Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
№5 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Аетова Гүлжаған Еділбайқызы
Баяндама тақырыбы: Проблемалық ситуацияны тудыру механизмі
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру оқушылардың ойлау қабілетін арттыруда өзектендіре отырып,оқу-үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен технологияларын,ендіру бағыттарын айқындай түседі.Ойлау шынайлықты көрсететін адам шығармашылығының жоғары формаларының бірі. Кезінде ҚР атаулы мектептерінің миссиясын « оқушыға ой салу,ойланту» деп анықтаудың басты себебі де шынайлыққа қол жеткізу, білімді өсіру, дамыту және бағдарлы мақсатта пайдалану болатын.
Ойлау әрқашанда проблемадан немесе сұрақтан,
таңдаудан немесе сенімсіздіктен,қарама-қайшылықтан басталады.
Психологиялық «ойлау» -ойлау операциялары,ойлау әрекеттері,ойлау қызметі деген үш түрлі деңгейде қарастырылады.
Ойлау операциялары әр түрлі оқу қызметтерін (талдау,салыстыру,жинақтау,себептерін іздеу,есептеу) орындау барысында жүзеге асырылады.
Ойлау әрекеттері –бұл үлгіде,түснікте бейнеленген обьектілер арқылы практикалық әрекеттер негізінде қалыптасады.
П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызина бойынша,ойлау қызметі- материалданған затты немесе оның көрінісін қабылдау,сонан кейін затқа немесе олардың көрінісіне сүйенбей сөз түрінде жүзеге асыру.Ойлау қызметінде әрекет ойша, ақылмен орындалады,яғни «өзіндік» сөз арқылы ол ішкі әрекетіне айналды.
Бүгінгі білім жүйеінің алдындағы міндет те осы ойлау операцияларын,әрекеттерін,қызметтерін,ең бастысы қабілеттерін жандандыру.Қабілет Б.М.Теплов (264) тұжырымдамасы бойынша, «бар,білім,білік, дағдыға сыймайтын,бірақ білім мен дағдыға қабылдаудың жылдамдығымен және жеңілдігімен түсіндірлетін жеке ерекшеліктер».Қабілеттің дамуы өз бетімен білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Өз бетімен білім алудың тиімді деп саналған әдіс тәсілдерінің ішінен поблемалық ситуациялар әдісіне тоқталамыз. Проблемалық ситуация ерекшеліктері біріншіден, ойлау қызметінің теориялық ойлауға (құбылыстарды зерттеуге,жаңа ұғымдарды анықтауға,қоршаған ортадағы немесе қоғамдағыц заңдылықтарды табуға); сыни тұрғысынан ойлауға(қызметтің нәтижесін бағалау ,дұрыс,бұрысын табуға);практикалық ойлауға )ұйымдастыру формаларын,құралдарын жетілдіруге)бағытталумен сипатталады.Екінші ерекшелігі жаңа нәтижені алудағы ойлау әрекеттерінің жүйесінде.Үшінші ерекшелігі ретінде қызметті ізденіс нәтижелерінің сипатында.Осыған орай,А.М.Матюшкин проблемалық ситуацияларды танымдық,бағалаушылық,ұйымдаструшылық өндірістік деп үш топқа жіктейді.Автор танымдық проблемалар ретінде түсініктің анықтамасын немесе сипатын анықтауды жатқызады.Практикада көп жағдайда ойлауды қажет етпейтін жаттанды анықтама түсінік деңгейінде қалыптасады.Білімді меңгерудің мұндай тәсілі мұғалім үшін де,оқушы үшін де, ең оңай тәсіл.
Педагог «түсінікті» практикалық тұрғыда оқушының ішкі сезімдерін оятатындай дәрежеге жеткізе бермейді, оқушы өзінің ішкі сезімдері арқылы түйсіне білмесе бүгінгі түсінік оқушы үшін жаңалық деудің өзі артық.Бұл жөнінде Б.М.Теплов былай деген:«Работа теоретического ума сосредоточена…на переходе от живого созерцания к
абстрактному мышлению».Яғни,қолмен ұстап ,көзбен көрмейінше түсінік бала түйсігіне жете алмайды.Айнала,өмір,баланың өзі,оның өз тәжірбиесі түсініктің қалыптасуындағы ең негізгі факторлар.Баланың түсінуі үшін түсіндірудің қажеті жоқ деген сөздің мәні проблемалық ситуацияда.
Бұл жердегі проблема түсінік баланың бүгінгі өміріне қатысты қандай ситуацияда қажет болуы мүмкін, педагог тарапынан осы бір факт сұрақ, тапсырма ретінде баланың алдына қойылу керек.Сонда баланың болған фактіне қабылдай отырып ойлауына мүмкіндік туады. А.М.Матюшкин түсінікті қалыптаструағы ақыл-ой қабілетінің дамуын қамтамасыз ету жолдарының этаптарын ұсынады.
- Фактіні оқу үшін сұрақ қою;
- Затқа (үрдіске,құбылысқа) талдау жасау;
- Заттың (үрдістің,құбылыстың) маңыздың белгілерін ажырату;
- Себеп-салдарды айқындау әдістерін табу.
Автор ақыл-ой қабілетін қалыптастыруды ,жай сұрақ қоюдан басталмайды,обьективті фактіні немесе обьективті факт ретінде алынып отырған ситуацияны оқу,түсіну үшін қажетті сұрақ қоюдан бастайды.Обьективті факт түсінікті қалыптаструдың құрлысы материалы.Түсініктің қалыптасу – білімнің қалыптасуы,ақыл-ойдың қалыптасуы.
Келесі маңызды сәт-себеп-салдарды айқындау.Себеп-салдар«Неге?» сұрағының жауабы деген қарапайым пікір қалыптасқан.Неге? сұрағының жауабы ғұламалар жаңалығы.И.П.Павловтың«Неге сілекей бөлінеді?» деген сұрақты қоюының өзі данышпандықтың белгісі,Әлде, И.П.Павловқа дейін ешкім сілекейдің бөлінетіндігін байқамады ма? Қандай да бір тамақтың әсерінен бөлінетіндігін сілекейдің бөлінетіндігін күнделіктің, былай қарасаңыз,ғылымды қажет етпейтін факт,бірақ ол неге бөлінеді? Деген сұрақты қою үшін ғалымның данышпандығы,даралығы,көрегендігі қажет болды.Дәл сол секілді алманың жерге құлауы – факт,Нютонның Нютон болуына әсер еткен осы факт.
Педагог қауымның«данышпандығы»,шығармашылығын осындай обьективті фактілерді білім мазмұнына ендіре алу қаблетінен көруге болады.
Мектеп аясында әрбір «неге?» сұрағына ғұлама жаңалықтардың ашылуы талап етілмегенімен,бәрібір сұраққа жауаптың себеп-салдарының тарапынан, дәлелді,ғылыми жауап талап етіледі.
Яғни ,фактіні оқу-бақылау,мәлімет белгілері мен таңданарлық белгілеріне талдау арқылы жүргізіледі.Оқу бақылаудың ғылыми критерийі негізіне фактілер арасындағы байланыс, оның дамыуына әсер етуші,негізгі заңдылықтарды анықтау,даму бағытын анықтау,пайымдау алынады.
Оқу үрдісіндегі проблемалық ситуация,субьектінің сұрақтарға жауап іздеу барысында оған жетіспей тұрған белгілерді өзінің іздеуіне мәжбүр етуді болжамдайды. Оқу үрдісіндегі мұндай ситуациялар оқушының қызметтің жаңа тәсілдерін іздеудегі психологиялық жағдайын сипаттайды.
-білімге, әрекетке деген жаңа көзқарастағы танымдық қажетілікттен туындайтын әрекетті орындауға деген ұмтылыс;
-туындаған ситуация өзіндік шешілуді талап ететін белгісіздік;
-қойылған тапсырманы орындаудағы оқушы мүмкіндігі;
А.Реан,Н.Бордавская ,С.Розум проблемалық оқытудағы проблемалық сұрақ, проблемалық ситуация арасындағы айырмаға тоқталады және проблемалық сұрақ нақты бір жағдайларда ситуация тудыра алады дейді.Проблемалық оқыту автордың тұжырымында:
-Белсенділіктің ,өзіндіктің және оқушы шығармашылығының пайда болуын ынталандыру.
-Түйсігін , дискусивтігін(мәнге енуін), конвегенция және дивергенция ойлауын дамытады.
-Әртүрлі ғылыми және практикалық проблемаларды шешу, теориялық практикалық тапсырмаларды шығармашылық шешу, өнеріне үйретеді.
Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы қиындық проблеманы қою және шешу үшін жіберілетін, проблемалық ситуацияны әр оқушының өз бетімен шешу мүмкіндіктеріне берілетін уақыттың шектелуіне байланысты деп ұйғарды. Бұл жерде автормен келісуге де келіспеуге болатын жерлері бар. Проблеманы қоюға не шешуге жіберілетін уақытты:біріншіден, проблеманы дайындау , бұл оқу-таным үрдісіне дейін қаралатын таза мұғалімнің қызметі, екіншіден, шешуге жіберілетін уақыты анықтайды да, оқушылардың шешу мүмкіндіктеріне, олардаң қабілеті, қасиеттеріне қарай мөлшерлейтін де мұғалім. Олай болса, мұғалім өз-өзіне проблема туғызып отырған болды. Оқу таным үрдісі ең бірінші оқушыға байланысты екендігін ұмытпасқ мұндай қиындықтар бізден аулақ тұрады. Мұғалім өмірге қатысты қандай сұрақ қоймасын,егер оқушы деңгейіне сай келсе, ол сұрақ жауапсыз қалмайтыны мәлім,баланың қиялында, мүмкіндігінде шек жоқ.
Мұғалімнің авторитарлы жағдайы жонінде, «мұғалімнің мектепте диктатор болмауға қақысы жоқ, оған бұл рөл факті түрде байлаулы. Мектептегі қауымдастық мұғаліммен жалпы қауымдастық жалпы қызмет арқылы ұштаспайды, олай болса,онда басқарылатын жағдай жоқ.Мұндай жоқтың орны, оқушыларды «уысында ұстап отыру»арқылы тікелей мұғалімнің араласуымен шешіледідегенге келтіреді
Жалпы педогогикалық ситуацияға (А.М.Матюшкин,М.И.Махмутов,В.И.Мухинт\б.) жасалған талдаулар мен оқытудың ойлау әрекеттерін дамыту мүмкіндіктеріне арналған психологиялық,педогогикалық еңбектер оқушылардың өз бетімен ізденуіне мүмакіндік беретін ситуациялар тудырудың механизмін айқындауға мүмкіндік берді.
Ситуация тудыру үшін оқушыларға берілеін проблемалық тапсырманың шешімі меңгеруге тұрарлықтай жаңа білім немесе әрекет болуы керек.
Проблемалық сұрақ үшін маңызды:
Қарама-қайшылықты айқындау,одан шығу тәсілін анықтау;
Қарама-қайшылықты практикалық қызметке әкеліп тіреу;
Бір сұраққа әр түрлі көзқарасты тудыру.
Бір құбылыста бірнеше позициядан қарау(педагог,юрист,экономист,журналист);
Меңгерілетін материал ситуация туындағаннан соң оқушылардың қажеттіліктеріне қарай беріледі.Меңгерілетін білім немесе әрекет тәсілі мұғалімнен басқа оқу құралдарынан алынады.Оқушының ситуация тудыру тапсырмаларын орындау мүмкіндігі тоық жүзщеге асқаннан кейін, тапсырманың орындалмау себебі,белгісіз білім не тәсіл анықталғаннан соң барып,меңгерілетін материал түсігендіріледі.
Меңгерілетін мәлімет оқушыладың дайындығына,қажеттілігіне, ишығармашылықтың әр түрлі мүмкіндіктеріне сүйеніп беріледі. Оқұушы дай ындағына байланысты меңгерілетін материаклдың жеке элементтері бойынша,жалпы заңдылықты, керекті әрекет тәсілін немесе шартын оқушының өзі одан әрі құрастырып алып кететіндей көмек беру.
Оқушы дайындағы жеткіліксіз жағдайда оқушыға заңдылықты шығаруға кмектесу,меңгерілетін әрекет тәсілін,жаңа жағдайға сай әрекет шартын орындау көрсету.
[bws_related_posts]