Басы » Кембридж бағдарламасы » Шыңғыс Айматов «Найман-Ана»

Шыңғыс Айматов «Найман-Ана»

shynqysҚарағанды облысы
Қарағанды қаласы
№34 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Магауиянова Гүлдана Саятқызы

Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айматов «Найман-Ана»

Мақсаты: автордың өмірі мен  шығармашылығы туралы  мәлімет бере отырып, «Найман-Ана» туындысының мазмұны мен идеясын сыни тұрғыдан талдау.

Міндеттері: 1.Ақынның өмірі мен өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу; шығарманы сюжеттік құрылысына талдау жасау; 2.Есте сақтау, сөздік қорларын  дамыту.  3. Ананың ерлігін дәріптеу, адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстау, адамға қиянат жасамау.

Күтілетін нәтиже: 1.Автордың өмірбаянын біледі. Шығарманы сюжеттік  құрылысына қарай талдай алады. 2. Есте сақтау қабілеттері жоғарылайды, сөздік қорлары дами түседі 3.Шығарманың тақырыбы мен идеясын өмірден мысал келтіре отырып аша алады.

Қолданылатын модуль:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3.Оқыту үшін  бағалау ж/е оқуды бағалау; 4. АКТ-ны қолдану; 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Қолданылатын стратегиялар: «Жарнама» , «Топтастыр», «Конверт сұрақ», «Сандық бейне»,«Ойлан-жұптас-бөліс», «Бас бармақ», «Бағалау парақшалары», «Шешімін тап»«Постермен жұмыс», «Көңілді смайликтер»,«Ақылдың алты  қалпағы»«Топтық бағалау».

Сабақтың кезеңдері, уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
І кіріспе

 

1 минут

 

Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

 

 

Оқушылармен амандасу.

Сыныпта жағымды эмоция қалыптастыруда мақсатында «Жарнама» стратегиясын қолдану. Бір оқушыны ортаға шығарып, артына сурет жасыру.

 

Амандасу.Ал оқушы бейнелеген суретті көрмей, оны жарнамалап, сатуға тырысу керек. Қалған топтағы оқушылар бұл заттың пайдасы туралы сұрақтар қояды.

Нәтиже: көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген қызығушылықтары артады.

 

 

 

Ауызша кері байланыс,

А4 форматындағы сурет
 

ІІ тұсаукесер

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды топқа бөлу.Әдебиеттің кезеңдері бойынша топқа бөлу

 

 

Үй жұмысын тексеру, бекіту. «Конверт сұрақ» стратегиясы

 

«Халық ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті», «Әлем әдебиеті» топтарына бөлу үшін авторлар жазылған  парақшалар үлестіріп береді.

 

Әлем әдебиетіне шолу жасау. Проблемалық сұрақтар қою.

Әлем әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орны қандай?

Әлем әдебиетінің өкілдері кімдер, қандай шығармаларымен таныстыңыздар?

Неліктен әлем әдебиетінің өкілдерінің шығармаларымен таныстыңыздар?

Әлем әдебиетінің шығармаларын оқу барысында сізге қалай әсер етті?

 

 

Парақшадағы

авторлардың қай кезеңнің өкілдері екенін табу арқылы өз орындарын табу.

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады, ой бөліседі, пікірлерін дәлелдейді.

 

Әр оқушының жауабын сыныптастары пікірлерін білдіру арқылы  бағалайды. мадақтау

 

парақшалар

 

Негізгі бөлім

28 минут

«Сандық бейне». Дарынды оқушымен жұмыс. А деңгейлі оқушының жазушы және шығармасы туралы таныстырылымын қорғау. Оқушыларға сұрақ қоя отырып,сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу.

 

Көрсетілім қай жазушы туралы? Автордың шығармасы  туралы не білгілерің келеді? Мазмұнын ашуда қандай ой қосар едіңдер?

 

Дарынды оқушының сөз саптау, дәлелді сөйлеу, келтіріліген мәліметтердің нақтылығын қадағалайды.

«Қос жазба күнделігіне» фрагменттерді түртіп алады.

Түсінгендерін ортаға салады.

Таныстырылымын қорғап, жинақтаған мәліметтерімен тың жаңалықтарымен бөліседі.

Өзін-өзі бағалау парақшасын ұсыну Презентация, интербелсендітақта
  «Мағынаны тану»

Кітаппен жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы шығарманың мәтінін бөліп алып, алдымен өзі одан кейін жұпта, топта талқылайды.

 

АВС деңгейлі оқушылардың оқудағы іс-әрекетін, ЖАДА-ң жүзеге асу-аспауын бақылайды. С деңгейлі оқушылардың метатанымдық қабілеттерінің деңгейін анықтауға тырысады. Барлық оқушылардың оқу үрдісіне тартылуын қадағалайды. Төрт топ берілген мәтіндер бойынша оқып, мазмұнын құрдастарына түсіндіреді. «бас бармақ»

 

оқулық
  Сергіту сәті. Латын биі Видеопрезентацияны қосып, оқушылармен бірге биді қайталау Бидің ырғағына сәйкес қайталап, сергіту сәтән орындайды   Интербелсендітақта, видеролик
  «Шешімін тап» стратегиясы. Интербелсендітақтамен жұмыс. Әдебиеттің теориясына сәйкес шығарманы сюжеттік композициялық құрылысына талдау жасау. Интербелсендітақтадан Active inspire бағдарламасын қосу.  Сюжеттік құрылыс бойынша тапсырманы ашу

( шығарманың басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)

Қаламның көмегімен берілген тапсырманы интербелсендітақтаға жазып шығады.    
  Постермен жұмыс. Шығармадағы ана образын постерге түсіру. Шығарманы оқи отыра, сіздер ананың образын қалай елестетесіздер, қандай затқа немесе нәрсеге теңейсіздер деген сұрақтар қою арқылы оқушыларға бағыт береді. Флипчарт, маркер, түрлі-түсті қарындаш, стикерлер көмегімен ойларын суретпен бейнелеп, араларынан спикер сайлап, топ алдында қорғайды.

Тапсырманы орындағанннан кейін әр топ смайликтерді таңдап, өз көңіл-күйлерін білдіреді

«Көңілді смайликтер»

 

смайликтер
  Сабақты бекіту. Семантикалық карта(БКТЗО) Оқушыларға не білдім? Не білгім келеді? Мен үшін жаңалық? Мен білмеймін? сұрақтары жазылған кестені таратып беру.Бүгінгі замандағы мәңгүрттік дерт жайлы не айтар едіңіздер?ойларын тыңдау. Бүгінгі сабақтан алған білімдерін ортаға салып, жинақтайды. Ауызша кері байланыс  
Қорытынды.

10 минут

Рефлексия. Э.Бононың «Ақылдың алты  қалпағы» стратегиясы Оқушыларға қалпақтарды таратып беріп, атқаратын қызметтері жайлы бағыт береді Ақ қалпақ. Тек фактілер!
Қара қалпақ. Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенің анықтап және себебін түсіндіреді.
Қызыл қалпақ. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйімен бөлісу
Көк қалпақ. Бұл философиялық , пысықтау қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады.
Тамаша! Жарайсың! Түрлі-түсті қалпақтар
  Бағалау Оқушыларды бағалау Топтар бір-бірін ауызша бағалап, жетістіктері мен кемшіліктері жайлыайтып бағалайды. Топтық бағалау  
  Қорытынды Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхаммед Бабырдың

Әрқашанда таза болсын ар — ожданың, жүрегің,
Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсақ өзгелерге — өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің -, дегендей әрқашанда қатыгездіктен аулақ болайық!

     
  Үйге тапсырма. Шығарманы оқу. «Мәңгүрттік адамзаттың хас жауы» тақырыбына ойтолғау Үй тапсырмасын беру Күнделіктеріне түртіп алады   күнделік
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *