Басы » Кембридж бағдарламасы » Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ
Ибраева Гульзар Кабиденовна

Сабақтың тақырыбы:  Сақтардың  тәуелсіздік үшін күресі.

Сабақтың мақсаттары:  Сабақта сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығы  жайлы түсінік беру. Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып ,патриоттық сезім қалыптастыру. Ұлтжанды, елін жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Негізгі жабдықтар: оқулық, таза қағаз, фломастерлер, таратпа парақшалар, бағалау парағы, фотоаппарат, бейнекамера.

Оқу нәтижелері: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі туралы түсініктері қалыптасады. Сақтардың  жерін, елін қорғаған ержүрек, патриот болғандығын біледі.

Сілтеме: Ежелгі Қазақстан тарихы оқулығы

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс әрекеті уақыт Модульдер
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

Бағалау парағын тарату.

Жағымды психологиялық ахуал тудырады.

«Австралиялық жаңбыр»  сергіту сәтін қолдану.

Бақылаудағы 3 оқушыны 1 топқа отырғызу мақсатында топқа бөлуді өзім іске асырамын.

Жайдарман, Наурызгүл, Айнұр, Маулен (бақылаушы) – 1 топ.

Камила, Бекболат, Мамыргүл, Нұрсұлу (бақылаушы)  -2 топ.

Бекзат, Құралай, Шерхан, Салават (бақылаушы) – 3 топ.

Оқушылар мұғалім көрсеткен іс-әрекеттерді қайталайды.

 

 

Мұғалімнің жетекшілігімен топтарға бөлінеді, бақылаушылар өз ролдерімен танысып, атқарады.

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

СТО

 

 

Білу кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

Класстерлер әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Берілген үй тапсырмасын класстерге түсіру үшін, топтағы әр бала өзіне тиісті флипчарттағы орынға не түсінгендігін түсіреді. Топтасып ортаға бір түйін жасайды.

Әр бала флипчарттағы өзіне тиісті орынға  үй тапсырмасынан не түсінгендігін салады. Сонан соң бірлесіп, ортаға бір түйін шығарады.

Топ болып қорғайды.

6 мин СТО, ОмОЖТ
Түсіну

Жаңа материалға ену

Тақырыпты сақтар

“дұшпанға – қатал,

досқа – адал” деген

грек тарихшыларының сөзі арқылы ашу. Осы сөздің мағынасын сақтармен байланыстыра отырып, ой өрбіту. Ойларын тұжырымдай отырып, сабақ мақсатын анықтау.

Әр топ өз ойларын ортаға салып, тақырыпты ашыға белсене қатысады. 3 мин СТО, АКТ, ОБжК, ТжДБО
Қолдану

Жаңа материалды түсіндіру

«Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. (оқулықпен жұмыс)  тақырыпшаларды топтарға бөліп беру.

1 топ – Кир әскерінің басып кіруі.

2 топ – Шырақтың ерлігі.

3 топ – Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы..

Түсінгендері бойынша постер жасау.

«Аквариумдегі алтын балықтар» әдісін түсіндіре отырып, постерді қорғауда қолдануға жетекшілік ету.

Топтардың қорғауын «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалату.

Қызыл –мүлде түсінбедім, сары –жартылай түсіндім, жасыл –толық түсіндім.

Әдісті орындайды. Тақырыпты түсінеді. Постерлар жасайды.

 

Топтар  «Аквариумдегі алтын балықтар» әдісі бойынша өз постерлерін қорғайды, қосымша сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Топтарды  «Бағдаршам» арқылы бағалайды, постерлерге апарып жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

ОмОЖТ, ОБжК, СТО, ОүБОБ, ТжДБО,ОЖЕСО
Талдау

Топтарды қайта орналастыру.

Жеміс салаты  әдісі арқылы оқушыларды топтастыру. (қызанақ, қияр, қырыққабат)

оқушылар  топпен тапсырмалар дайындайды.

1 топ – Кир әскерінің басып кіруі тақырыпшасына сызба дайындау.

2 топ – Шырақтың ерлігі тақырыпшасына тест құрастыру.

3 топ – А.Македонскийдің сақ еліне жорығы тақырыпшасына кесте  дайындау.

 

 

Тапсырмаларды өзара алмасу арқылы орындап, тексеру.

Тексеру нәтижесін сұрайды.

Топтан жауап беретін өкілді доп лақтыру арқылы  таңдайды.

Жеміс салаты әдісі бойынша топтарға орналасады. берілген  тақырыбына байланысты оқулықты пайдалана отырып, тапсырмалар орындайды:

1 топ – Кир әскерінің басып кіруі тақырыпшасына сызба дайындайды.

2 топ – Шырақтың ерлігі тақырыпшасына тест құрастырады.

3 топ – А.Македонскийдің сақ еліне жорығы тақырыпшасына кесте  дайындайды.

Топтар  тапсырмаларды өзара алмасу арқылы орындайды. Допты қағып алған бала тапсырманың жауабын береді.

Тексеру нәтижесін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

СТО, ОБжК, ОүБОБ,ТжДБО, ОЖЕСО
Жинақтау

Инсерт әдісін қолдану

«Инсерт»  әдісі бойынша әр оқушыға кесте таратылып, сабақ бойынша түсінген, білгендерін, не білгілері келетіні жайлы ойларын жазу ұсынылады.

Нені үйрендім?

Не ұнады?

Не ұнамады?

Не білгім келеді?

Келесі сабақта

 

 

 

   

Әр топтан 1-1 оқушыдан өз ойларын  оқу ұсынылады.

Кестеге түсінген, білген, не білгісі келетінің жазады.

 

 

 

 

Топтардан 1-2 оқушыдан өз ойларын оқиды.

 

5 мин

СТО, ОмОЖТ
Бағалау

 

«Көңіл күй нысанасы» әдісін түсіндіріп, бағалату.

Қызыл – менің көңіл күйім болмады, маған сабақ ұнамады.

Көк – көңіл күйім орташа, сабақ жартылай ұнады.

Жасыл – көңіл күйім жақсы, сабақ өте ұнады.

Түстер бойынша оқушылар  өз көңіл күйлерін білдіру ұсынылады. Әр топтан 1-2 баладан  ойын сұраймын.

Оқушылар  көңіл күйіне байланысты  стикер түстерін таңдай отырып, нысанадағы  түстерге өз стикерін жапсырады.Топтардан 1-2 бала өз ойын білдіреді. 2 мин СТО, ОүБОБ
Бағалау Топ бақылаушыларынан бақылау нәтижелерін және  бағалау парағына түсініктеме сұрайды. Топ бақылаушылары бақылау және бағалау нәтижелерімен таныстырып, дәлелдейді. 5 мин ОүБОБ,ОБжК
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *