Тілеужанова Ботагоз Толкынханқызы
ШҚО, Риддер қаласы,
«Шаңырақ» көпсалалы-мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәні мұғалімі
Сабақ
5 сынып |
Сабақ өтілетін уақыт:
Орны: №20 кабинеті. |
Барлық оқушы саны:
Қатысқаны: |
|||||
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық | ||||||
Сабақ тақырыбы | Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері | ||||||
Жалпы мақсаттар | Бағдарлама идеяларын орындату мақсатында оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыра отырып, компьютердің құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және құрамдас бөліктерін анықтау. | ||||||
Түйінді идеялар | Оқушылар шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы қабілеттілігі, зерделігі дамиды. Оқушылардың тақырыпты терең меңгеру деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау. | ||||||
Оқыту нәтижелері | 1. «Компьютердің анықтамасын және компьютердің түрлерін біледі.
2. Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін процессорды, оперативті жадын, қатты дискті CD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта (видеокарта) пернетақтадағы: Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін біледі. |
||||||
Көрнекіліктер | Суреттер, слайд-таныстырылым, модель | ||||||
Дереккөздер | Оқулық, әдістемелік құрал, ғаламтор, А. Әлімов «Интрабелсанде әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы | ||||||
Сабақ барысы |
Уақыты |
Модуль |
Әдіс-тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау(формативті, суммативті) |
|
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту: — үй тапсырмасын тексеру; — ұйымдастыру өткен тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; — белсенді әрекетке жұмылдырылады; — ойлау жұмысына ынталандырылады |
10 мин |
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту
Диалогтік оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
«Ой шақыру» стратегиясы, «Миға шабуыл» |
1.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал:
1. Топтың бірлестігін, жайлы көңіл-күйді және эмпатиялық сезімді дамыту мақсатында «Сәлемдесу» тренингін өткізеді. Мұғалім тренинг шартынмен таныстырады. 2. Топқа бөлуін ұйымдастыру. Топ ережесін құруды ұсыну. 3. Қалай ойлайсыңдар неге топтық атауы осылай аталды? 4. Үй тапсырмасы бойынша топтарға тапсырма береді. І топ. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата. ІІ топ. Адам ақпаратты қалай сақтайды? ІІІ топ. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады? 4 топ. Ақпаратты іздеуге не жатады? |
1. Шаттық шеңберін құрып, «Сәлемдесу» тренингі өткізіледі. Оқушылар мұғалімнің «Бастаймыз!» дегенде оқушылар қол соғу арқылы бір-бірімен сәлемдеседі.
2. Оқушылар қобдишадағы бүктелген қағаздарды ала отырып, «Суперкомпьютер», «Дербес компьютер», «Сервер», «Үлкен компьютер» топтарына бөлінеді. Топпен ақылдаса келе топ спикерін таңдайды. Топ мүшелеріне топ ережесін құрастырып, қорғап, ортақ бір ереже шығарып, сол ережеге бағынады 3. Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді. 4. Үй тапсырмасы бойынша топпен талқылап, пікірлерімен бөліседі. Өткен білімдерін пайдаланады, қорытындылайды. |
Критерий бойынша бағалау |
|
2-кезең: Мағынаны ажырату:
— оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; — жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастыра ды;
|
25 мин. | Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету, АКТ,
диалогтік оқыту; Дилогтік оқыту
АКТ, Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету
АКТ, Дарынды және талантты балаларды оқыту |
«Ой шақыру» стратегиясы
«ДЖИГСО» әдісі
Психологиялық ахуал, «Кубизм» әдіс-тәсілі
Жеке жұмыс |
1. Оқушылар сендер ақпараттық технологияны күнделікті қолданасыңдар ма? Ал ақпараттық технологияға не жатқызасыңдар?
2. Мұғалім жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында » ДЖИГСО» әдісін пайдаланады. Яғни 4 шағын топқа 1) Компьютер; 2) Компьютердің түрлері; 3) Компьютердің құрылымы; 4) Жүйелік блогтың құрамы тақырыпшалары беріледі. Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну керектігі ескертіледі. 3. АКТ-ны қолдана отырып, компьютердің құрылғыларын көрсеттім. 4. «Айна» жаттығуын ұйымдастыру. 5. Топтық жұмыс. І топ «Компьютердің құрылғылары», ІІ топ «Компьютердің түрлері», ІІІ топ «Жүйелік блогтың құрамы»», IV топ «Компьютерді пайдалау» моделін жасату, қорғату. 6. Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру. «Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы – ол КОМПЬЮТЕР. Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны» мәтінін теру арқылы Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін түсіндіру. |
1. Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді.
2. Ресурстармен танысады, талқылайды. Топ мүшелері ұсынылған материалды меңгеріп, өз тақырыпшалары бойынша топ мүшелеріне түсіндіреді. 3. АКТ-ны қолдана отырып, компьютердің құрылғыларын интрабелсенді тақтадан көреді, есте сақтайды. 4. «Айна» жаттығуын оқушылар жұптасып орындайды. 5. Топқа берілген тапсырма бойынша модель жасайды, қорғайды, дәлелдейді. 6. Компьютермен жеке жұмыс жасайды.
|
Критерий бойынша бағалау | |
3-кезең: Ой- толғаныс:
-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді |
10 мин | «Мнемоника» | Қорытынды:
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексереді.
|
1. Сабаққа белсенділік танытпаған оқушылар есте сақталған мәліметтерді айтады.
2. Топ спикерінің бағалауы |
Критерий бойынша бағалау,
Формативті бағалау. |
||
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (Үй тапсырмасы) | § 5,6 оқу | Деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. | Күнделікке үй тапсырмасын жазады. | Жиынтық бағалау | |||
Рефлексия | Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар толық қатысты. | Не үйрендік? Неден жирендік? | Формативті бағалау,
Рефлекция жасай ды. |
||||