Абдрахманова Гульшат Дөкеновна
№18 орта мектебі. КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де
баршаға белгілі.
Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс — тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі — бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады .Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс — әрекетті қалыптастыру дегеніміз — өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі — оқуға құштарлық, ынталылық» — дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.
Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану.Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық , әдіснамалық».
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қорытындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері, ескерілуі тиіс.
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымыздағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлерін анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады.
Екінші сыныпта Б.Сокпақбаевтың «Бурыл ат» әңгімесін өткенде жылқының жасына қарай аталуын және ат әбзелдерінің атауларын мынадай кестеге толтыруға болады.
Жылқы жасына,
түріне қарай:
Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, бесті, қулық, бие, ат, сәурік Құнан — екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы мал
Дөнен – үш жасқа толып, төрт жасқа аяқ басқан жылқы
Ат әбзелдері:
Жүген, қамшы, тізгін, тартпа, үзеңгі, ер, тоқым, құйысқан, өмілдірік Үзеңгі – атқа міну үшін ер-тұрман әбзелінің аяқ салатын бөлігі
Тартпа – ер-тоқымды ұстап тұратын бел тартпа
Өмілдірік – аттың омырауында бел тартпаны ұстап тұратын әбзел
Оқушылар жылқының жасына, түріне қарай қалай ажыратылатынымен, ат әбзелдерімен танысады және сөздік жұмысы да қоса жүргізіліп кетеді. Әр сөзге мұғалім көмегімен түсініктеме беріледі.
Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым:
«Ана тілі» пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандықтан сөздік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын дамытуда мынадай мәселелерге көзім жетті.
● Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
● Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды;
● Оқуға ынта-ықыласы артты;
● Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
● Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
● өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
● оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді.
Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге үйретеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты
Іс- тәжіребиелерді қорытындылай келіп, мынадай түйін түюге болады:
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың қызығушылығы артады.
2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
3. Оқушының дарынды тұлға, шығармашылық шеберліктері шыңдалғандығының нәтижесін көруге болады.
4. Қазіргі заман талабына сай тұлға қалыптасады.
5. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс- әрекетке қабілеттері артады.
6. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға көмегі тиері сөзсіз.
Мен еңбек етіп отырған №18 орта мектебінде бастауыш сыныптарында жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу шығармашылық тұлға қалыптасудағы жұмыс түрлері жүйелі жолға қойылған.Осы аталған мектептің 1 «к» сыныбында дәріс беремін.» Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастырып, шығармашылығын дамыту» өзекті тақырыпты жүзеге асыру мақсатында оқушылардың білім білік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында шығармашылыққа баулып отырдым. Озық технологияларын пайдалану, мұғалім мен оқушы құзіреттілігін қалыптастыру, білім сапасын арттырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуді көздедім.
«Өз оқушысын оята алған ұстаз, ғылымның арнасы ағатын қайнар бұлақ тәрізді, оқушылар осы қайнардың ағытулы, сәтін дер кезінде сезініп, зейіннің түтіктерін тоса қоюға дағдылануы керек» деген Я.А.Коменскийдің сөзімен аяқтаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 285 б.
2. Мейірманқұлова Т. «Білім берудегі инновациялық технологиялар»,
Алматы, 2000
3. Бастауыш мектеп 2004.№10 .
4. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Тұрғынбаева .Б.А.Алматы, 1999 ж.