Қармақшы ауданы
Жосалы қыстағы
С. Есқараев атындағы №27 орта мектеп
С. Есқараев атындағы №27 орта мектебі
Пән мұғалімі: Жұмабаева Толқын Ордабекқызы
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Буланудың екінші тәсілі қайнау процесімен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сарамандық жұмыстар жасау барысында қауіпсіздік ережесін естен шығармауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: қатарлар әдісі, есептер шығару, 5 жолды өлең әдісі
Сабақтың құрал-жабдықтары: штатив, спирт шамы, шыны ыдыс, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ауаның ылғалдылығы.(қатарлар әдісі бойынша)
1-қатар. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не, ол қандай параметрлерге тәуелді?
2-қатар. Гигрометрдің құрылысы қандай, жұмыс істеу принципі.
3-қатар. Психрометрдің құрылысы және оны қалай қолданады?
Тақтада: «Бақылау мен тәжірибе – физикалық білімнің көзі».
Сабаққа эпиграф:
Бу шығармай ұстасаң — Попробуй пар не выпускать –
Шәйнегің бомба боп атылар! И чайник может бомбой стать!
В. Марков.
Мұғалім: Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шайды шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек.
Бүгін біз сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
Мұғалім: Қазір біз қайнау процесін бақылаймыз.
Қайнау процесін бақылау: көпіршіктер, жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктердің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы.
Мұғалім: Суды қыздыру. Қыздырған кезде құтының үстінгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Осы кезде, ызыл естіледі. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Сұйық қайнайды. Сұйық температурасы өзгермейді. Осы температура сұйықтың қайнау температурасы деп аталады.Мұғалім: Ал енді қайнау процесінің жұмбағын шешейік.
1. Құтының үстіңгі жағынан нені байқадық?
2. Көпіршіктер қайдан пайда болды?
3. Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады?
4. Ызыл неге естіледі?
5. Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады?
Жауабы:
1. Әңгімелесу барысында анықталады, құтының үстінгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.
2. Әңгімелесу барысында анықталады, бұлар — судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.
3. Әңгімелесу барысында анықталады, ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді.
4. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.
5. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.
Мұғалім: Ал енді Қайнау мен булану процесін салыстырайық. Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығы неде?
Булану қайсысында болады?
Булану қандай температурада болады?
Сұйықтың қайнауы мен булануы кезінде оның температурасы қандай болады?
Оқушылар жауабын тақтаға жазады.
Енді осы процестерді салыстыра отырып қайнауға анықтама берейік. Оқушылар анықтама береді. Тақтадағы бос орындар толықтырылады.
Меншікті булану жылуы дегеніміз сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі ретінде бір джоульдің бір килограмға қатынасы алынады. (1Дж/кг)
Массасы m сұйықты буландыруға қажеетті жылу мөлшерін
Q=r*m
формуласымен есептейді.
ІУ. Сабақты қорыту. Есептер шығару. 11-жаттығу(3,4,8)
У. Сабақты бекіту. Су сөзіне 5 жолды өлең құрастыру
УІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.
УІІ. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстарына байланысты жұмбақтар жаттау.
11-жаттығу. (7)
ІлмекҚайнау. Меншікті булану жылуы