Бимурзаева Баян
Тақырыбы: Сын есімнен өткенді қайталау
Мақсаты: Оқушы нені меңгеруге тиісті? Сын есімнің емлесін меңгере отырып.
Білімділік: сын есімнің тұлғасына, мағнасына, құрамына қарай түрлерін талдай алады; сын есімнің түрлерін сөйлем ішінде ажырата біледі, өз сөздерінің ішінде түсініп қолдана алады, адамның кескінін, мінезін, портретін суретке қарап, адамға қарап сипаттай алады; көркем шығармаладағы адамның портреттерінен қандай кейіпкер екендігін ажырата алады; көркем шығармалардағы адамның портреттерінен қандай кейіпкер екендігін ажырата алады, оқи отырып ол адамның кескінін елестете алады, қабілеті барлар суретін сала алады.
Дамытушылық: ойлау және шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін,сөздік қорын,сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: ана тілінің заңдылықтарының сүйе білуге, әсемдікке, адамгершілікке,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрден өзгеше сабақ.
Техникалық құрал: магнитафон.
Көрнекі құралдар: сызбалар, салынған суреттер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу,кезекшімен сұхбаттасу.
1.Ұстаз.
2.Құрметті,білімді.
3.Оқытады, үйретеді,тәрбиелейді.
4.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
5. Тәрбиеші.
1 – жұмыс
Тыңдау, Ойлау, Әрекеттену.
Магнитофоннан қашқын қылмыскер туралы хабарландыру оқып , балалардың көңілін аудару.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, барлық заң қызметкерлеріне, полицейлерге, барлық қала халқына хабарландыру.
Кеше сағат түнгі 4 – те орталық банк тоналды. Қашқын ұстатпай кетті. Қылмыскердің кескіні жасырын камераға түсіп қалған. Кескіні кейін газетке жарияланады. Абай болыңыздар. Мұздай қаруланған. Кімде – кім байқаса, полиция бөліміне хабарлассын.
• Ал, балалар, біз қылмыскерді ұстауға көмектесуіміз керек. Ол үшін адамның кескінін, портретін сипаттай білуіміз керек. Біз сендермен әдебиет сабағында портрет туралы түсінік алғанбыз. «Түйебай» әңгімесіндегі молданың портретін жаттағанбыз. Қане, кім молданың портретін айтып жібереді.
Молданың портреті.
«Молдамыз – сұрғылттау келген адам, шоқша сақалы бар. Мұртын таңқита қырып, көзіне сүрме сүртіп, төрт көзденеді де жүреді».
Бұл – молданың өзгермейтін , қимылсыз кескіні.
• Балалар, портрет дегеніміз не екен?
• Портрет – жазушының сөзбен салған суреті.
2 – жұмыс. – Балалар, қылмыскерді ұстауға көмектесу үшін бірнеше портреттерді сипаттай білуіміз керек. Адамның сыртқы кескінін байқай, оны сипаттай білетін аңғарымпаз болуымыз керек. Арамыздан заңгер, прокурор, полиция қызметкерлері шығуы мүмкін ғой. Ол үшін бірнеше портреттермен танысып, олардың қандай кейіпкерге келетінін анықтау керек . . .
• Балалар, Ғабит Мүсірепов деген жазушының «Қазақ солдаты» атты романы бар. Ол романдағы негізгі кейіпкер Қайрош кішкене кезінде оқу іздеп қалаға қарай жаяу қашып кетеді.
Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай – қарай зытам . . . зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін.
Әбден шаршап келіп дүкеншімен сөйлескені.
• Іздрәсти… – дедім, ең әдепті үнмен. Ол маған:
• Пошел! – деп жауап қайтарды. Әбден шаршап, қап – қара, қожалақ – қожалақ болып кеткенін көріп «мордасы – ай» дейді. Сол кезде сондай аңғарымпаз, тез байқағыш бала дүеншінің де мордасының жетісіп тұрмағандығын байқап былай суреттейді.
Дүкеншінің портретін үлестірмелі карточкаларға жазып, оқушыларға оқытып, сын есімдердің жазылуына көңіл аударту.
Үлестірмелі карточка.
«Шіріген картоптай сабалақ тарғыл мұрынды, жайын ауыз, маңдайы екі – ақ елі, екі білегі жүн — жүн». Бұл портреттен қандай адамды көз алдарыңа келтіре аласыңдар? (жағымсыз, сүйкімсіз)
Ал осындағы сын есімдерге көңіл аударайық.
• Балалар, қандай сын есімдер бар?
• Күрделі сын есімдер бар. Мысалы: шіріген картоптай сабалақ тарғыл мұрынды, жайын ауыз.
• Бұлар сын есімнің қай түріне жатады?
• Қатыстық сын есімге жатады.
Оқушыларға күрделі сын есімдердің арасына үтір қойылмайтындығын айтып ескерткен жөн.
Екінші карточка
Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күге күйген, тобылғы торы екен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын аз ғана аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанмен, маған ол өте сымбатты көрінді. Табаны жалпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай, әлде ақсиған тістері ме, әлде ақ көңілділігіме, әлде қабағына қақ тұрмайтын ойнақшығаны ма, әйтеуір шеген мені біржола тартып әкетті. (жағымды, сүйкімді, тартымды, әдемі бала)
Үшінші карточка
Ақбота әдемі ақ келіншек болыпты. Жасында дөңгелек жүзді, жұмсақ мұрындылау, арықтау, аласалау еді, қазір ашаң жүзді, қыр мұрынды, бойшаң болуға бет алыпты.
Төртінші карточка
Аласа маңдайына кепкасын бастыра киген, сіріңке қара жігіт маған бірден ұнамады. Жас баланың өкшесіндей тайпиған ғана кішкене иек, сояудай тістерін әрең жасырып, құлағына дейін созылған қалың ерінді, бақа ауыздау жігіт екен. Мойыны қылқиған, айыр желке, ала көзде. Желке мен төбесінің арасы төрт – ақ елі, құлын жауырын, қалақша жігіт, өте бір сүйкімсіз жан көрінді.
Алдындағы екі карточкадағы сын есімдерді дәптеріне жаздырып, кейінгі екеуін ауызша талдау керек.
Сыртқы бейнесін, түрін аңғаруымызбен бірге олардың мінез құлықтарын да ажырата білуіміз керек. Ол үшін молданың мінез құлқын танытатын жолдарды кітаптан оқытып, не жаттаған оқушыларға айтқызу керек.
Сыртқы бейнесін, түрін аңғаруымызбен бірге олардың мінез құлықтарын ажырата білуіміз керек. Ол үшін молданың мінез құлқын еске түсіріп жіберейік. Молданың мінез – құлқын танытатын жолдарды кітаптан оқытып, не жаттаған оқушыларға айтқызу керек.
Түйебай кешігіп келгенде, не дейтін еді? Кітаптан оқытып жібергеннен кейінгі сұрақ.
• Молданың мінезі қандай, балалар?
• Молданың мінезі өте қатал, жиренішті, қатыгез.
3 – жұмыс. Алдымен адамдарда қарама – қайшылықта болатын мінез – құлықтар, қасиеттер қандай екенін санамалап, талдап жіберейік, яғни антонимдер табайық. Ол үшін тақтаға мына сөздерді тігінен жазғызып, қарсы сөздерді, яғни антонимдерді толтыру керек.
Керекті қарсы сөздер:боркемік,бос,момын,ынжық,жалтақ,жеңілтек, ұшқалақ, қатал, жалқау, олақ, надан, қопал, айлакер.
4-жұмыс.- Енді сендер бес-алты мінезді талдап,түсіндіріп беріңдер. Ол үшін мына сызбаға көңіл аударыңдар.
Адамдарда кездесетін мінез-құлықтарға түсініктеменің тиістісін оқып бер. Ол түсініктемелер карточкаға жазылып, үстелдің үстінде төңкеріліп жатады. Тақтаға шыққан оқушылар карточканың біреуін алады (емтиханның билетін алғандай),оқиды. Мазмұны сызбадағы көрсетілген мінездің қайсысына тура келгедігін айтады,айта алмаса, оқушылар айтады. Карточкада кездесетін сын есімдерді айтқызып, емлесін сұрап отырған жөн. Мұғалімдер үшін сызбадағы сөздер нөмірленіп, карточкаға сәйкестендіріліп қойылады.
5-жұмыс. Қазір сендер әр түрлі мінез-құлықтарды пайымдап біліп қалдыңдар. Бағаны қашқынды ұстауға көмекші ғана емес, тіпті прокурор, сот, полиция қызметкері, адвокат болуға жақындадыңдар.
Айтпақшы ,полициядан тағы да хабар келіп қалды тыңдайық.
Тыңдаңыздыр! Көңіл бөліңіздер! Кешегі қылмыскердің жасырын камераға түсірілген біреуінің түр-сипаты анықталды.
Ол – орта бойлы, дембелше,топ-толық,жуан бел,төртпақ келген,қысық көзді, мұрны шолақтау, шошайған құлақты, быртиған саусақты, тар маңдайлы, жалпақ табанды, мығым келген жас жігіт.
• Балалар, қылмыскер қандай жігіт?
• Қылмыскер жас жігіт. «Төмендегідей жас жігіт» деп тақтаның бір жағына жаздырып, одан бірнеше көрсеткіш (стрелка) сызықтарды сызып жіберіп, оның бойының, көзінің , қолының т.б дене мүшелерінің қандай екендігін біртіндеп оқушылардан сұрай отырып, толтырып жазып шығу керек.
Оқушыларға төрт түрлі салынған адамдардың суреті көрсетіледі. Балалар тыңдағаны, талдағаны бойынша төрт суреттің ішінен қылмыскерді тауып , қылмыскердің тура өзін ұстағандай мәз болды.
Сабақты бекіту:
• Сұрақтар арқылы.
• Сын есім заттың қандай белгілерін білдіреді?
• Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
• Әр оқушы есіміне байланысты сын есімдер арқылы өзін сипаттайды.
Мысалы: Нұртілеу арманшыл, ақылды. Нұрсезім мейрімді,мықты. Құнанбай байсалды, білімді. Нұрдаулет қайсар, қажырлы. Айжан білімді, қамқор.
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма . 129-шы жаттығуды жазбаша орындау. Еліміздің Туы мен елтаңбасын суреттеп жазу.