Басы » Эссе » Ұстазым ұлы тұлға!

Ұстазым ұлы тұлға!

Жамбыл облысы Шу Қаласы
Жамбыл мектеп-гимназиясының 5 «в» сынып оқушысы Бокиева Далана
Ұстазым ұлы тұлға! 

   Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.  Бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

Әр адам ұстазды қадір тұтады. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр  оқушының жүрегінен алатын орны айрықша. Мен 5 «в»сыныпта оқимын.Мен қолыма қағаз бен қалам алып,бастауыш 3- 4сыныпта математика пәнінен сабақ берген Тұрсынова Гүлмира Омарқұлқызы ұстазым жайлы өзімнің ішімде жатқан жан сырыммен бөліскім келеді.Мен математика пәнін жақсы көремін,есеп шығарғанды ұнатамын. Бізге бастауыш сыныпта  математика сабағынан  Гүлмира Омарқұлқызы  сабақ берді.Г.Омарқұлқызы  өте білімді, мейірімді,ақкөңіл жан.Балалардың жан дүниесін түсінеді.Ол кісі бізге көп нәрсені үйретті. Біздің математика сабағына деген қызығушылығымызды оятты, өз пәнінің шебері.Есептің  қыр-сырын меңгерген ұстазым-Гүлмира тәтей,бар білгенін оқушыларға арнап, жан аямай еңбек етеді.Қазір   сыныпта 17 оқушымыз,оқушылардың жартысынан көбісі математика пәнінен үлгерімі жоғары десем артық айтпағаным. Өткен оқу жылында  біздер түрлі шығармашылық жұмыстар мен есептер шығардық. Гүлмира тәтеймен өткізген бір күнінің өзі бізге шабыт беріп, сабаққа деген қызығушылығымызды  арттырды.

Гүлмира тәтейіме зор денсаулық,бақыт,жұмысыңызда табыс тілеймін, еңбегіңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін. Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздарым көп болғай! Мен сізді жақсы көремін!

Ізгі тілекпен Жамбыл мектеп-гимназиясының 5 «в» сынып оқушысы:         Бокиева Далана

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *