Аманбаева Айжан Шакировна,Тараз қаласы,№ 24 гимназияcының қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі
8-сынып |
Күні : 5.03. 2014ж. | Сабақ №76
|
|
Сабақтың тақырыбы | Бауыржан Момышұлы. «Орыс мектебінде» | ||
Мақсаты | Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы өткенді қайталау. «Орыс мектебінде» деп аталатын «Ұшқан ұя» повесінен үзіндімен таныстыру. Әңгімені талдау, мазмұнын баяндап, сөйлемді дұрыс құрап, өз бетінше әңгіме құрап үйрету. Сөйлем құрау, дұрыс сөйлеу, өз ойын айту дағдысын жетілдіру. Бауыржан атамызға хат жазғызу арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту. | ||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері | Оқушылар тақырып бойынша әңгімелей біледі, сұрақтарды өзі құрастырып, дұрыс жауап бере алады.Сөйлемді дұрыс құраудың жолдарын игереді. Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы және «Орыс мектебінде » әңгімесі туралы баяндай алады. | ||
Күтілетін нәтиже | Бауыржан Момышұлының «Орыс мектебінде» әңгімесін өз бетінше оқып, түсіне білуі тиіс. Сұрақтар құрастырып, сұрақтарға жауап беріп, мәтінді әңгімелеп, сөйлем құрай алуы тиіс. | ||
Әдіс — тәсілдер | Миға шабуыл, ЖИГСО, деңгейлік тапсырма, жазу, сұрақ – жауап, талдау, «Ойлан, жұптас, талқыла», «Көңілді доп» ойыны | ||
Сілтеме | Оқулық,ғаламтор ресурстары | ||
Ресурстар | Маркер,флипчарт,стикерлер, постер, таныстырылым. | ||
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі (5м) | 1.Психологиялық дайындық.
Көңіл – күйге жағымды, жақсылық әкелетін, тілек тілегенде айтуға болатын бір-бір сөзден айту. Сыныптасына тілек тілеу. 2.Топқа бөлу. Б.Момышұлының шығармаларының атауларына қарай топқа бөлемін. 1-топ – «Ұшқан ұя» 2-топ – «Мәскеу үшін шайқас» 3-топ- «Қанмен жазылған кітап» 2.Топқа бөлу. Балалар,қалай ойлайсыздар, біз неге осылай топқа бөліндік? Қолдарыңыздағы тірек сөздер нені білдіреді?
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар? Балалар,бүгін біз Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын қайталай отыра, «Орыс мектебінде» әңгімесімен танысамыз. Тапсырмалар орындаймыз. |
Мысалы, бейбітшілік… сияқты сөздерді айтады.
(жақсылық, денсаулық, бақыт, табыс, табыс, сәттілік, ақ жол, махаббат, ырыс, ынтымақ, татулық, амандық) Бұл шығармалар атауы екенін, авторы кім екенін тауып айтады.
|
|
Үй тапсырмасын сұрау (6м) | Б.Момышұлы туралы таныстырылым дайындап келу.
Критерий бойынша бағаланады: 1.Мазмұны 2.Қорғау шеберлігі 3.Көркемдігі 4.Уақытты ұстануы Дескрипторлар: 18-20- «5», 14-17 – «4», 9-13 — «3», 1-8 – «2» |
Әр топтан бір жұмыс қорғалады. Бір-бірінің жұмысын смайликтермен бағалайды. | |
Жаңа сабақ 1.Қызығушылығын ояту
2.Мағынаны тану 3. Ой-толғау |
1. Сөздікпен жұмыс
Айырмасы жоқ – нет разницы Бірдей естілу – звучать одинаково Анықтап – ясно, точно Түртпектей – здесь: указывать, придираться Тұңғыш рет — впервые Талай – много Түзету –исправить Жеке – индивидуально Ретті жерінде – здесь: когда необходимо Шығару –здесь: решить Мүдірмей –безошибочно и быстро Мәз болып – обрадовавшись Мақтау – хвалить Тапсырды – поручил Шала-пұла – здесь:не полностью
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіремін. Балалар жаңа сөздермен 4 сөйлем құрауы керек (4м). 2.ЖИГСО әдісі. «Орыс мектебінде» әңгімесін үш топқа үшке бөліп беремін. (7м) 3. Аквариум әдісі. Мәтіннің не туралы екенін айту. (Бағалау: Басбармақ) (5м) 4.Грамматикалық тапсырма Сөйлем мүшелеріне қарай талдау жасау.(3 мин) 1-топ 1.Кешкі астан соң Василий сабағына отырды. 2.Мен бұл алфавитпен таныс едім. 3.Орыс мектебіндегі алғашқы сабағым осылай басталған еді. 4. Василий екеуміз мектепке қарай жүгірдік. 2-топ 1.Класқа балалардың соңынан кірдім. 2.Барлық оқушылар орнынан тұрды. 3. Ол үй тапсырмасын тақылдап айтып берді. 4. Мұғалім менен әліппені сұрады.
3-топ 1.Мұғалім тақтаға есеп жазды. 2. Оқушылар шығарып келіпті. 3.Есептеп жүйрік болып шықтым. 4.Әліппені оқитын болдым. (8м) 5. «Ыстық орындық» ойыны. 6.Қорытындылау. Бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Қандай әрекеттер жасадық? Қай тапсырма ұнады? Топ басшылары топтық бағалау кестесін оқиды. |
Жаңа сөздерді пайдаланып 4 сөйлем құрайды.
2. Мәтінді бөлікке бөліп оқиды, аударады, талқылайды. Бір-біріне айтып береді 3. Әр топтан оқушылар шығып өз бөлігінің не жайлы екенін айтып береді. 4.Грамматикалық тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Қай топтың барлық мүшелері орындап болса, сол топ бірінші оқиды.
5. Әр топтан бір алғыр, білгір оқушы шығады. Топ мүшелері оған сұрақтар қояды. (2 минутта қанша сұраққа жауап бере алатындығын байқайды, жауаптың дұрыстығына көңіл бөледі) |
|
Кері байланыс | «Өсу сатысы» (2м)
|
Тақырып бойынша не түсінгенін жазады (білдім, үйрендім, түсіндім) | |
Бағалау | Критерий бойынша, басбармақ,бағдаршам бойынша бағалаймын | ||
Үйге тапсырма | 1.Сөздікті жаттау (191-б)
2. «Бауыржан атаның балалық шағы» тақырыбында эссе жазу. (8-10 сөйлем) 1м |