Басы » Дене шынықтыру » Естиярлар және ересектер тобындағы дене шынықтыру сабақтары

Естиярлар және ересектер тобындағы дене шынықтыру сабақтары

 Маңғыстау гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі теориясы мен  әдістемесі пәнінің  оқытушысы Оразова  Амангүл  Джұбатовна

Сабақтың  тақырыбы: Естиярлар және ересектер тобындағы дене шынықтыру сабақтары

Мақсаты: Студенттердің білімін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, естияр және ересектер жас ерекшеліктегі топтардағы дене шынықтыру сабақтарының жүргізу әдіс тәсілдерімен таныстыру, сабақ жоспарын құру барысында оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру қабілетін дамыту. Топтасып жоспар талдау, жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы жаңа сабақты меңгерту, жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, дәріс жазылған карточкалар, суретті карточкалар, плакаттар, сабақ үлгілері;

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, талдау, сараптау:

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі: 

1. Амандасу. Топты түгендеу

2. Шағын топтарға бөліну

ІІ. Өткенді қайталау 

  1. Ойын «Дода»  интерактивті тақтада берілген сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беру

-Дене тәрбиесінің міндеттері мен құралы

-Дене жаттығулары  түрлері

-Гимнастика бөлімдерін жікте

— Саптағы жаттығуларды ата

-Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз?

-Дене жаттығуларына үйрету әдіс-тәсілдері

-Лақтыру және қағып алу, әдіс-тәсілдері

-Спорттық жаттығулар және ойындар

-Негізгі қимыл-қозғалыстар

-Жалпы дамыту жаттығулары немен орындалады?

— Қимыл қозғалыс ойындарының түрлерін ата?

— Нақты ережесі бар, кейіпкері жоқ ойын түрі

— Дене шынықтыру сабағы қанша бөлімнен тұрады?

-Кіріспе бөлімінің  мазмұны

— Негізгі  бөлімнің мазмұны

— Қорытынды бөлімнің мазмұны

— Ертеңгілік жаттығулар дегеніміз?

-Сәбилер тобындағы қимыл-қозғалыс ойындарды ұйымдастыру

2. ІІ сәбилер тобындағы дене шынықтыру  сабақтары  — түсініктерін айтып беру

ІІІ.  Жаңа сабақ 

Естиярлар және ересектер тобындағы дене шынықтыру сабақтары

а) Естиярлар және ересектер тобының жас ерекшеліктеріне байланысты денеге түсетін жүктемелер айырмашылықтарын түсіндіру, таныстыру

— Естиярлар тобында сабақтың ұзақтығы – 20 — 25мин

-Ересектер тобында сабақтың ұзақтығы –  25-30 мин

б) Сабақ бөлімдерінде орындалатын тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеу

Орындалатын тапсырмалар

Естиярлар тобында

Ересектер тобында

Кіріспе бөлім

Жүру, жүгіру, саптағы жаттығулар

Саптағы жаттығулар

Сапқа белгілі ретпен тұру, шеңбер бойымен, екі-екіден, колонна болып тұру, бірінен кейін бірі өз бетімен тұру, оңға, солға бұрылулар; Өздіктерімен шеңбер жасап тұру; бұрылулар; сапта екіге бөліну; екі және бірнеше шеңбер жасап тұру; бой бойынша саптізбекте тұру;

Жүру

І жарты жылдықта- бастауышты ауыстырып жүру, саптізбекте жүру, жәй жүру, түзудің бойымен жүру, аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру, табанның ішкі қырымен жүру, қосалқы адым жасап жүру, қосалқы адымдап ілгері жүру, жүруді жүгірумен алмастыру;

ІІ жарты жылдықта- арақашықтықты сақтай отырып, бірінен кейін бірі жүру, жүрістің қарқынын өзгертіп жүру, бағытты өзгертіп жүрісті жүгірумен кезектестіру, бір орында тұрып, бір жағына қарай қосалқы қадам жасау, қолды бүйірге таяп және бір жағына қарай (иықты жазып) жүру, кішкене қапты төбесіне көтеріп жүру, көзді жұмып жүру, ирелеңдеп жүру.

І жарты жылдықта –

Бір жағына қарай жүрелей отырып қосалқы қадам жасау; жай-жай адымдап аяқты жыбырлатып басу; сызықтардың бойымен кең адымдап жүру; қолға әртүрлі қимылдар жасап жүру;бағыт-бағдарсыз ирек жасап жүру;

ІІ жарты жылдықта –

Өкшеден аяқтың ұшына қарай салмақ тастай жүру; Қолды желкеге қойып жүру, таяқты қолтықтың астына қойып жүру; қадам жасаумен шапалақты байланыстыра жүру;

Жүгіру:

І жарты жылдықта —

Сигнал бойынша шашырап жүгіру және қайтадан орнын таба білу; қол ұстасып шеңбер бойымен жүгіру; екі-екіден жүгіру; құрсаудан құрсауға жүгіру; қолдарына жалаушалар ұстап жүріспен кезектестіре отырып жүгіру;

ІІ жарты жылдықта —

Бір түзудің бойына орналыстырылған азаттарды айнала жүгіру; тізені жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүгіру; ирек жасай отырып жүгіру; бір орында жүгіру; 40-60 марақашықтықты 3-4 ке бөліп қарқынмен жүгіру;

І жарты жылдықта —

Иректеп жүгіріп барра жатып жұп-жұпқа шағын топтарға бөліну; топ бастаушыларын ауыстырып, ақырындап жүгіру; шеңберден жүгіріп өті, оны қағып алу және айналдыру; көлбеу жатқан тақтай үстімен әрі-бері жүгіру;

ІІ жарты жылдықта:

Тақтайшаларды аттап жүгіру; қашып бара жатқандарды қуалай жүгіру; айналмалы арқанның астынан жүгіру; жұпталып жарыса жүгіру;

ІІ. Негізгі бөлім

Негізгі қимылдар

Жалпы дамыту жаттығулары:  5-7 жаттығу, қайталау мөлшері 5-6 рет, құралсыз және құралмен 7-8 жаттығу, қайталау мөлшері 6-8 рет, құралсыз және құралмен

Секіру:

І жарты жылдықта– аяқтың ұшымен көтеріліп, тұтас табанмен төмен түсу, оңға-солға бұрыла отырып, бір орында екі аяқпен екі аяқпен секіру, екі аяқпен (2-3 м) жылжи секіру, төбесінде ілулі тұрған екі қолмен ұрып сылдырлатуға тырыса бір орында тұрып секіру, жіп, тегіс кубик арқылы (биіктігі 3-5 см)

ІІ жарты жылдықта – өзін-өзі шыр айнала бір орында тұрып, екі аяқпен секіру, аяқты бір қағып қойып секіру, құрсаудан құрсауға, бір сызық арқылы (қашықтығы 30-40 см) секіру, бір орыннан ұзындыққа мүмкіндігінше алысқа секіру, гимнастикалық орындықтан (биіктігі 20 см) секіру;

І жарты жылдықта– Биіктіктен секіріп түсу; қолды шапалақтай секіру; шеңберден шеңберге жылжи секіру; екпінмен биіктікке  секіру;

ІІ жарты жылдықта —

Бір орыннан аяқтан аяққа секіріп түсу;

Төмен және биік орналасқан текшелерден кезектестіре секіру; сызықтан немесе бір қырындап секіріп түсу;

екпінмен ұзындыққа секіру;

 

Еңбектеу және өрмелеу:

І жарты жылдықта – кедергілердің арасымен ирек жасап төрттағандап еңбектеу, сүйей қойылған көлбеу тақтайға еңбектеп шығу, қолдарына тартыла отырып, гимнастикалық орындық бойымен бауырымен еңбектеу, құрсаудың ішіне, доғаның астынан, орындықтың астымен еңбектеп өту, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығу, еңбектеп түсу, баспалдақтың арғы жағына өрмелеп өту;

ІІ жарты жылдықта — гимнастикалық баспалдақ бойымен төрттағандап аюша еңбектеп жүру, допты домалата отырып, кедергілердің арасымен төрттағандап еңбектеу, бөрененің бойымен төрттағандап еңбектеу, жіптің, доғаның астынан қолды еденге тигізбей (тура және бір бүйірмен) еңбектеу, қосалқы қадам жасап гимнастикалық қабырғаның бір ашық аралығынан екінші ашық аралығына өту;

І жарты жылдықта

Басымен допты итере отырып 3-4 м еңбектеу; қатарынан бірнеше заттың арасынан еңбектеп өту; төрттағандап және етпеттен артқа қарай еңбектеу;  көлбеу тақтай бойымен еңбектеп, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу; гимнастикалық қабырғадағы білте тақтайшаларды өткізіп аттап  өрмелеу;

ІІ жарты жылдықта

Орындықтың бойымен шетіне дейін еңбектеп, еденге қолдарын сүйеп еңбектеп түсу; орындықтың, бөрененің астынан кесе көлденеңнен еңбектеп өту; орындықтың бойымен артқа қарай еңбектеу; гимнастикалық қабырғаға көтеріліп, көлбеу тақтай бойымен еңбектеп түсу; орындыққа тізесімен тартылу; Гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу және ауыспалы қадаммен төмен түсу;

Лақтыру және қағып алу:

І жарты жылдықта – 15-20 см арақашықтықта бір біріне параллель жатқан жіптің немесе таяқтың арсымен допты домалату (ұзындығы 2-3м), біріне қарама-қарсы тұрып допты аяқтарының астынан домалату және қағып алу, құрсауды тәрбиешіге қарай домалату, допты жоғары лақтыру, еденге соғу, оны бастан ұстап алу, допты лақтыру және қағып алу (жұптасып), допты екі қолмен бастан асыра лақтыру, көлденең және тік тұрған нысанаға тигізу;

