Басы » Дене шынықтыру » Олимпиада рухын асқақтатқан чемпиондар

Олимпиада рухын асқақтатқан чемпиондар

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев орта мектебі

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Рахымжанов Мейир Уимханович

Олимпиада рухын асқақтатқан чемпиондар
Сабақтың мақсаты:қазақстандық спортшылардың олимпиададағы ерлік істерін,отансүйгіштік қасиеттерін мақтан етуге, оқушылар бойларына патриоттық сезімді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қатынасқан олимпиада алған жүлдегерлерді слайд арқылы көрсету.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:Біздің еліміз Тәуелсіздік алған кезден бері бес олимпиада ойындарына қатысып, барлығынан жүлдесіз қайтып көрген емес.Көптеген саңлақтарымыз құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп,Әнұранымызды асқақтатып,Байрағымызды желбіретті.Қазір санап отырсақ,спортшыларымыз әлем чемпионаттары,құрлықтық біріншіліктер мен Азия ойындарын қоспағанда, олимпиада 44 медаль, оның ішінде 10алтын, 18 күміс және16 қола жүлдеге ие болды.Бұл біздің 20 жылда етек-жеңімізді жинап, дербес ел болған жас мемлекетіміз үшін аз жетістік емес.
2-жүргізуші:Сөзі:Серік Қалиевтікі
Әні:Ескендір Хасанғалиев пен Біржан Хасанғалиевтікі
«Олимпиада жанкүйерлерінің әнұраны».Орындайтын хор.
Олимпиада-
Біздің ортақ жарысымыз,
Топты жарған Азияда барысымыз.
Спорттағы еселенсін табысымыз,
Жеңіс үшін, жеңіс үшін алға!
Қорғаймыз біздер тәуелсіз елдің намысын,
Жігерді қайрап сенімі елімнің жанысын.
Әнұран ойнап, көтеріп биік байрағын,
Біз жеңеміз,жеңеміз.
Олимпиада выбирает только смелых,
Дух победы чемпионов окрыляет.
Олимпиский нам огонь всегде сияет,
Чемпионов вдохновляет, вперед!
Спорт-это смелость,это-дерзание и взлет,
ТОлько отважный к финишу первым придет.
Упорство духа, мечта к победе нас ведет,
Где молодость-там рекорд!
Олимпиада,
Жансын біздің дара туған ұл-қызымыз.
Қазақстан-жалғыз Отан күн нұрымыз,
Жеңіс үшін,жеңі үшін алға!
1-жүргізуші:Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХ Лондон жазғы олимпиадада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қабылданды.
«Біздің еліміз қашаннан зор спорттықжетістіктермен ерекшеленеді.Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша ғана біздің спортшыларымыз әлемдік біріншіліктерде 15 түрлі жоғары награданы жеңіп алды»деді.
Осы реттте өткен жылғы Қысқы Азия ойындарында спортшыларымыздың 32 алтын медальдың иегері атанғанын айтып өтуімізге болады.Мұның өзі республиканың қысқы спорт саңлақтарының құрлықта алдыңғы қатарда тұрғанын көрсетіп берді.
Президент қазақстандық спортшыларды жақсы білетінін атап көрсетті.
1-оқушы.38 жасында олимпиада шыңына ту тіккен Винокуров бейбіт заманда ерлік жасады.Александр олимпиаданың алтын тұғырында ат ойнатты.Алла тағала оның жанын сірі қылып жаратқан екен.27 жасында Сидней олимпиадасының күмісін алып жарқ ете қалған дарабоз жігіт одан кейін әлем чемпионатының қола медалін қанағат қылды ол.Алаштың Әнұраны Лондон төрінде олимпиаданың бірінші күні миллиондаған жүректі елжіретіп асқақтай шырқалды.
Ән. «Чемпиондар әні».
2-оқушы: Екінші алтынның иесі-зілтемірші Зүлфия Чиншанло.Жұлқа көтеруде 92 келіні төбесіне ойнатты.Серппе көтеруде бірінші мүмкіндіктің өзінде 125 келі зілтемірді қиналмай көтерді.Зүлфия-53 келі салмақта Олимпиада чемпионы.
3-оқушы.Тағы да сүйінші!Үшінші алтын медальға қол жетті.Оны Қазақстан құрамасына ауыр атлет Майя Манезе алып берді.
4-оқушы: Сүйінші ағайын! Қазақстан қоржынында төртінші алтын медаль!2004 және 2005 жылдары Еуропа чемпионы болған Светлана Подобедова әлемнің екі дүркін (2009,2010)чемпионы, бір мәрте күміс (2011) және бір рет қола (2005)жүлдегері атанып үлгерді.Мұның сыртында 2010 жылы Азия ойындарының, 2009 жылы Азияның чемпионы атанғаны тағы бар.
5-оқушы:Илья-қазақ даласының батыры.Жұлқа көтеруден ұпай теріп қалуы керек еді, қолдарынан келмеді.Басты қарсыластар-Илья Ильин мен Александр Ивановтың жинағаны бірдей.Илья бірінші кезегінде 224 келіне алғанда, 230-ды сұрап тұрған Демановтың әрі қарай тіресуге дәті шыдамй, 225 келіге тоқталып, оны соңғы кезегінде ғана алды.Молдовалық Кирисудің үшінші орынға ғана мүмкіндігі бар.Илья 228 келіге тапсырыс берді.Әлемдік рекорд.6-оқушы:Ольга-біздің мақтанышымыз.
2010 жылы жабық спортсарайында өткен әлем чемпионатында алтын медаль женіп алған қызымыз 2008 жылы Бейжінде олимпиада ойындарының жүлдесіне бір табан жетпей тоқтаған.Лондонның безбенге салған бұл жолғы алтының иесі біздің қыз болып шықты.Ольга бесінші кезегінде 14 метр 98 см қарғып, алтынның тағдырын шешіп тастады.Жарайсың, Ольга.
6-оқушы:Бокстан жетінші алтынды серік Сапиев сыйлады.Жарыстың соңғы күні Серік Сапиев жасындай жарқырап 69 келі салмақ дәрежесінің бас жүлдесін жеңіп алды.Финалда ол ағылшын боксшысы Фредди Эвансты тас-талқан етіп ұтты.Есеп-17:9.Сондай-ақ қазақ жігітінің асқан шеберлігіне тәнті болған АИБА-ның басшылары Сапиевке олимпиаданың ең үздік боксшысына тиесілі Вэл Баркер кубогын табыс етті.Серік осындай мәртебелі атақты иеленген үшінші былғары қолғап шебері.
7-оқушы:
Ұлы дода-әйгілі еткен дараны,
Жүрек жұтқан қыз-жігіттер жарады!
Қазақ оты Олимпиада төрінен
Күллі әлемге мақтаныш боп тұрады.Қарсы ұмтылған асу бермес қиынға,
Қабыландар алла берген сыйың да.
Толағайлар көтере алмас зілтемір
Көк Байрақты дүлдүлдерге бұйым ба!
8-оқушы:
Тартты оң қабақ, жақсы ырымға балайық,
Аспанға тар қолға бөрік алайық.
Сүйінші елім! Сүйінші бер тағы да,
Жетінші алтын түсті уысқа,халайық!
Александр, Зүлфия, Майя, Ольга қыз,
Светлана-бәрі ғажап олжамыз!
Бес құрлықты таңдандырған Илья мен
Серік атты жыр ғып, халқым, толғаңыз.
9-оқушы:Лондон олимпиадасында бокстан 81 келі салмақта Әділбек Ниязымбетов күміс медальға ие болды.Нағыз батырларға тән жанкештілігімен өнер көрсетті.Біз сіз үшін қуанамыз.Біз Әділбек ағамызды мақтан тұтамыз!
10-оқушы:Лондон олимпиадасында біздің спортшылар 5 қола медалға қол жеткізді.
Ақжүрек Таңатаров-еркін күрестен.
Гүзел Манюрова-әйелдер күресі.
Даниал Гаджиев-грек-рим күресі.
Иван Дычко-бокс.
Марина Вольнова-әйелдер боксы.
Иә, бұлар алтынға бергісіз қола медальдар еді.Келесі олимпиадада алтын медаль алады деген сенімдеміз.Біз сіздерге сенеміз.
Ән. «Алға, Қазақстан!».
2-жүргізуші:астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лондон олимпиадасының женімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Елбасы Олимпиада қаһармандарымен емен-жарқын әңгімелесіп,оларға лайықты сый-сияпат көрсетті.Қазақстан спортшылары жалпы командалық есепте 12-орынға көтерілді.Марапаттау шарасы кезінде Қазақстан Президенті еліміздің әр өңіріңде спорт саласын дамыту керектігін де қадап айтты. «ӘР облыс олимпиадада бір-бір алтыннан алса, Қазақстан спортына мәртебе емес пе!»деді м
емлекет басшысы.Бұдан кейін мерекелік рәсім құраманың спортшылары мен жаттықтырушыларын мемлекеттік сыйлықтармен марапаттауға ұласты.
Слайд арқылы көрсетіледі.
«Отан» орденімен марапатталған спортшылар:
Серік Сапиев (бокс)
Александр Винокуров (велоспорт)
Илья Ильин (ауыр атлетика).
2-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған спортшылар:
Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика)
Светлана Подобедова (ауыр атлетика)
Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика)
Майя Манеза (ауыр атлетика)
«Құрмет» орденімен марапатталған спортшылар:
Әділбек Ниязымбетов(бокс)
Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес)
Даниал Гаджиев (грек-рим күресі)
Иван Дычко (бокс)
Гүзел Манюрова (әйелдер күресі)
Марина Вольнова (әйелдер боксы).
Қорытынды.Ұлыбритания астанасында откен ХХХ жазғы олимпиада ойындары өткен өз мәресіне жетті.Екі апта уақыт бойы төрткүл дүние жұртшылығының назарын өзіне аударған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы өте сәтті өнер көрсетті.Жерлестеріміз 7 алтын,1 күміс және 5 қола медальді олжалап,жалпы есепте 12-орынды иелендік
Қазақтың Әнұраны Лондон көгінде жеті мәрте шырқалды.Талай алпауыт мемлекет артымыздан сығалап қалды.Бұл-бұрын-соңды болмаған табыс.Енді алдағы ғаламдыкқ ойындарда осы жеңісті жолды жалғастыру келешек ұрпақтың еншісінде.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *