Маңғыстау гуманитарлық колледжінің орыс топтарындағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы Нурмухамбетова Клара Хайрлиевна
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Лексикалық: Қазақ тілі сабағында
Бiлiмдiлік мақсаты: Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, бастауыш пен баяндауышты орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолдармен меңгерту. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы сөйлемнің тұрлаулы мүшерін анықтауға, қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Деңгейлеп оқыту, өзара сөйлесу, сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып, оқушының есте сақтау, жатқа айту қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелiк мақсаты: Өзге ұлт өкiлдерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiн құрметтеу сезiмiн қалыптастыру, тілді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Оқыту технологиясы: Деңгейлеп оқыту технологиясы
Сабақтың әдiс — тәсiлдерi: Карточкамен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, аудару, жаттығу жұмыстары, сөйлесу, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, орысша-қазақша
сөздік, слайд, деңгейлік тапсырмалар,
үлестірмелі карточкалар, бағалау кестесі
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
- Ауа райы туралы мәлімет 2 минут
- Жеке жұмыс 3 минут
- Өткен тақырыпты бекіту 10 минут
Деңгейлік тапсырмалар
4. Жаңа сабақ 25 минут
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Қазақ тілі сабағында
1) Ереже. Жаттығу жұмыстары
2) Сұрақ-жауап
3) Мәтінмен жұмыс
4) Сөздік жұмысы
5) Мәтінді орыс тіліне аудару
6) Деңгейлік тапсырмалар
- Қорытынды 3 минут
- Үй тапсырмасын түсіндіру 1 минут
- Бағалау 1
Оқытушы сабақтың тақырыбын айтады, мақсатымен таныстырады
Оқушыларға бағалау кестесі үлестіріледі
1. Ауа райы туралы
2. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей (1 оқушы)
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз.
Жа…бырлы күн, ашы… аспан, өтк…нші жаңбыр, жы…ы жел, күн б…лтсыз, түнде сал…ын,
ж…л со…уы ықтимал.
II деңгей (1 оқушы)
Ыстық , суық , аяз, жылы сөздерімен сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
III деңгей
Ауа райы туралы мәлімет
Үлгі
Биыл қыс жылы болды. Бүгін ақпанның 11-і. Ақтауда таңертең күн салқын болды. Аспан ашық, бұлтсыз. Күн жауын-шашынсыз. Жерге қар түскен жоқ. Баяу жел еседі. Ауаның температурасы — 5 — 7 градус суық. Ауаның ылғалдылығы — 15%.
Орыс тіліне аударыңыз (ауызша).
Қазақстанның батыс аймағында күндіз күн бұлтты болады, түнде қар жауады. Шығыста күндіз күн ашық, түнде қатты жел соғады. Еліміздің солтүстік аймағында да күндіз қар жауып, арты аязға айналады. Орталық Қазақстанда күндіз күн бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстікте күндіз күн ашық болады, түнде жел соғуы ықтимал.
3. Өткен тақырыпты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
№1 карточка. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз
Мен … бара жатырмын. Студенттер емтихан … тапсырып жатыр. Балалар … ойнап жүр ме?
(емтихан, мектепке, үйде, далада, сабаққа, киноға)
№2 карточка. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыз
Мен кітап оқып … . Сендер бөлмеде сөйлесіп … . Сен шай ішіп … ба?
(жүр, жүрсіңдер, отырсың, отырмын, жатырмын, отыр)
II деңгей
Тест (оқушының білімін компьютер арқылы тексеру)
III деңгей (интерактивті тақта)
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар
1) Маңғыстау гуманитарлық колледжі қай жылы есігін ашты?
2) Колледж қандай мамандықтар бойынша маман дайындайды?
3) Сіздердің мамандығыңыз қайдай?
4) Колледж студенттерге қандай жағдай жасап отыр?
5) №200 дәрісхана қалай жабдықталған?
6) №200 дәрісханада қазір қандай сабақ өтіп жатыр?
4. Жаңа сабақ. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Қазақ тілі сабағында
1) Ереже
Бастауыш (подлежащее) — сөйлемдегі атау (И.п.) септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше.
ü Сұрақтары : кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі?(отвечает на вопросы кто? что?)
ü Бастауыш келесі сөз таптарынан жасалады (подлежащее может быть выражено): зат есім, есімдік, сын есім, сан есім, етістік.
Баяндауыш (сказуемое) – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.
ü Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді.
ü Баяндауыштың келесі сөз таптарынан жасалады (сказуемое может быть выражено): етістік, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік.
Жаттығу жұмыстары (интерактивті тақта)
Оқушылар сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне сұрақ қояды, сөйлемнің негізін анықтайды.
1) Бүгін күн жылынды. Іздеген жетер мұратына. Дала тап-таза (етістік ) Олар алыс жерден келді. Ауыл мәдениеті өсіп келеді. Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті.
Біз қазақ тілін үйреніп жүрміз.
2) Орыс тілімен салыстыру.
Наташа вошла в комнату (сказуемое выражено глаголом). Дважды два — четыре (подлежащее и сказуемое выражено числительным)
3) Ағылшын тілінде де мысал келтіріледі.
The weather is cold but sunny. Ауа райы салқын, бірақ күн шығып тұр. Погода холодная, но солнечная.
We learn three languages. Біз үш тілді меңгеріп жүрміз. Мы изучаем три языка.
2) Сұрақ — жауап
— Қазақ тілі сабағында біз қай тілде сөйлейміз?
— Сіз қай тілді білесіз?
— Сіз үйде қай тілде сөйлейсіз?
— Сіз колледжде қай тілде сөйлейсіз?
— Достарыңыз қай тілде сөйлейді?
— Сіз тағы қандай тіл білесіз?
— Сіз қай тілді үйреніп жүрсіз?
— Сабақтан тыс уақытта сіз қазақша сөйлейсіз бе?
Сауалнама (интерактивті тақта)
Қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсіз?
1. | Қызмет үшін | |
2. | Емтихан тапсыру үшін | |
3. | Ауылдарға саяхат жасау үшін | |
4. | Өзім үшін | |
5. | Қазақ тілін зерттеу үшін | |
6. | Қазақ тілінде сөйлеу үшін | |
7. | Фильмдерді, әндерді түсіну үшін | |
8. | Оқуым үшін | |
9. | Бәрі үйреніп жүрген соң |
— Қазақ тілі қандай тіл?
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Государственным языком Республики Казахстан является казахский язык.
— Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
— «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның 4-ші бабында мемлекеттік тілді меңгеру жөнінде не жазылған?
— Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Долгом каждого гражданина Республики Казахстан является овладение государственным языком, являющимся важнейшим фактором консолидации народа Казахстана.
— Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (5 бап.)
В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык.
— Президент Жолдауында тіл туралы не айтты?
— Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.
— Қазақ тілі сабағында біз не істейміз?
— Қазақ тілі сабағында біз қазақ тілінде оқымыз, дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеміз, қазақша жазамыз, сұрақтарға жауап береміз, сөздікпен жұмыс жасаймыз, жаттаймыз, аударамыз.
3) Мәтінмен жұмыс. Қазақ тілі сабағында (кітаппен жұмыс)
Рольмен оқу.
Бүгін ақпанның он бірі. Қазір бізде қазақ тілі сабағы жүріп жатыр. Біз қазақ тілін қызығып үйреніп жүрміз, өйткені қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ол біздің келешек жұмысымызға керек.
Біздің мұғаліміміз – егде, өте шебер ұстаз. Оның сабақтары өте қызық, көңілді өтеді. Ол қазір бізге қазақша сөйлеп тұр, тақырып бойынша сұрақтар қойып жатыр. Балалар жауап беріп отыр.
Мұғалім: Жарайсыңдар, сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырсыңдар. Енді Володя мәтіннен сөйлем алып тақтаға жазсын. Сол сөйлемге грамматикалық талдау жасасын.
— Светлана, сен мәтіндегі сөйлемдерді аудар, содан кейін мазмұнын айт,
— Ал, енді аудармалы диктант жазайық. Мен мәтінді орысша оқиын, сендер
аударыңдар да, дәптерлеріңе жазыңдар. Ертеңгі сабақтың көпшілік бөлігін ауызша сөйлесуге арнайық. Сурет бойынша белгілі тақырыпта әңгімелейік. Сабақтың екінші бөлігінде компьютер сыныбына барайық, «сұхбат» сабағы бойынша өткізейік. Сонан соң мен сендерге іс қағаздарының үлгілерін көрсетейін, сол бойынша жұмыс жүргізейін.
Студент: Үй тапсырмасы қандай?
Мұғалім: Үйде немесе оқу залында жаттығуларды орындаңдар, ережелерді жаттаңдар. Дұрыстап дайындалыңдар.
4) Сөздік жұмысы
Тапсырма: орыс, ағылшын эквиваленттерін табыңыз (интерактивті тақта)
сөйлеу — говорить — to speak
талдау — разбор — to make parsing
аудару — переводить — to translate
жаттау — учить наизусть — to learn by heart
орындау — выполнять — to do an exercise
сөйлем — предложение — sentence
мәтін — текст — text
ереже — правило — rule
5) Мәтінді орыс тіліне аудару
6) Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Берілген сөздермен сөз тіркесін құрыңыз.
Карточка №1
аудару
оқу
әңгімелеу
жаттау
талдау
жазу
II деңгей
Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Карточка №2
Қазақ тілі сабағында студенттер шығарма ….
Қазақ тілі сабағында мен ережелерді ….
Қазақ тілі сабағында біз мәтін ….
Қазақ тілі сабағында оқушы сұрақ ….
Қазақ тілі сабағында студенттер сурет бойынша ….
(жазып отыр, оқып отырмыз, әңгімелеп отыр, жаттап отыр, қойып отыр)
III деңгей Сызбалардың орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлем құраңыз.
1. _______ ______ _ _ _ _ _______
2. _._._._ _______ _ _ _ _ _ ________
3. _____ _______ _ _ _ _ ________
4. _______ _._._._ _ _ _ _ _ ________
5. _._._._ ______ _____ _ _ _ _ ______
5. Қорытынды
6. Үй тапсырмасын түсіндіру
1) Деңгейлік тапсырмаларды орыс және ағылшын тілінде орындап келіңіз.
2) Сөйлемге талдау жасаңыз
Біз қазақ тілін қызығып үйреніп жүрміз, өйткені қазақ тілі — мемлекттік тіл, ол біздің келешек жұмысымызға керек.
7. Бағалау
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІН — ӨЗІ ЖӘНЕ БІРІН-БІРІ БАҒАЛАУ КЕСТЕСІ
Студенттің аты-жөні
|
ТАПСЫРМАЛАР |
||||||||||
АБ-12
|
1
|
2 |
3 |
4
|
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Жалпы ұпай |
|
1. |
|||||||||||
2. |
|||||||||||
3. |
|
||||||||||
4. |
|||||||||||
5. |
Ескерту:
«5» — 3 ұпай
«4» — 2 ұпай
«3» — 1 ұпай
7- 9 ұпай — 5 (өте жақсы)
4- 6 ұпай — 4 (жақсы)
1- 3 ұпай — 3 (қанағаттанарлық)
Тест сұрақтары
1. Орыс тілінде үндестік заңы бар ма?
А) жоқ
В) бар
С) кездеспейді
Д) мүмкін емес
Е) мүмкін
2. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
А) менің
В) анау
С) кімдер?
Д) өзім
Е) біз
3. Хабарлы сөйлемді табыңыз
А) Ал сосын
В) Ойсыздарға қосылма
С) Неге келмейсің
Д) Қайдағы жау
Е) Жел де жоқ
4. Қазақ тілінде тек(род) категориясы бар ма?
А) бар
В) жоқ
С) мүмкін
Д) мүмкін емес
Е) кездеспейді
5. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?
А) лепті
В) сұраулы
С) хабарлы
Д) бұйрықты
Е) атаулы
6. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Үйдің кең бөлмесі
В) Қарағым, тоқтай тұршы
С) Бүгін қар жауды
Д) Сен жазып келген шығарсың
Е) Мен күні бойы жұмыста болдым
7. Сөз тіркесін табыңыз.
А) бара жатыр
В) он екі
С) қара торы
Д) бірінші үй
Е) келді
8. Етістіктің сұрақтарын табыңыз.
А) кім? не?
В) қандай? қай?
С) неше? қанша?
Д) кімге? неге?
Е) не істеді? не қылды?
9. Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.
А) Әке – шеше
В) Еңбекші халық
С) Аспан әлемі
Д) Қарағанды
Е) Ата-ана
10. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) үшеу
В) жиырма
С) тоғызыншы
Д) елу шақты
Е) екіден бір
Тест сұрақтарының жауаптары:
Сұрақтар | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жауаптар | А | С | Е | В | А | Д | Д | Е | Д | В |
[bws_related_posts]