ІІ жарты жылдықта – көлбеу тақтай бойымен домалатып, қақпаға немесе затқа тигізу, құрсауды бір-біріне домалатып, кері домалату, допты едденге оң және сол қолымен кезек ұру, бір-біріне шеңбер бойымен лақтыру, екі қолмен бастан асыра лақтыру, алысқа көздеген жерге (2-2,5 м) лақтыру;

І жарты жылдықта –

Гимнастикалық орындық бойымен допты оң және сол қолмен домалату; доптарды таяқшалармен, күрекшелермен домалату; допты бір орында тұрып еденге соққылау (10 рет); допты түрегеліп тұрып бір біріне әртүрлі бағытта домалату;  нысанаға бір және екі қолмен төменнен және бастан асыра лақтыру; салмағы әртүрлі заттарды алысқа лақтыру;

ІІ жарты жылдықта –

Орындықтың бір шетінен екінші шетіне ширақ серпи отырып домалату; шеңберді алақанменсаусақтармен итере домалатып жүру және жүгіру; допты бір қолмен лақтыру және қағып алу; допты тордан лақтыру; допты баскетбол кәрзеңкесіне түсіру; допты отырған күйде екі қолмен бастан асыра лақтыру; құм салған қапшықты тбарынша құлаштай, аяғы мен иығынан асыра отырып лақтыру; допты немесе құм салған қапшықты барынша құлаштай аяғымен иығынан бұрыла отырып алстата лақтыру;

Тепе-теңдікті сақтау:

І жарты жылдықта – қолдарын алға созып, алақанына дорба салып, жіптің бойымен жүру; кішкентай допты төбеге көтеріп жүру; тақтайдың үстімен жүру; аяқтың ұшымен еденде жатқан баспалдақ үстінде жүру;  көлбеу тақтайша үстімен жоғары төмен жүру; жүгіргеннен кейін белгі бойынша заттардың үстіне шығып кілт тоқтап, тепе-теңдігін сақтап тұру; қол орамал ұстап билеу және айналу;

ІІ жарты жылдықта – бір аяқпен тұру, екінші аяқты тіземен алға, бір жағына көтеру; қолды белге қойып көлбеу тақтай бойымен ерсілі-қаарсылы жүру; екі қолды жайып, орындықтың үстімен жүру; 15-20 см биіктіктегі сатының үстімен аттап жүру;

І жарты жылдықта –

Жүрістен кейін аяқтың ұшына жүрелеп отырып, қолды екі жаққа созу және тез тұрып кету, денені тік ұстап, аяқтың ұшымен көтерілу;  бір аяқтың өкшесін екінші аяқтың ұшына тақап қойыпжіптің бойымен жүру; қосалқы қадаммен тура және бір қырындапкөлбеу тақтай бойымен жүру; гимнастикалық орындықта бір аяқпен тұру; гимнастикалық орындықта тұрып шыр көбелек айналу; бір-бірімен қол ұстаса, қосақтасып айналу;

ІІ жарты жылдықта — 

Жүгіруден, секіруден кейін тоқтап, бір аяқпен тұру; аяқты ұшымен басып, көлбеу тақтайдың бойымен жүгіру; орындық үстімен жүріп, ортасына келгенде жүрелеп отыру;

Қимыл қозғалыс ойындар:

сюжетті және сюжетсіз ойындар ойналады; ойынның ережесі өлеңдетіп, хормен айтылып ойналады; тәрбиеші балалардың барлығын жүргізуші қылып ойнатуға тырысады;  жұптасып ойнауға үйренеді; жарыс элементтері бар ойындар енгізіледі; Мысалы: «Аққу, қаздар», «Өз жұбыңды тап», «Ұшқыштар» т.с.с. Жарыс элементтері бар ойындар жеке жарыс арқылы ойналады; команда болып ойналады; ұлттық ойындар мен спорттық ойындардың элементтері бар ойындар ойналады;
ІІІ.Қорытынды бөлімде: Салмақты жүріс, тыныс алу жаттығулары, аз қимылды ойындар;

 

 

ІV. Шығармашылық жұмыс

1. Алдарында берілген сабақ үлгілері  бойынша қай жас ерекшеліктері бойынша жасақталған жоспар екенін анықтап, талдау;

2. — Естиярлар және ересектер тобында  орындалатын негізгі қимылдардың  орындалуын жіктеп жазыңдар;

— Естиярлар және ересектер тобында  орындалатын саптағы жаттығулар түрлері жас ерекшеліктеріне қарай жазыңдар;

— Естиярлар және ересектер тобында  орындалатын қимыл-қозғалыс ойындар жас ерекшеліктеріне қарай жіктеу;

V. Қорытындылау. 

      1.Үйге тапсырма:    Естиярлар және ересектер тобына дене шынықтыру сабағының жоспарын жазып келу.

      2. Бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *