Басы » География » Атлант мұхиты. Солтүстік Мұзды мұхит

Атлант мұхиты. Солтүстік Мұзды мұхит

ШҚО, Риддер қаласы,

“Шаңырақ” көпсалалы-мектеп-гимназия”

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география  пәні мұғалімі

Касымбаева Жанаргул Разхановна

Сабақтың тақырыбы Атлант мұхиты. Солтүстік Мұзды мұхит.

 

Сабақтың мақсаты Мұхиттардың географиялық орынын, жер бедерін, пайдалы қазбаларын, тіршіліктегі маңыздылығын түсіну
Оқыту нәтижелері Тақырыптың мазмұнын түсінеді . Тақырыпты талқылап өз пікірлерін айтады.
Әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл», «Ой шақыру», «Инсерт әдісі», «Венн диаграммасы»
Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , ассоциация жасау, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог,рефлексия.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Көрнекі құралдар

 

Негізгі ресурстар

 Компьютер,  доп,  фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар

«География. Материктер мен мұхиттар» оқулығы. Алматы «Атамұра» 2012 жыл, Қосымша деректер, Мұхиттар картасы, Атлас карталар

Бағалау Формативті, Бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау), смайликтер, «Бағдаршам», жиынтық бағалау
Қамтылған модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту

«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау

«Оқытудағы көшбасшылық»

СТО технологиясының элементтері

АКТ пайдалану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

3 минут

Сергіту сәті.. «Бүгін менің көңіл-күйім қандай?»

Топқа бөлу

Өзендер, көлдер, шығанақтар, бұғаздар (төрт топқа бөлінеді)

Сергіту сәтін жасайды.

 

Төрт топқа бөлініп отырады

 

ІІ

10 минут

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл»

 

1.Доп беру арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын бекіту.

Беткі ағыстар мұхиттағы тіршілік?

Гидросфера дегеніміз не?

Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы қанша?

Мұхит суының басты қасиеттері неде?

Судың тұздылығын немен өлшейміз?

Дүниежүзілік мұхиттағы тұздылықтың өте жоғары көрсеткіші қай жерде?

Мұздықтар нешеге бөлінеді?

Мұхит ауданының шамамен қанша пайызын мұздықтар алып жатыр?

Су массалары дегеніміз не?

Дүниежүзілік мұхит суындағы негізгі беткі ағыстарды ата?

Мұхиттағы тіршіліктің таралуына  не себепші болады?

Не Себепті мұхитты «тіршілік бесігі» деп атайды?

Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?

2. Табиғат құбылыстар жайлы  суреттер арқылы топқа бөлу. (қар, бұлт, жаңбыр,бу)

3. «Ой шақыру»

Су деген тіршіліктің қаны емеспе,

Су деген табиғаттың жаны емеспе,

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емеспе?!

Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз мұхиттарға байланысты

4.  Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмамен жұмыс. (Солтүстік мұзды мұхит пен Атлант мұхиты жайлы рефераттарын тыңдау)

І топ. Мұхиттардың зерттелу тарихы.

ІІ топ. Өсімдіктер мен жануарлары.

ІІІ топ Пайдалы қазбалары.

ІV топ.Өзендері мен көлдері.

Допты қағып алу арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолында не туралы жазылғанын түсіндіреді, талдайды, жауап береді.

 

 

Оқушыларға алдын ала берілген Солтүстік мұзды мұхит пен Атлант мұхиты жайлы рефераттарын талдау,саралау.

ІІІ

10 минут

Мағынаны тану.

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ітоп, ІІ топ, ІІІ топ,  VІ топ) Венн диограмасы бойынша салыстыру

1.Мұхиттардың зерттелу тарихы

2. Өсімдіктер мен жануарлары

3. Пайдалы қазбалары.

4. Өзендері мен көлдері

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ақылдасып, не түсінгендерін талқылау парағына сурет салу арқылы немесе жазу арқылы түсіндіреді. Әр топтан бір спикер шығып тапсырманы қорғайды, делдейді.

ІV

15 минут

Ой толғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Топтық жұмыс.(Пәнаралық байланыс)

1 . топ Эссе жазу

2 топ – Өлең шығару

3 топ – Сурет салу.

4 топ– «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда …» деген тақырыппен өз ойларын ортаға салу

1.Топпен жұмыс жасайды.

Әр топ өз ойларын ортаға салып, бір-бірлерінің ойларын жинақтап бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, эссе түрінде, сурет, өлең шығару арқылы, өздері шығармашылық ізденіс жасайды.

V

5 минут

Бағалау

 

Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. Смайликтер қолдану арқылы оқушылардың сабақ барысындағы көңіл күйлерін анықтап, «Бағдаршам» бойынша оқушылардың білімін тексереді. Рефлексия парағын таратады.

Инсерт әдісі.

Білемін. Білгім келеді . Үйрендім

 Күнделікке бағаларын қойдыртады.

Рефлексия жазады

Оқушылар бүгінгі сабақтан нені меңгергендіктерін жазады және тағы нені білетіндіктерін ойланып жазады.

2 минут

Үйге тапсырма.

 

  1. Мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар жайлы тың мәліметтер жазып әкелу
  2. Шығармашылық жұмыс «Келешекте мұхит қандай болады?»
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

 

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *