Басы » Баяндамалар » Физика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі

Физика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі

Қармақшы ауданы
Жосалы қыстағы
С. Есқараев атындағы №27 орта мектеп
С. Есқараев атындағы №27 орта мектебі
Пән мұғалімі: Жұмабаева Толқын Ордабекқызы 
Физика пәнін оқытуда интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімділігі

Елбасы Н. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында, оқу іс-әрекетінде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеуі және өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі еені айтылған.

Физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияы қолдануға жайлы сала болып келеді. Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың днамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады және оқытушы мен оқушыларға арналағн дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік ұралдар жасалады.

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде

Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі  туралы баяндалады

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға  сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен  зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып келемін.  Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары,  жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша  берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды  көрсете отырып,  түсіндіруге ыңғайлы.

Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде «интерактивті әдістер», «интерактивті оқыту» терминдерімен жиі кездесеміз. Интерактивті әдістер – оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал интерактивті оқытуда өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінсек болады. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді.

Сабақ беру барысында мен үнемі интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдаланамын. 8-сыныпта өткен «Токтың жұмысы мен қуаты» және «Қайнау. Меншікті булану жылуы» атты тақырыптарда өткен сабақтарымды әкеліп отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Буланудың екінші тәсілі қайнау процесімен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сарамандық жұмыстар жасау барысында қауіпсіздік ережесін естен шығармауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: қатарлар әдісі, есептер шығару, 5 жолды өлең әдісі

Сабақтың құрал-жабдықтары: электрондық оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ауаның ылғалдылығы.(қатарлар әдісі бойынша)

1-қатар. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не, ол қандай параметрлерге тәуелді?

2-қатар. Гигрометрдің құрылысы қандай, жұмыс істеу принципі.

3-қатар. Психрометрдің құрылысы және оны қалай қолданады?

Мұғалім: Жақсы шығарылған, ыстық шайдан артық не бар? Бәріміз шәйді қалай шығарылу керектігін білеміз. Шайды шығармас бұрын, суды қайнатып алуымыз керек.

Бүгін біз сабақта «Қайнау. Меншікті булану жылуы» тақырыбымен танысамыз.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру. Электрондық оқулықтан қайнау процесін көреміз.

Мұғалім: Қазір біз қайнау процесін бақылаймыз.

Қайнау процесін бақылау: көпіршіктер, жоғары көтеріліп жоғалып кетуі, ызыл, көпіршіктердің судың бетіне жетіп жарылуы, судың қайнауы.

Мұғалім: Ал енді қайнау процесінің жұмбағын шешейік.

1. Құтының үстіңгі жағынан нені байқадық?

2. Көпіршіктер қайдан пайда болды?

3. Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады?

4. Ызыл неге естіледі?

5. Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады?

Жауабы:

1.  Әңгімелесу барысында анықталады,  құтының үстінгі жағынан тұманды байқауға болады.  Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады.

2. Әңгімелесу барысында анықталады, бұлар — судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері.

3. Әңгімелесу барысында анықталады,  ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп  үлкейе береді.

4. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде, әдетте, су қайнар алдында шығатын ызыл естіледі.

5. Әңгімелесу барысында анықталады, көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады.

Мұғалім: Ал енді Қайнау мен булану процесін салыстырайық. Сұйықтың қайнауының, оның булануынан айырмашылығы неде?

Булану қайсысында болады?

Булану қандай температурада болады?

Сұйықтың қайнауы мен булануы кезінде оның температурасы қандай болады?

Енді осы процестерді салыстыра отырып қайнауға анықтама берейік. Оқушылар анықтама береді. Тақтадағы бос орындар толықтырылады.

Дәптермен жұмыс:

Меншікті булану жылуы дегеніміз сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.

Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі ретінде бір джоульдің бір килограмға қатынасы алынады. (1Дж/кг)

Массасы m сұйықты буландыруға қажетті жылу мөлшерін

Q=r*m

формуласымен есептейді.

ІУ. Сабақты қорыту. Есептер шығару. 11-жаттығу(3,4,8)

У. Сабақты бекіту. Су сөзіне 5 жолды өлең құрастыру

УІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланды.

УІІ. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстарына байланысты жұмбақтар жаттау.

11-жаттығу. (7)

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жетектеу сұрақтары қоя отырып, токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру және формуласын қорыту. Есептер шығару арқылы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Оқушыларға ой — өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды көрегендікке,батылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой шақыру, тірек-сызба, тест, есептер шығару

Сабақтың құрал-жабдықтары: электрондық оқулық, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ.Жаңа сабақты меңгеру. Ой шақыру

 

 

1-тірек сызба: U=A/q→A=q*U→q=I/t→A=Uit

Электр тогының жұмысы мен ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.

2-тірек сызба: A=UIt→I=U/R→A=U2*t/R→U=I*R→A=I2*Rt

Токтың жұмысын өлшеуге арналған аспап электр санауыш деп аталады.

3-тірек сызба: P=A/t=I*U→P=U2/R→P=I2*R

Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал ваттметр деп аталады.

ІІІ. Сабақты қорыту. Тест

1. Ток жұмысын есептейтін құрал

А)ваттметр        ә)спидометр         б)амперметр         в)электр санауыш

2. Қуаты 0,25 кВт электр двигатель 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт

А)40с                 ә)4с                        б)25с                      в)2,5с

3. Өткізгіштерді параллель жалғағанда қа шама өзгермейді

А)кернеу           ә)ток күші              б)кедергі              в)заряд

4. 1 мин ішінде 18 Кл заряд өткен амперметрдің көрсетуі неге тең?

А)18 А               ә)0,3А                     б)0,5А                  в)1А

5. Қыздыру шамы баллонында 220В, 60Вт деп жазылған. Жұмыс режиміне сәйкес ток күші

А)0,47 А            ә)0,17А                   б)0,27А                в)0,37А

У. Сабақты бекіту. Есептер шығару

УІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланды.

УІІ. Үйге тапсырма.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1.  «Физика және астрономия» журналы №4, 2007 жыл
  2. «Физика» журналы №6, 2006 жыл
  3. «Математика және Физика» журналы №6, 2009 жыл
  4. «Физика» журналы №1(37), 2012 жыл
  5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  6. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *