Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Серикбаева Рахат Айдарбаевна
Құқық пәнінің оқытушысы
Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңгеленген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.
Еліміздің 20 жылдық дамуының қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы стратегиялық курсының арқасында саяси жүйесі орнықты, экономикасы күшті, азаматтық қоғамы тұрақты сәтті және заманауи мемлекет құрдық.
Бұл табысымыз еліміздің жауапты мемлекеттік саясатының маңызды да ажырамас құраушысы болып табылатын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың да арқасында мүмкін болып отыр. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені жан-жақты және егжей-тегжейлі ескере отырып гүлденген болашаққа ұмтылған тұтастай халықтың келісімі мен бірлігін нығайтуға бағытталған.
Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер серпінді шешілуде. Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап, бекітті. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.
Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.
Қазақстан адам құқықтары бойынша 60 аса халықаралық шарттарға қосылды.
2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенцияға сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін жариялады.
Басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.
Аталған мәселені шешудегі алғашқы қадамдардың бірі әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен (ІІД, отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссия, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет департаменттері) тығыз жұмысты қамтитын әйелдерге арналған дағдарыстық орталықтардың ашылуы.
Қазақстанда отбасы, әйел және бала сұрақтары бойынша жеткілікті құқықтық негіз және қоғамның отбасы маңыздылығын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін түсіну қалыптасқан.
Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңдай үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Олардың қызметін ынталандыру үшін 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы мен 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
ҚР Президентінің 29.11.2005 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.
Еліміздің басты құқықтық құжаты Конституцияның 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады».
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатады және реттейді. Олардың басты қағидасы – ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі, балалардың отбасылық тәрбиесінің басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
2009 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ескертуге және алдын алуға, сонымен қатар оларды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды анықтап, жоюға бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерімен жүзеге асырылатын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралардың кешенін анықтайды.
Биылғы жылдың басты жаңалығы болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.
Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендету бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу деп ойлаймын.
Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, Әділет департаментімен азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, ақпараттық-насихат топтарының аудандардың және қаланың мекемелері мен кәсіпорындарына шығу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жастармен кездесулер өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отбасы-неке заңнамасындағы өзгерістерді, бизнес ашу сұрақтарын, азаматтармен тегін заң көмегін алу құқықтарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі.
Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.
[bws_related_posts]