Тұрғанбаева Гүлшира Казиевна,
Ақмола облысы
Степногорск қаласы
Абай Құнанбаев атындағы
№6 гимназия мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі, 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Септіктер әлемінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаттығулар арқылы септік жалғауларын практикалық жолмен меңгеру;
Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қасиетін, ауызекі сөйлеу дағдаларын дұрыс қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: әр тапсырманы ұқыпты орындауды талап ету. Тілге деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқушылардың білімін байқау, тексеру сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу, жазбаша
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тіл жаттықтыруға арналған сұрақ-жауап.
Сыныпта кім кезекші?
Сыныпта кім жоқ?
Бүгін қарашаның нешесі?
Ауа райы қандай?
Не жауды?
ІІ. Сабақтың ережесін еске түсіру.
Белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Бір-бірін сынамау
Ынтымақтылық
ІІІ. Сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтау.
Суретте не бейнеленген?
Гүл сөзі қай сөз табына жатады?
Гүлдің неше жапырағы бар?
7 саны немен байланысты?
Күн аттарын атаңдар.
Септіктерді атаңдар.
IV. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
V. Атау септіктің тапсырмасын орындау.
VI. Ілік септіктің тапсырмасын орындау.
Оқулықпен жұмыс.
61 бет 1-тапсырма.
Мәтінді мәнерлеп оқу;
Түсінген сөйлемдерді аудару;
Асты сызылған сөздердің септік жалғауларын анықтау.
VII. Барыс септіктің тапсырмасын орындау.
Суреттің орнына сөзді барыс септікте жазу.
VIII. Табыс септіктің тапсырмасын орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Сөйлемдерді толықтырып, табыс септігіндегі сөздердің жалғауларын анықтау.
IX. Жатыс септіктің тапсырмасын орындау.
Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. Жатыс септік жалғауларын қолдану.
X. Шығыс септіктің тапсырмасын орындау.
Аударма жұмыс (орыс тілінен қазақ тіліне аудару).
Вчера из Астаны приехал мой друг. – Менің досым Астанадан келді.
Влад пришел из магазина. – Влад Дүкеннен келді.
Дверь сделали из дерева – Есікті ағаштан жасады.
Настя идет от учителя. – Настя мұғалімнен келе жатыр.
XI. Көмектес септіктің тапсырмасын орындау.
Суреттерді сөзбен айтып, көмектес септік жалғауларын жалғап жазу.
XII. Аударма жұмыс.
Техникалық жоғары оқу орны – высшее Техническое учебное заведение
Еңбек қызметін – трудовую деятельность
Бастады — начал
Сайлау — выборы
Жеңіп шықты – победил
Наш Президент
Нурсултан Абишевич Назарбаев родился в 1940 году в Алматинской
области. 1967 году окончил Высшее Техническое учебное заведение.
1960 году Нурсултан Абишевич Назарбаев начал трудовую деятельность.
В 1991 году Н.А.Назарбаев победил на выборах. Вот уже 21 год Н.А.Назарбаев является первым Президентом нашей страны.
У Н.А.Назарбаев есть три дочери.
XIII. Сабақты қорыту.
-
Семантикалық кестемен жұмыс.
Сөздер |
Атау |
Ілік |
Барыс |
Табыс |
Жатыс |
Шығыс |
Көмектес |
Кітапхана |
|||||||
Аделинаны |
|||||||
Сыныпта |
|||||||
Кітаптан |
|||||||
Анамен |
|||||||
Қалаға |
|||||||
Мектептің |
-
Көп нүктенің орнына керекті жалғауын жазыңдар.
Мен ертең Астана…. барамын. Астана… демалыс орындар көп. Астана… көшелері ұзын, таза. Мен Астана… мақтан етемін.
-
1-3 оқушы тест тапсырмасын орындайды. (Айрен программасы бойынша)
XIV. Оқушыларды бағалау.
XV. Үй тапсырмасын беру.
«Менің Президентім» тақырыбына септік жалғауларын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазу.