Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Елдің атын-ер шығарады

Елдің атын-ер шығарады

beibitМейрамгүл Берденова
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев орта мектебі
Таңдау пәні:Туған өлкем-Тарбағатай
Сабақтың тақырыбы:Елдің атын-ер шығарады
Сабақтың мақсаты:А)оқушыларға Бейбіт Құсанбектің өмірі,шығармашылығы жайлы мағлұмат беру.Ә)оқушылардың өз ауылының біртуар азаматын мақтан тұтуға тәрбиелеу.Б) Осы сабақ арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы
1.Кіріспе бөлім.
2.Негізгі бөлім
2.1 «Өлең-өзім»-Бейбіт Құсанбектің өмірбаяны,отбасы туралы
2.2 Мамандығым-мақтанышым. Бейбіт Құсанбектің Отан,туған жерге арналған өлеңдері
3.Қорытынды бөлім. «Білгенім тоғыз-білмегенің тоқсан тоғыз…»Оқушылар шығармашылығы
1-жүргізуші:Ақын Бейбіт Құсанбектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Елдің атын-ер шығарады» атты әдеби-мәдени кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші«Өмірге келгенім жоқ бостан босқа, мен қайтіп босқа жасап босқа өлемін?!»деген Қасым аманжолов айтқандай бірінші бөлім Бейбіт Құсанбектің өмірі мен шығармашылығы жайлы болмақ.
1-оқушы:Бейбіт Құсанбек 1962 жылы Семей облысының Аякөз ауданындағы Ақшатау ауылында туған.1965жылы осы ауылға қоныс аударып балалық шағы, оқушылық өмірі осы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылында өтті.Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің табалдырығын алғаш 1969жылы аттады.Мектепті үздік оқып шықты.Отбасын құрған.Аяулы жары-Ғазиза.Балалары-Бейбарыс, Айбын,Бекарыс.
Қазақстан Республикасы Жастар одағының.Қазақстан Республикасы Президенті бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының, Қазақстан журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз»сыйлығының иегері.
2-оқушы.1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін 1997 жылға дейінҚазақ теледидарының Жастар, Әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор,комментатор, телеарнаның саяси шолушысы болды.
Бейбіт Құсанбек көптеген телехабарлар мен телеқойылымдардың авторы.Ол әр жылда жұртқа танымал болған «Құрдастар», «Көкпар», «Дидар», «Халық Зердесі», «Кездесу», «Үкімет адамы», «Төрт құбыла», «Бейсенбіде бізбен бірге болыңыз», «Өмір-өзен», «Ақиқат ауылы»секілді телебағдарламаларды дүниеге әкелді.
3-оқушы.1997-1999 жылдары «Алатау»телеарансының директоры,1999-2000 жылдары әдеби-мәдени хабарлар шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.2000 жылдан бері қарай «Хабар»агенттігінде продюссер, бас редактор,тележүргізуші болып қызмет атқарған, «Таразы», «Нысана», «Ойталас», «Дәуірнама», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр», «Тіл ағалары» бағдарламаларын жүргізді.
«Махаббат маусымы», «Өлең-өзім», «Ел ағалары», «Ғұмыр дария», жыр жинақтарының авторы.Ол 2007 жылы дүниеден өтті.
1-жүргізуші.2-бөліміміз Мамандығым мақтанышым.Бейбіт Құсанбектің туған жерге, отанға арналған өлеңдері жайлы болмақ.
Кел, ақын ойлан ақын, толған ақын,
Шын ақын шын қырандай қомданатын,
Жадында тұтсын ұрпақ сенің еңбегінді
Қалсыншы артында сенің өшпес мұраң.
2-жүргізуші:Ана тілімізді ардақтап ұлт тағдыры деп шырылдаған үні көптің құлағында!Ал марқұмның мықты өлеңдер жазған екенін біреу білсе, біреу білмейді. «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді»-демекші назарларыңызға Бейбіт Құсанбектің туған жеріне, ауылына деген өлеңдерін оқушылар оқиды.
4-оқушы.Туған жер.
Қияндарға сүйрегенмен тағдырым,
Ажырамас туған жерден тамырым.
Жылдар өтіп,көрген сайын өмірді,
Тереңірек білгендеймін қадірін.
5-оқушы:Туған жерім жүдеу тартса-сол батар,
Перзенттік парзымды аңдатар.
Аласұрсам тығырыққа тіреліп,
Туған жерге апаратын жол жатар.
6-оқушы:Мирас етпей,ата-баба құрығын,
Тастүлек ем,шыңнан іздертұғырын.
Туған жерден биік жерді таппадым,
Сонда үзілсе, арманым жоқ ғұмырым…
7-оқушы: «Кіндіктіме».
I
О, Кіндіктім, жұлқынып,
Тоқтамайсың,
Мәңгіге сен тірісің!
Туған жердің жүрегінен бұлқынып,
Тарап жатқан қан тамырдың бірісің.
II
8-оқушы:Кіндіктім-қасиетті атамекен,
Шалдықсам шалғыныңа жата кетем.
Әр балаң шалғыныңа жатып алп,
Қиялға мына мендей бата ма екен?
Көңілде күйді қозғар сүйікті едің,
Жатпапсың сұлулықты жиып тегін.
Сылдырама басына шықсам егер
Қалады төбем көкке тиіп менің.
9-оқушы:Созғанда қолым жетер бұлттарың-ай,
Таңменен мөлдірейтін шықтарың-ай!
Соншама қасиеттен ұланыңа
Кетуі мүмкін емес түк дарымай.
Аңсатып, сағындырып күні бұрын,
Мамырда жайнайды ғой шұғынығың.
Имене ұсынылған шұғынықпен,
Жаратын жігіттің де сыры гүлін.
10-оқушы:Мамырда тұңғиық көк ашық тұрар,
Саладан сансыз бұлақ тасып құлар.
Төгілген қымыз-нұрға мол дүние,
Сенің де буыныңды ап, ғашық қылар.
Туған жер ,жүргемңн жоқ сыр аңдамай,
Сау жүрсем, шыңдарыңа шығам талай.
Бақытты бола алмайды ақын жігіт,
Алдымен туған жерге жыр арнамай!
1-жүргізуші:3-бөлім.Оқушылар шығармашылығы.
2-жүргізуші: Мектеп деген менің дағы мекенім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл мектепте алғаш көріп қуанғам,
Бұл мектепте өскен жанда жоқ арман.
Осы мектептің түлектеріннің Бейбіт Құсанбекке арнап шығарған өлеңдерінен үзінді оқылады.
Бір ұлы Кіндіктінің дара туған.
Бойына ізгіліктің нәрі тұнған
Ағаның азаматтық нұрлы жүзі,
Шуақ боп жан-жағына шашыраған.
Н.Рахымжанова
Кіндікті әннің елі, жыр еліміз
Бейбіт аға осы мектеп түлегісіз.
Көкейде жаттап жыр мен әніңізді,
Ұмытпай мәңгі сізді жүреміз біз.
Г.Нуриманова
Әттең аға ерте кеттің өмірден.
Жарқын бейнең өшпес мәңгі көңілден.
Амал бар ма, шара жоқ ғой тағдырға,
Енді қайтып мұндай күнді болдырма!
А.Сайлаубекова
Бейбіт аға ,өмірдің бізге үлгі
Үйренеміз жолдармен түрлі-түрлі
Бас иеміз рухыңа бір аунап жат
Тілегейсің еліңе бейбіт күнді.
Н.Абылқасымова
Бейбіт аға жарқ еткен бір жұлдыз
Адалдығы жүрегіңде бір мінсіз
Өлеңмен сусындаған бұлақтай
Көкке шыққан аспандағы нұр шуақтай
Д.Қамбаров
1-жүргізуші:Өлді деуге болама айтындаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған-деп
Абай атамыз айтқандай өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмек емес.Олай болса, Бейбіт Құсанбекте өлген жоқ, қатарымызда, күнбе-күн қасымызда.
2-жүргізуші:Әрине, қайғы суық, суық қайғы,
Көңілін халқың бірақ, суытпайды.
Егерде халық өзін ұмытпаса.
Мәңгілік, халқың сені ұмытпайды.
Осымен бүгінгі Бейбіт Құсанбекке арналған «Елдің атын-ер шығарады» атты әдеби-тарихи кешімізді аяқтаймыз.назарларыңызға рахмет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Бейбіт Құсанбек,Ғұмыр-дария,Алматы:Өлке,2008жыл,3-5б
2.Бейбіт Құсанбек,Өлең-өзім,Алматы «Қайнар»,2007жыл,112,114б
3.Бейбіт Құсанбек,Ел ағалары, «Өлке»,2009,3-4б
4.Әдебиет айдыны,№10(107),15.03.2007,11б
5.Алматы ақшамы ,31қаңтар №12 (3950),16б

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *