Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Халық ауыз әдебиеті. Мақал – мәтелдер.

Халық ауыз әдебиеті. Мақал – мәтелдер.

Тасжанова Меруерт Джаксылыковна
Маңғыстау гуманитарлық
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: 
Лексикалық тақырыбы:  Халық ауыз әдебиеті. Мақал – мәтелдер.
Грамматикалық тақырыбы: Омоним. Антоним. Синоним.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халық ауыз әдебиетіндегі мақал – мәтелдер туралы мәлімет бере отырып, қазақ тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздермен білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Мақал – мәтел арқылы қазақ тілін терең меңгеріп, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді құрметтеуге үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеті мен ізденісін арттыру. Өзін – өзі бағалауға дағдыландыру.
Құрал – жабдығы: интербелсенді тақта
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, сиқырлы сандықша,т.б.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау және жүйелеу

Сабақтың типі: десант сабақ
 
Сабақтың әдісі: (сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, СТО, білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту технологияларының элементтері)

Сабақтың барысы:
 
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Мені танисың ба?» ойыны. Сиқырлы сандықшадағы сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1.      Ертегілер елінен хат.
2.      «Тіл тазалығы»
3.      «Ал, қазақшаңыз қалай?»
4.      «Менің сүйікті қазақ тілім»
5.      Аутотренинг «Кемпірқосақ»
IV. Үйге тапсырма. СТО технологиясының РАФТ стратегиясы бойынша тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу. Кезекші топ студенттерінің сабаққа қатысы, күннің жадын, апта, күнін, үйге берілген тапсырма туралы айтып өтеді.

—          Оқушылар, үй тапсырмасын пысықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіздер. Алдарыңыздағы сандықшаның ішінде сұрақтар жасырылған. Үйге берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап алынады.

ІІ. Сиқырлы сандықшадағы сұрақтар:

  1. Тіл тазалығы дегеніміз не?
  2. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тілі туралы не білесің?
  4. Қазақ тілінде неше жалғау бар? Оларды ата.
  5. Көптік жалғауын атап, мысал келтір. «Мен студентпін» сөзін жікте.
  6. «Менің тілім» сөзін тәуелде және  «Әке» сөзін септе.
  7. Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.  (синонимді тап)
  8. Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. (антонимді  тап)

Мінеки, студенттер, біз айтылған нақыл сөзден лексиканың ең кіші бірліктерін антонимді, синонимді таптық. Ендеше бүгінгі жаңа тақырыбымыз да осы төңірегінде болмақ. Лексикалық тақырыбымыз: Халық ауыз әдебиеті. Мақал – мәтелдер. Ал, грамматикалық тақырыбымыз: Синоним, Омоним, Антоним деп аталады. Ал, жаңа сабаққа кіріспес бұрын Дианадан  поштамызды тексеруін сұрайық. Поштамызға келген хат бар екен. Ендеше хатпен бізді Диана таныстырсын.

ІІІ. Ертегілер елінен келген хат.

Сәлеметсіздер ме, студент достар! Мен сіздерге ертегілер елінен хат жолдап отырмын. Мен сіздерге ертеде болған бір оқиға жайлы айтып берейін. Ол үшін арыдан бастайын. Тарихтан, шежіреден қозғайын. Ертеде лексика атты елде Омоним, Антоним, Синоним атты ағайынды үш жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір күні үшеуін шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Үшеуі әбден ойланыпты. Омоним айтыпты: Түс. Синоним айтыпты: Шекер, қант тәтті. Антоним жауап бермепті.

Әкесі: «Халықтан сұраңыздар, олар біледі», — депті. Содан үшеуі ел аралап кетіпті. Көп уақыттар өтіпті. Антоним үйіне қайтып келіпті де, Омоним мен Синоним алыста тұрақтап қалыпты деседі.  Ал шындығында дүниеде не тәтті? Менің студент достарым, осы сұрақтың жауабын тауып келесі жолы хатқа жазып жіберулеріңізді сұраймын. Сіздерден асыға хат күтемін.

Сәлеммен ертегідегі достарыңыз Самұрық құс.

Синоним

Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары ұқсас сөздер.

Мысалы: әдемі (красивый), жақсы (хороший), тәуір (лучше, хороший).

Синоним сөздердің белгілері:

  1. Әр түрлі дыбысталады;
  2. Бір ұғымды немесе бір – біріне жақын ұғымды білдіреді;
  3. Бір сөз табына қатысты болады;
  4. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.

Омоним

Омоним – дыбысталуы бір, мағыналары әр түрлі сөздер.

Мысалы: түс (сон, сновидение), түс (слезай), бет (лицо), бет (страница).

Антоним

Антоним – мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер.

Мысалы: жақсы – жаман (хороший – плохой), ақ – қара (белый – черный), биік – аласа (высокий – низкий).

Жаттығу жұмыстары

 

«Тіл тазалығы»  

 

Интербелсенді тақтадан сұрақтар беріледі.  Көрсетілген антонимдерге қатыстырып мақал – мәтел құрастыру қажет.

 

Күшті – әлсіз,

дос — дұшпан

Жаман – жақсы,

білімді — надан

Ащы – тәтті,

ұзын – қысқа.

 

  1. Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи)
  2. Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол,
  3. Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.
  4. Жаман сөз жылатады, Жақсы сөз жұбатады.
  5. Білімді – алтын көзі ашылатын, Надан жан – қара бақыр шашылатын.
  6. Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.
  7. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

 

Өте жақсы студенттер, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықтыңыздар. Сонымен антонимдік мақалдарды құрастырдық. Бұл тапсырмалар сіздердің ойларыңызды дамытып, достарыңыздың көбеюіне әсер етеді деп сенемін.

 

«Ал, қазақшаңыз қалай?»

Келесі жаттығу жұмысы берілген мақалдардың жалғасын табу деп аталады. Бұл тапсырма сіздердің қазақ тілін қаншалықты меңгергеніңізді көрсетеді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қойып, оның орысша, ағылшынша баламасын атайсыздар. Себебі тәуелсіз Қазақстанның болашағын ағылшын тілінсіз елестету мүмкін емес. Сондай – ақ сіздердің мамандықтарыңыз болашақ ағылшын тілінің мұғалімі.

 

Ашу … (дұшпан, враг,

Ақыл … (дос, друг, friend)

 

Ақылдан жақын … (дос, друг, ) жоқ

Ашудан жаман … (қас, враг, ) жоқ

 

Туған … (жердей, земля, ) жер болмас,

Туған … (елдей, страна,) ел болмас.

 

… (Оқу, учение, ) – білім бұлағы,

… (Білім, знание, образование, ) – өмір шырағы.

 

… (Достан, друг, ) сырыңды жасырма,

… (Дұшпанды, враг, ) басыңнан асырма.

 

Көз — …(қорқақ, трус, ) , қол — … (батыр, богатырь, герой, )

 

Біз осы арқылы өзіміздің бәсекеге қабілетті екендігімізді таныттық. Бәрекелді, тамаша!

Тағы бір тапсырманы кеспе қағаздар арқылы таратып беріп, бірге орындасақ.

 

Омонимдерді тауып, олардың астын сыз.

Кеше туған бөлемді

Анасы бесікке бөледі.

 

Менің атым – қой,

Атымды таңдап қой.

Бағушыны таңдап қоймасаң,

Қой жинауыңды қой.

 

Мақталарды мақтаймыз,

Мақтаны көп қаптаймыз.

Мақта терген адам жайлы

Мәлімет еш таппаймыз.

Үлгі: Бөле – туыстық атау, зат есім; бөле – етістік, бесікке жатқыз деген мағынаны білдіреді.

Қой – төрт түлік, зат есім; қой – етістік жаса немесе тоқтат, болды деген мағынада.

Мақта – тұрмысқа қажетті өсімдік, зат есім; мақта  — етістік, мадақтау, марапаттау дегенді білдіреді.

Бұл кезеңнен де сүрінбей өттік. Өте жақсы, студенттер! Мақал – мәтелдерді таптық, сөйлем құрадық, басқа тілдерге аудардық, енді халық ауыз әдебиетінің тағы бір тармағы жұмбақтар екен. Ендеше, бәріміз бірлікте, ауызбіршілікте жұмбақ шешіп көрейік.

Шешуі омоним сөз болатын жұмбақты шеш.

Түспін көзі жеткенге, Өсемін қар кеткенде. (Көк)

Бірде мен етік тігемін, Бірде есімдік бола білемін. (Біз)

Тамаша, оқушылар! Жұмбаққа да алғыр екенсіздер.  Сіздердің тілге деген қызығушылықтарыңызды көріп менің тағы бір тапсырма орындатқым келіп тұр. Қалай қарайсыздар? Бұл кезең «Менің сүйікті қазақ тілім» деп аталады.

  1. Рожденному смерти не миновать (Тумақ барда өлмек бар).
  2. Когда друзей много, не говори об одиночестве,

Когда  здоров, не говори о нужде ( Денің сау болса, жарлымын деме, Жолдасың көп болса, жалғызбын деме).

  1. Печаль старит, радость дух поднимает (Қайғы қартайтады, қуаныш марқайтады).
  2. Труд закаляет, сон освежает (Ұйқы – тынықтырады, жұмыс – шынықтырады).
  3. Труд – первое лекарство от всех болезней (Емнің алды – еңбек).

Берілген мақалдарды қазақ тіліне аударып, синоним, антоним, омонидерді табу.

Біз өзімізді аудармашылық қырымыздан көрсете білдік, енді нағыз жан – жақты студент ретінде көрсететін кез жетті. Ол үшін аз уақыттың ішінде «Тіл – тіршілік тірегі» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру қажет. Бұл сіздердің шығармашылық қабілеттеріңізді танытады.

(Жазып аяқтаған студенттерден сұраймын).

—          Дұрыс айтасыздар, студенттер! Сіздердің шағын әңгімелеріңізде айтылғандай тіл әр ұлттың жаны, рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі тақырыбымызда осы мәселелермен тікелей байланысты. Мақал – мәтелдер халық даналығының айнасы. Ал, антоним, омоним, синоним сөздер айтылар ойға көрік берер сөз бірліктері. Қазақ халқының сөзге бай, тілге шешен болуының негізгі себебі де осы болса керек.

IV. Үйге тапсырма. СТО технологиясының РАФТ стратегиясы бойынша тапсырмалар.

І қатар                            ІІ қатар                           ІІІ қатар

Р – рөл                                   оқушы                                                                       оқушы            оқушы

А – аудитория                        колледж                        конференция             қазақ тілі сабағы

Ф – форма                              ойтолғау                         баяндама                       хат

Т – тақырып                                     «Мемлекеттік тіл – менің де тілім»

      V. Бағалау.

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады және талдау жасалады.

— Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *