Басы » Кембридж бағдарламасы » Мектеп тәжірибесін өзгерту шараларын мектептің және/немесе мектептердің желілік қоғамдастығын дамыту көмегімен қалай қолдауға болады?

Мектеп тәжірибесін өзгерту шараларын мектептің және/немесе мектептердің желілік қоғамдастығын дамыту көмегімен қалай қолдауға болады?

cetҚұрметті  sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.

Мектеп тәжірибесін өзгерту шараларын мектептің және/немесе мектептердің желілік қоғамдастығын дамыту көмегімен  қалай қолдауға болады?

  Мектептегі тәжірибені өзгертуде желілік қауымдастықты ең алдымен бірлестік жетекшілері, сынып жетекшілер және ата-аналармен құруды топ мүшелерімен бірлесе жоспарладым. Ашық есік күнін өткізіп, оған әртүрлі ұйым өкілдері, тәуелсіз тұлғалар қатысып, «Мектеп тәжірибесін қалай өзгертуге болады?», «Мұғалімнің кәсіби деңгейінің көтерілуі қаншалықты құнды?», «Мектептің білім рейтингісін қалай көтеруге болады?», «Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты қалай өрбітуге болады?», «Желілік қауымдастықты қалай құру керек?» деген сұрақтар төңірегінде қызу талқылаулар жасалып, пікір алмастық.

  Жаңа технология ғасырында кәсіби желілік қауымдастықты құру маңызды роль атқарады. Бар біліммен ақпаратты қолдануда  желілік қауымдастықтың маңызы ерекше. 2004 жылы Англияның көшбасшылығымен ұлттық колледжінде мектептің әзірлеген құжатында көрсетілгендей «Мектептегі желілік қауымдастық» басқа мектептермен топтық серіктестігімен  бірлесіп оны кең көлемді жоспарлауды жүзеге асыру, оқыту мен оқу үдерісінде біртұтас  мектепаралық жетістік нәтижелері жоғарғы жетістік нәтижелеріне жету мақсаты қойылады. Осы көрсеткіш бойынша мектептердің сапалы нәтиже жетістігі үшін бірігеді, сондықтанда мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеріп, оның жақсы нәтижеге жету мақсатында мектепте «Желілік диалог» қоғамдастық ұйымдастырдым.

«Желілік диалогтың» мақсаты:

мектеп үшін: Жаңа бағдарламаны ендіру

Мұғалім үшін:кәсіби даму, бағдарламаның жаңа әдістерін қолдану

Оқушылар үшін: ортақ тіл табысудың жаңа дағдыларын дамыту, жоғары нәтижелерге жету

Желілік қауымдастықтан күтілетін нәтиже:

Мектеп үшін: рейтингісі көтеріледі және оқушылардың білім сапасының жаңа жолдары Бағдарламаға енеді.

Мұғалімдер: кәсіби деңгейі өседі және бағдарламаның жаңа тәсілдерін қолданады, бір-бірімен тәжірибе және ақпарат алмасады.

Оқушылар: жоғары нәтижелерге жетеді.

  Қоғамдастыққа кірген әр мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуына мән беріле отырып жұмыс жасалынады. Дегенмен,

р/с

Сұрақтар мазмұны

1

Мектеп тәжірибесін өзгерту маңызды деп ойлайсың ба?

2

Мұғалімнің кәсіби деңгейінің көтерілуі қаншалықты құнды?

3

Мектептің білім рейтингісін қалай көтеруге болады?

4

Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты қалай өрбітуге болады?

5

Желілік қауымдастықты қалай құру керек?

 

 

Желілік қауымдастыққа тартылған әрбір қатысушыға үрдіске тарту тәсілдерін, өзара әрекеттесуді бақылау мен бағалау тәсілдерін көрсете отырып, өзара кездесу мерзімін белгілеп кесте құрдық.

  Мектептегі талқыланып, құрылған желілік қауымдастықтың жұмысын әрі қарай жандандыру үшін топ мүшелері болып, қала және елді мекендегі әріптестеріммен желілік қауымдастық құрдық. Ең алдымен өзім еңбек ететін мектепте бейресми түрде 2013 жылдың 21 қазанда № 112, № 211, № 173,  № 4 дарын, Жаңақорған ауданы, Машбек ауылындағы  № 196 мектептердегі әріптестеріммен өзара түсіністік пен ынтымақтастықта құрылған кездесуімізде атқарып жатқан іс-шараларымыз, таныстырылымды қалай өткізу керектігі жайында ой бөлісіп, тәжірибе алмастық.  Ең бір сәті түскен іс «5Асыл» мектепаралық қауымдастықтың құрылуы еді. Атап айтқанда, құрылымы, жоспары, түзілді.

  Кездесуден өзіме қажетті ақпараттарға  қол жеткіздім. Алайда қауымдастық жарғысын дайындау ескерілмегенін кейін ұқтық. Қателіктерден үйренетінім мол деп шештім.Басқа мектептердің тәжірибесін алуға немесе өзгелердің жиі кездесетін ұқсас проблемаларды қалай шешіп отырғанын білуге ұмтылу желіге серіктес –мектептерді іздестіруге түрткі болады, әрі сол түйткілді мәселелерді шешуге ықпал етеді. Білім беру желілері  біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.(МАН,51-б)

  Ендеше, жаңаша ойлау мен іс-әрекет ету дағдыларымды өзгелермен бөлісе отырып тұрақты дамуға қол жеткіземін, әрі қолдаймын. Ауқымды да мәртебелі осындай міндеттерді өз дәрежесінде атқару жолында Бірінші деңгей мұғалімдерінің мойнында ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты дамытып, қолайлы жағдай тудыру үшін желілік қауымдастық құру әрі оның жұмысын жандандыру мәселесі тұр.

 

Желілік қоғамдастық

Қоғамдастық атауы: «5Асыл»

Қатысатын мұғалімдер санаты: барлық санаттағылар

Қоғамдастық мақсаттары: Талап, Еңбек, Терең-ой, Қанағат, Рахым ойлап қой.

                                          Білімнің құндылықтарын жоғары бағалау;

                                          Жаңашыл педагогтарды тарту;

                                          Ата-аналарды мектеп өміріне тарту;

                                          Кәсіби мамандығын шыңдау;

                                          Ақпарат алмасу, ақпарат алу.

Жұмыс істеу қағидаттары:  Сенімділік

                                              Жауапкершілік

                                              Өзара қолдау

Қоғамдастықтың көшбасшысы:

                                        Хатшы:

                                 Модератор:

                             Координатор:

Іс-шара

Күтілетін нәтиже

Мерзімі

Жауапты

1

Семинар. «Оқыту үрдісінде жаңа  технологиялардың  мүмкіндіктері»

Жоспарлау, қолдану

Қаңтар

Қоғамдастық мүшелері

2

Ашық есік күні.

«Білім сапасын арттырудағы желілік қоғамдыстық рөлі»

Кері байланыс

Ақпан

Сәуір

Мектеп мұғалімдері, қоғамдастық мүшелері

3

Желілік байланыс (портал).

«Оқытудағы кедергілер мен қиыншылықтарды шешу жолдары»

Сауалнама, мониторинг

Үнемі

Қоғамдастық мүшелері

3

Дөңгелек стол.

«Жұмысты қорытындылау, келесі оқу жылына жоспарлау.»

Іс-шаралар талданады. Жаңа ұсыныстар енгізіліп, жоспарланады.

Мамыр

Қоғамдастық мүшелері

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *