Басы » Кембридж бағдарламасы » Курс барысында мен нені үйрендім?

Курс барысында мен нені үйрендім?

Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
№ 1 Егіндікөл орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Жанат Балтабайқызы
Курс барысында мен нені үйрендім?

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Ал курс барысында республиканың әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алады. Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда бо лсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Демек, үш айлық курс бағдарламасында әр аймақтан келген мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы  ұсынылады. Атап айтқанда, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық, LS тәсілі бойынша зерттеу сабақтары. Сыни ойлау-оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалыптастыру, өз ойын тұж
ырымды жеткізе білуі деп ойлаймын.Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз – баланы ойлауға үйрету! Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін! Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлау, бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал,өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қаж�
�т деген сөз. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету, кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту �
�рдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру.Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нерсе-сұрақтың дұрыс қойылуы. Сыни тұрғыдан ойлау-технология емес, ол-терең философия. Болашақ үшін қызмет етіп жатырмыз деп, бүгінгі қызметін атқармайтын адамдар көп. Ал, біздің бағдарлама болашақ үшін емес бүгінгі күн үшін қызмет етеді. Сол арқылы болашаққа жол салады. Сыни тұрғыдан ойлауға жүгінсек алынбайтын қамалдарды аламыз деп ойлаймын. Ең бастысы – Біз осы мақсатты оқушының қажеттілігі мен қабілетіне сәйкестендіріп ше�
�е алдық па? Осы жағын дұрыс ойланып жасасақ, өзіміздің дұрыс жолда екенімізді білеміз. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры артады. Ынтымақтастық атмосферасы орнап, оқушылар бірін-бірі тыңдауға, өзіндік пікірін ашық айтуға дағдыланады.Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады, мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәре
жеде болады, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады, бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді. Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп,үлкен жауапкершілікті сезінтеді. Жас ерекшеліктеріне сай оқытуды бір сынып ішіндегі әр жылдардағы о
қушылар деп түсіндім. Психологиялық қабылдау жағынан әр түрлі шығар, бірақ өзімде бұл тақырыпта жұмыс жүргізбедім. Бір сыныпта оқығасын айырмашылығы да байқалмайтын сияқты. Меніңше бастауышта жас ерекшелігі айқын көрініп тұрады, яғни алты жастағы бала мен алты жарым жастағы баланың қабылдауы мен дамуында айырмашылық болады деп ойлаймын. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім 7 модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрық
ша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді. Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімен, сабақ басталғаннан аяқталғанға дейін болады, басқаша сабақ өтпейді ғой. Тек әдісті мұғалімнің орынды пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Мұнда сұрақтар деңгейіне қарай ажыратылады. СТО-да да бір-бірінен сұраққа жауап алады емеспе?
Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сойлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада пайда болады! Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: оқушының өз бетімен жұмысы, аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену, оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Бағ
алау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор. Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушыларда жауапкершілік қалыптасады. Бірақ өзім үшін кейбір жағдайлар әлі де қиындау соғып жатқаны жасы
рын емес. Практика барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым. Психологиялық ахуал – сабақтың табысқа жетуіне немесе кері кетуіне әсер етеді. Мен үшін ең тиімді сабақ ол-нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Менің байқағаным әлі де оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер болады деп ойлаймын. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту қиын екен. Бірақ, балалар�
�ма қатты ұнады. Олардың көздерінен күнде мұғалім бүгін қызықты не әкелді екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме бір жаңаша құлшыныс пайда болды. Сондықтан осы жасап жатқан жұмыстың жемісін көрейік деп ойлаймын. Дарынды балалардың ойлау ерекшеліктері: көп көлемде берілген білімді ұмытпауы, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, өзіндік пікірі, шешімдер шығара алуы, тыныш отыра алмау,пысықтық,ізденімпаздық. Мұғалімнің мақсаты: әрбір оқушынының дарындылығын табиғи саласын анықтап, оның өсіп-жетілуіне қола�
�лы жағдай жасау. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты – әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау аясында жұмыстар жүргізу. Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. Сонымен қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті. Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе деймін. Әр ад
ам бір тұлға деп есептеп, пікірін, ойын бағалау керек. Курстың да мақсаты да осы емес пе? Үлгі бойынша жұмыс жасауды ұмыту керек. Өзіме жақсы әсер қалдырды. Кембридждік тәсілдің оқушыларға да, мағанда болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қ�
�зметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үш айлық деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Бұл курстың маңыздылығы ой бөлісіп, әдістеме алмасуда мүмкіндік туғызуында және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік тудыратындығы. Бұл курста мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Оқушылардың оқуға �
�еген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін. Осы үш айлық курстың 1 деңгейі бойынша 1 ші Бетпе – бет кезеңінен өзіме жоғарыда көрсетіп кеткен әдіс – тәсілдердің барлығы бойынша мол тәжірибе жинақтадым. Тренерлеріміз Айгүл бастап, Гүлмира қоштап оқуды тәжірибемен ұштастыра отырып, топта жұмыс жасата отырып, оқудың қыр – сырынан көп мағлұмат берді. Күнде бізде оқудан көп жаңалық күткен оқушыдай, жұмысқа белсене араласып, топта ашыла жұмыс жасадық. Зияткерлік мектептен келіп дәріс берген мұғалімдердің де сабақтары
қызықты өтті. Алты қалпақ стратегиясы бойынша керібайланыс орната отырып, біздің ойымызбен бөлісті. Мен өзім жаңалыққа құштар адамның біреуімін. Не естісем де, не көрсем де бәрін тізбектеп, түртіп жаза беремін. Әрине, бұның маған көп көмегі тиді. Есеп жазу барысында өзімнің 1 ай бойы не үйренгендерімді тізбектеп қағаз бетіне түсіруге көп себі тиді. Алған, білгендерімізді бәрін жинақтап мектепке де келдік. Қасымызда сұрай қоятын апайларымыз жоқ Бірақ мен қиналмадым. Алғаш жұмысымды мектеп басшысымен тілдесуден бастап, мектептің басты
жағдайынан хабар алдым. Мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылардан сауалнама алып, өзімнің іс -* тәжірибемнің басты тақырыбын анықтап алдым. Негізінен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, және оқушылардың диалогтық қарым – қатынасқа түсуін анықтадым. Мұғалімдермен коучингсабақөткіздім. Өзіме тәлім алушы мұғалім алып, екеуіміз бірлесіп жұмыс жасадық. Сыныбымда өз еркімен сабақ берем деген М есімді мұғалім болды. Үш айлық курс оқымаса да өзінің сабақтарын жаңа технология үрдісіне ықпалдастырып өткізді. LS тәсілі бойынша сынып
та үш оқушыны алдық. Біреуі жақсы оқитын, орташа және төмен оқитын оқушылар.Оқушылар белсенділік танытты. Сабақ өте жақсы өтті. Ата – аналар да сауалнамаға қызығушылықпен қатысты. Постерде мектептің қазіргі жадайын көрсетіп, қорғады. Келесі топ келешекте мектептері қандай болғанынын қалайтындарын көрсетті. 4 тізбектелген сабақты да мұғалімдер жақсы өткізді. Өзім десыныпта сабақ бере отырып, сабағымда 7 модульді ықпалдастырып сабақ өткіздім. Тәжірибе аяқталуға шамалы күндер қалды. Барлық сабақтарым мен коучингтерімді өткіздім. Алд�
�ғы аптада тәлім алушы мұғалім 1 коучинг өткізеді. Өзім бір коучинг өткіземін. Жұмысым алға басуда. Порталға шығып, әріптестеріммен ой бөлісіп тұрамын. Тренерімізбен де хабарласып, сұрақ қойып, жауап аламыз. Ол жағынан апайларымыз мықты. Тәжірибемізді аяқтаған соң есеп жазуға кірісемін. Кішкене есеп жазуға қиналамын. Қиындықты жеңуге тырысамын . Алдан зор үміт күтеміз.Үмітіміз ақталып, курсты жақсы аяқтап, қолымызға сертификат алсақ жұмыс барысында бәрін де үйретеріміз хақ. 3 бетпе — бет кезеңінде жақсылықпен кездесуге жазсын. Бәріне с
әттілік тілеймін! Жұмысымыз алға бассын. Жиған – тергендерімізді ысырап қылмай, өмірлік тәжірибемізде пайдалан білейік. Білім нәрімен сусындатқан Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Баян Мұхамеджановна бастаған тренер Айгүл мен Гүлмираға айтар алғысымыз шексіз. Әр уақытта жаңалыққа жаны құмар біздей мұғалімдерге дәріс беріп, бағыт – бағдар сілтеп, түрленген сабақтармен қызықтырып, көшбасшылыққа дайындаған жаны жайсаң әріптестеріміз біздің қасымызда жүрсе, алдағы күндеріміз де сәтті, қызықты, табысты боларына сенеміз. Адам әрқашанда келешекке сеніммен қарау керек. Сенім сені алға жетелейді. Сол сенімнің арқасында ғой осындай деңгейлі оқуға тап болғанымыз. Мен оған еш өкінбеймін. Бастапқы да қорқыныш та, ұяңдық та, сенімсіздік те болды. Бәрі арттама деп ойлаймын. Өйткені күнделікті өткізіп жатқан сабақтарым мен коучингтерімнен өзімнің бойымда бір үлкен жауапкершілікті сезінемін. Әр сабақ түрленген сайын, оқушыларыммның бойында шабыт, қызығушық барын сеземін. Шаршау дегенді білмейді. Күнде сондай сабақ өтсе екен деп жанып тұрады. Топта сөйлемеген оқушылар бәрі сөйлейді. Жұмысты кезектесіп атқарады. Әріптестерімнің өзі келген бетте коучин деген не екеніне таңырқай қараса, қазір тағы қандай коучинг өткізесіз деп, жаңалыққа әуестеніп тұрады. Деңгейлі оқуға барам деп ниеттенген әріптестерім өте көп. Коучингтің арқасында мен әріптестерімді деңгейлі оқуға тарттым деп ойлаймын. Олар да топта жұмысты қызығушылықпен жасайды. Кері байланыста бастапқыда ойларын қысқаша білдірсе, кейін сыни тұрғыдан ойлап, ашық айтады. Үш айлық деңгейлі курстың берері мол.Өмір бойы оқудан шаршамайық. Ұстазға артар сенім көп. Өйткені біз болашаққа сеніммен қарайтын жас жеткіншектерді тәрбиелейміз. Оларды білім нәрімен сусындатамыз. Өмірге деген көзқарастарын ашамыз. Бір – біріне деген сезімдерін оятамыз. Осының бәрін қалыптастыру- ұстаздың бірден – бір мақсаты. Алға қойған арман – мақсаттарымыз орындалсын деп тілейік. Лайым солай болғай! Оқудың арқасында мен көп нәрсені үйрендім. Білгеннен, білмегенім көп, дегендей. Қазір мен білгенім біраз деп те айта аламын. Білгенімізді жаратайық, көрсетейік, ұқсатайық!
Қатесі болса кешірім өтінемін.

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. салеметсиздер ме? үш айлык курска жазылайын деп едим калай жазылсам болат тусиндирип жибересиздер ма

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *