Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ана тілім- қазақ тілім

Ана тілім- қазақ тілім

 Армангуль Еркин

«Ана тілім- қазақ тілім»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын,тіл байлықтарын дамыту, сөздерді бір-бірімен байланыстыра сөйлеуге үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін қадағалу, ой-өрістерін кеңейту, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жемістер-көкөністер муляждары, себет, жабайы аңдар мен үй жануарлары суреттері, текшелер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, дыбыстарды ажырату, ойын.
Шаттық шеңбері Қайырлы күн достар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
 Армысың шапағатты Күн-ана!
Армысың шапағатты Аспан-ана!
Армысың мейірімді Жер-ана!
Құт дарытып бар әлемді жарылқа.
Мұғалім: Балалар, сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
Балалар: Қазақстан.
Мұғалім:Қазақстан туралы кім тақпақ, өлең біледі?
Отан біздің анамыз,
Әлпештеген, өсірген.
Өмір нәрін аламыз,
Оның жұрап төсінен.
Ғ.Қайырбеков.
Мұғалім: Қазақстандағы мемлекеттік тіл — қай тіл?
Балалар: қазақ тілі.
Мұғалім: Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Балалар:Екібастұзда
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет. Енді ойын – сабағымызды бастаймыз. ^ Дидактикалық ойын: «Танысу». Әркім өзін таныстыру үшін допты алып, бір-біріне бере отырып, өздерінің аттарын айтады. Мысалы: «Менің атым …..»,-деп өзін таныстырады.
Мұғалім: Келесі ойын «Сөз ойлан, тез ойлан» деп аталады. Мысалы: Қо.., сә…, қи…, ба…, қас…, жыл…, т.с.с жалғаса береді. (Балалар жалғасын тауып айтады)
^ Мұғалім: «Жабайы аңдар мен үй жануарларын ата» ойыны. Яғни сурет бойынша жабайы аңдар мен үй жануарларын екі тілде айтып, толық жауап беру. Мысалы:
Түлкі-лиса-жабайы аң.
Сиыр-корова-үй жануары.
Қоян-заяц-жабайы аң.
Түйе –верблюд-жабайы аң. Т.с.с
Мұғалім: Өте жақсы! Жарайсыңдар, балалар! Енді бойымызды жазып алайық.
^ Сергіту сәті
Ал балалар тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып,бір тұрып
Біз тыңығып алайық.
Мұғалім: Ендігі ойын «Көкөніс пен жемісті сипатына қарай тап». Мен кез-келген жемісті, не көкөністі сипаттаймын, сендер жауабын айтасыңдар. Мысалы: Сары, сопақ, дәмі қышқыл, ағашта өседі… (лимон).
Домалақ, тәтті, шырынды, қызыл…. (алма)
Домалақ, ащы, сарғыш…. (пияз)
Сопақ, жасыл, дәмді…. (қияр)
Сары, жасыл, тәтті, шырынды, шам тәрізді… (алмұрт). Т.с.с
Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар! Енді «Себетке сал» ойыны. Көкөністерді бөлек, жемістерді бөлек жинайсыңдар.
Мұғалім:Келесі ойын «Сөз құрау». Текшелерді алып 2-3 әріптен тұратын сөздер құрау. Мысалы: аю, ит, доп, ана, үй, нан, піл, бас, т.б.
Қорытынды
Мұғалім: Балалар, бүгін сабақта өз білімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер, рахмет сендерге. Сау болыңдар!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *