырзахан Қайратгүл

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың «Ақырғы бәйге» әңгімесінен алған білімдерін бекіту; ә) көркем мәтінге әдеби-теориялық  талдау жасату арқылы баланың ой-қиялын дамыту; б) елжандыллыққа, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға, қайрымдылыққа баулу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Әдісі: топтастыру, автор орындығы, семантикалық карта, салыстыру.
Көрнекілігі: Ақан сері Қорамсаұлы портреті, С.Жүнісов «Ақан сері» романы, оқушылардың суреттері TV-VCD.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.
Сабақтың барысы.
«Аттың сыны». Күреңбай сыншының сынын жатқа мәнерлеп оқиды. «Ақырғы бәйге». Оқушылардың ойтолғауы.

1. Бекіту сабағы. Семантикалық  карта

 

Күреңбай  сыншы

Батыраштың баласы Мәттақын

Жаршы

Ақан

Мөңке

Құлагер

1.

Шіркіннің тұрқын, қарашы, тұрқын

+

2.

Уа, жараңдар, жараңдар, бәрің де маған қараңдар, аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер.

+

3.

— Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Құлагерді тым қыспа.

+

4.

Шіркін-ай, құдай тағаланың кәрімен атың сүрінсе, допша домалап, ат үстінен құласаң.

+

5.

Саған жамандық тілеп қайтем, сен қаласаң, мен озамын. Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың.

+

6.

Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар. Ризамын саған.

+

 

Сәкен Жүнісов кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?..

— Балалар, автор «Ақырғы бәйге» шығармасын жаза отырып, кімнің тағдырын арқау етті?

— Қазақ халқының талантты тұлғасы Ақан  серінің тағдырын шығарманың өзекті мәселесі етіп жазды. (Ақан сері туралы қосымша деректер келтіру.)

2. Топтастыру стратегиясы.

Сегіз қырлы, бір сырлы




3. – Балалар, «Ер қанаты — ат» деген сөз бар, шығармадағы Ақанның қанаты не?..

— Құлагер туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?..

— Бейнелеу өнерінде Құлагердің бейнесін салған суретші бар ма? Болса кім?

(«Құлагер тағдыр» картинасы. Мұратбек Жоламанов туралы қосымша деректер).

— «Ақырғы бйгеде» қандай ұлттық ойындар аталады?..

4. Көркем мәтінге әдеби-теориялық талдау

 

Теңеу

Эпитет

Метафора

5. Салыстыру стратегиясы

 

Айырмашылығы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

«Құлагер» фильмі

«Ақырғы бәйге»

Көкдауыл

Ыбан

Ақанның өмірі мен тұлпары Құлагер

Көктұйғын

Мөңке

Шашубай

 

6. Автор орындығы.

7. Суреттер сөйлейді.
8: «Ақырғы бәйге»  («Құлагер» фильімінен бейнекадр эпизод жасырылады).
Бекіту
1. Күреңбай сыншы «Мынау бір пырақ екен» дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты?
2. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып жүрген өнерлі бала кім? Ол асқа жиналғандарға не деп жар салды?
3. Пырақ дегеніміз не?
Үйге тапсырма.
«Құлагер – омыртқамның ішіндегі жұлыным-ай» (ойтолғау жазу).
Бағалау.

  • Қорытынды.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *