Басы » Баяндамалар » ЖАСАМПАЗ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ЖАСАМПАЗ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

guljahan        ЖАСАМПАЗ  ТҰЛҒА  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ   ЖОЛДАРЫ

Байбосынова Гүлжахан Мұратқызы,

  Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,

  № 4 орыс орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

К.Платонов тұлғаның төрт құрылымын айқындайды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелеуі, өмірден үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиеттері басым болып табылатын биопсихикалық құрылым.  Сонымен, зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі тұлғаның барлық психикалық қасиеттері өзінің даму барысында адамның нейроэндокриндік жүйесінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай қалыптасады, адамның дене құрылысының саулығы мен еңбексүйгіштігі – тұлғаның ең мәнді белгілері, сонымен қатар баланың бойының өсу қарқыны, дене жарақаты, өзін әр алуан сезуіне әсер етіп, психикалық даму сипатына жанамалай әсер етеді дегенге саяды[1].   

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы – ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама – қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға:тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс — әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін  —  өзі дамытып отырады. Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі. Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.

«Заманауи мұғалім — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін — өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» — дейді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Осы орайда, біздің басты мақсатымыз бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой — өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс — тәжірибемізде қолдану арқылы оқу — тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, «Технология» — деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс — тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал — жабдықтар, т. б) қандай да бір іс — әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология — мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс — тәсілдермен ерекшеленеді. Ал, әдіс — тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл — ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінетінін ескерсек, шығармашылық дегеніміз — адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс:

-шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
-оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
-жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
-ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Ал, оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының ойлауын дамыта отырып оқытуда «сын тұрғысынан ойлау» жобасының маңызы зор. Сабақ құрылымының өзгешелігі көз қуантады.

Қазіргі кезде де мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа модулінің бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау  маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Ол бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде берілген ақпаратты ойлауға, талдауға, бағалауға бағытталған. Балаларды диалогпен дәйектер, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Өйткені, сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

 

І. Қызығушылықты ояту сатысында 1.1. «Көркем жазу»  минутында тақырып бойынша өткен «Жалқы есімдер» ережесін жатқа, көркем жазумен дәптерге түсіреді.

1.2.  «Терминдер арқылы» болжау стратегиясы бойынша қатаң дауыссыздардан басталатын қала атауларын жазып,сипаттап,топта қорғайды.

сөйлесім әрекеттерінің ішіндегі «жазылымның» оқушыға міндеттеген талап, міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдау, қолдану

 

 

 

 

ІІ. Мағынаны тану сатысында 2.1.«Пікір  білдіру» айдарымен қаланың атын атамай сипат-

тайды. Дұрыс жауаптарымен себетті шиеге толтырады.

2.2. «Асоциация» стратегиясы бойынша «Астана» қаласына интерактивті тақтада кескінді суреттерден топтастыру құрастырады.

нәтижеге қол жеткізу үшін топта қатынас (коммуникация) құрады
«Ой толғау» сатысында 3.1. «Бес минуттық» эссе жазу тапсырылып, туған өлкесі жайлы сыр шертеді.

3.2. «Автор орындығында» топ мүшелерінің таңдауымен бір үміткерден отырып, эсселерін ортаға салады.

нақтылық басым, оқушылар өзінің міндеттерін шешу үшін жазбаша коммуникацияны қолданады

 

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген ақпараттарды коммуникация арқылы жеткізу керек болады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.Сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі. Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп,оған терең бойлай түсеміз. Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.Сыни тұрғыдан ойлау жобасын қолдану оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда басты құрал болып табылады.Бұл жобаның  ең басты артықшылығы – нақтылығы.

Осындай ақпараттық-коммуникативтік  технологияны меңгерген ұстаздардың жаңа формацияға лайық болуға мүмкіндіктері зор екені сөзсіз. Қарқынды дамыған біздің елімізде жаңашыл мұғалім мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.

-бақылаудың орнына ынталандыру;
— мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
— ауыстырудың орнына сенім білдіру;
— үгіттеудің орнына түсіндіру;
— жоюдың орнына тегістеу;
— басқарудың орнына қатысу;
— мәжбүрлеудің орнына таңдау;
— айғайлаудың орнына әзілдеу;
— кінәлаудың орнына қорғау;
— бұйрық беріп тексерудің орнына  кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу [2] ,- деген  Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаевтың анықтамасы айқын.

Қорыта келгенде, әр ұстаз алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушыларды жеке тұлға болып қалыптасуы үшін еңбек етуде. Көрнекті психолог Л. С. Выготский айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» екен. Ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл — ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінетіні анық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өстеміров Қ. Қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» стратегиясы.  Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Алматы, 2007.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *