Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжінің тарих пәні оқытушысы
Сулайманова Азиза Атабекқызы
Тақырыбы: «Модульдік технология тұлғаның дамуына бағытталған оқыту»
Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдында жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігімен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру. Оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүміндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту. «Модуль» сөзі оқытудың мазмұны мен технологиясын білдіреді. Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясы ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді,өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуге көмек көрсетеді.
Міндеті: Білім мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологиясын меңгере отырып, оқытумен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу, оқушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөліп,шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға қалыптастыру.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «Модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль» мазмұны өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Оқу модулі, негізінен үш құрылымды кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модуліне сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы(блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру. ММұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы(белгілер жүйесі,сызбалар,кестелер және т.б негізінде).Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір щқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі-мұғалімнің даярлық жүйесі.Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алған соң,оның мақсатын,мазмұнын және нәтижелерін,сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып,оқу модульін құрады. Оқу модулінің өзгешелігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Мұғалімнің алдын-ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады.
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген иіндетті білім,білік және дағдыларды,сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айкындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін тиімді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды,тақырып бойыншанегізгі ақпарат беретін сөздерді табу.
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру(анықталған түйінді ұғымдар негізінде)
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру(15-20 тапсырма шамасында).
6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру.
7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап күрделілік дәрежесіндегі,орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Кіріспе бөлімінде мұғалім а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.
а)Оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттыры мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының(қабылдауына), түсінісуіне ерекше көңіл бөледі;
б)тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша(15-20минут ішінді) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас үйренудің екінші- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады. Оқу оқушының жеке,топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, жадын,шығармашылығын және т.б дамытуға яғни біліи берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен,оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша,сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым,орташа дәреже, күрделі) дайындайды.Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі. Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай).
Олар:
-
Визуалдық лекция мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде сурет, сызбалармен берілген:
-
Лекция-консултация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша ұқсас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі:
-
Лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып беріледі:
-
Проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.
Лекция нақты ойластырып, қисынды түрде және бірізділікпен , түйінін қорытындысын шығара отырып, түсінікті және айқын тілиен баяндалғанда; әр түрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда; міндетті түрде жазылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды әңгімелесу жүргізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.
II кезең- мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы
1. Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу матеиалының негізгі мазианын белгілеу. |
2. Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалын оқып- үйрену, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу. |
3. Әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар және олардың үш деңгейлік тапсырмаларын дайындау |
4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар бастыру |
Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтап, жұмыс істеу үшін Б.Блум токсономиасын ұсындық.
III-(жеңілдетілген) деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді.
Олар шамамен мынадай түрде беріледі:
Білу Түсіну
II –деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады:
Қолдану |
Талдау |
қолдану мақсатын түсіндіріңіз, қандай дәлелге сүйендіңіз. |
құрылымы қандай, топтастырыңыз,салдары не, салыстырыңыз, себебін талдаңыз. |
I-деңгейдегідегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі (стандарттан жоғары тапсылмалар алған білімін топтау және бағалау деңгейінде бағытталған:
Топтау |
Бағалау |
өз шешіміңізді табыңыз, баламасын табыңыз, түсініктемесі қандай, жүйелестіріңіз, зерттеңіз |
қисынды ойды бағалаңыз, жетістіктерін айтыңыз, критерийлерін көрсетіңіз, қаншалықты дұрыс, қорытынды жасаңыз |
III кезең қорытынды (бақылау) бөлімі
Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылаудың 2-3 түрін даярлау.
Бақылау формалары
Тестілеу |
Толықтыруды қажет ететін тестілер, еске салушы тест, балама жауаптары бар тестілер, таңдамалы тест, сәйкестілік тесті, реттік бірізділікке берілген тест, құрама тест. |
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс 4-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өдері таңдайды. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше қайта оралып ғана жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми сөздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде оқыған білімін, ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, семантикалық карта, кесте арқылы бақылай аламыз.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өін-өзі дамытудағы шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Мысалы: 3-деңгей төменгі, 2-деңгей орташа, 1-деңгей білімі жоғары білімді оқушыларға арналады. Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау әдістері пайдаланылады. Дарынды балалар сабақта міндетті түрде, үнемі аса жоғары күрделірек деңгейде жұмыс істейді, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көшбасшылық (лидерлік) қабілеттері бар оқушылар «топ жетекшісі» рөлдері арқылы өздерін танытады.
Жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 2-ші және 1-ші тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда 3,2 тек кейде ғана 1-ші деңгей тапсырмалары таңдалады. Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте 3 деңгей (жеңілдетілген стандарт) тапсырмалары мен жұмыс істеуден бастайды. Сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында сөйлесуді қамтамасыз ету үшін тілдік орта болу жағдайларын жасап, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқыту-үйрену ойындары жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.Бұл әдіс оқушыны ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке, өз бетімен білімін жетілдіруге баулып, шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік стандарттық деңгейде білім алуына кепілдік береді.
[bws_related_posts]