Басы » Шет тілдері » Аудармашының моральдық кодексібет 225

Аудармашының моральдық кодексі

aydaryАқтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің  
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Кисикова Калипа, 
Сабақтың тақырыбы: Аудармашының моральдық кодексі.
Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Өз мамандықтары туралы түсініктер мен білімдерін бекіту.
2.     Тәрбиелік: Білікті және бәсекеге қабілетті маман болуға тәрбиелеу.
3.     Дамытушылық: Мамандыққа сүйіспеншілігі мен қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудиокассета,  постер.
Сабақтың оқыту технологиясы: СТО
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Топпен жұмыс жасау
ІІІ. Қорытынды
 
Ұйымдастыру кезеңі:  амандасу, студенттерді түгендеу, үйге берілген тапсырманы сұрау.
Біз бүгінгі сабағымызда «Аудармашының моральдық кодексі тақырыбындағы бөлімімізді бекітіп, бақылау жұмысын жасаймыз.Тақырыпқа түсінік бере кетсйік.

Мораль дегеніміз-ережелер,тәртіп пен принциптердің жиынтығы.
Кодекс дегеніміз-белгілі бір жүйе бойынша заңдар жиынтығы.
 
Аудармашының моральдық кодексін  осы мамандыққа тиісті ережелер жиынтығы деп атауға болады. Аудармашы өз талаптары мен міндеттерін жақсы меңгеруі тиіс. Өз құқығын жақсы білуі керек.

 

Аудармашы мамандығын өздерің таңдадыңдар ма?
Осы мамандықты таңдауға не себеп болды?
Сендерге аудармашы болу несімен ұнайды?
Басқа мамандықтан ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
Бекіту сабағы:
Топ 4 топқа бөлінген. Осы бөлім бойынша өтілген 4 тақырыпты қайталап, тақырыптарды түгелдей түсінгендерін тексеру үшін,  әр топ бір тақырыпты айтып өз тақырыбы бойынша  қалған топтарға  сұрақтар қоямыз.
1 топ – Аудармашының сөйлеу мәдениеті;
2 топ – Аудармашы қызметіндегі әдеп;
3 топ – Кәсіби тыңдауға дайындық;
4 топ – Аудармашылық тез жазу жүйесі.
—         Студенттер,  әр мамандықтың өзіндік талаптары болады. Тақтадағы слайд бойынша бұл талаптардың керектігін дәлелдеңдер.
Слайд.  Аудармашыға қойылатын талаптар:
-дауыс анық болуы тиіс.
-сыпайы, ұқыпты киініп жүру.
-сөздік қорын молайту.
-есте сақтау қабілетін дамыту.
-өз саласын терең меңгеру(мұнай,құрылыс саласы)
-басқа елдің мәдениетімен таныс болу.
-кәсіби әдепті меңгеру.
-әлемдегі жаңалықпен хабардар болу.
-бұқаралық ақпараттарды (газет-журналдар) оқу.

Постер қорғау
Тағы қандай талаптар қажет деп ойлайсыңдар, әр топ өз ойларын қағазға түсіреді. Әр топтан 1 студент шығып постерді қорғайды.

Венн диаграммасы

Аудармашының негізгі құралы-тіл. Басқа тілде өз ойын жеткізіп білу және жауап беру үшін сөйлеу мен тыңдап білу өте маңызды.

Сөйлеу-тыңдау  (айырмашылықтары мен ортақ  ұғымды табу)

Диалогпен жұмыс

Аудиокассетадан ағылшын тілінде диалог тыңдау. Тыңдаған сұхбатты қазақ тіліне аударулары керек.  Диалогтың не туралы екендігін табу.

Бақылау жұмысы

Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап беріңдер.

Бағалау

Өз жауаптарыңды келесі топқа беріп, тақтадағы жауап нұсқаларымен тексереміз.

 

10 дұрыс жауапқа-5 деген баға

9-8 дұрыс жауапқа-4 деген баға

7- дұрыс жауапқа-3 деген баға

Үйге тапсырма

Өтілген тақырыптарды толығымен қайталау.

Қорытынды

Абай атамыздың отыз екінші қара сөзінде «Білім — ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі – мұлахаза (ойлау, пікір алысу), екіншісі – мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде (күш жұмсау, тырысу) болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Білікті маман, бәсекеге қабілетті аудармашы болу үшін бізге қажетті іс-әрекеттерді атқарып отырсақ үлкен жетістікке жетеміз.

Әр студент үйренген тілінде сөйлей және сауатты жаза білуі, мән беріп тыңдай білуі қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *