Басы » Дене шынықтыру » «Әкем,шешем және мен» отбасылар сайысы

«Әкем,шешем және мен» отбасылар сайысы

200_200Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев орта мектебі

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Рахымжанов Мейир Уимханович

«Әкем,шешем және мен» отбасылар сайысы
Сабақтың мақсаты:Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру,ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:доп, ысқырық,қапшық,кубик,шар,т.б
Мұғалім:Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
-Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар, бүгінгі «Әкем,шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 5және 6 сынып оқушыларының ата-аналары мен оқушылары қатысады.
-Сонымен ортаға көңілді спорттық жарысқа қатысқалы отырған отбасыларды шақырайық.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Спортты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортшы отбасыларды шақырамыз.
Әміржановтар әулетінен құралған «Жалын» тобын шақырамыз.
Топ басшысы:Серікболсын Әміржанов
Мүшелері:Өтеуова Жанар-үй шаруасындағы ана
Базаров Дастан-айналысатын спорт түрі-күрес
Базарова Аяулым-айналысатын ісі-әдеби кітап оқу.
Тоқтаровтар әулетінен құралған «Достық» тобын шақырамыз.
Топ басшысы:Тоқтаров Бекболат
Мүшелері:Жұмағалиева Алмагүл-мұғалім
Тоқтаров Дәулет-айналысатын спорт түрі-күрес
Тоқтарова Ақмарал-айналысатын ісі-кесте тігу
Сабитовтер әулетінен құралған «Бірлік» тобын шақырамыз.
Топ басшысы:Сабитов Қайрат
Мүшелері:Абдуова Анар-кәсіпкер,басты мақсаты-бала тәрбиес
Қайратұлы Елнұр-айналысатын спорт түрі-күрес
Биахметова Шырын- айналысатын ісі-әдеби кітап оқу.
-Енді көңілді жарысымыздың әділқазыларымен таныс болыңыздар.
Оқу ісінің меңгерушісі-Альмира Абыхарова
Тәрбие ісінің меңгерушісі-Дәулетхан Рахымжанов
Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі-Дәурен Айтқазин
Сурет-сызу пәнінің мұғалімі-Бақытбек Есиркин
Сайысымыздың нұсқаушылары біз дене тәрбиесінің мұғалімдері:
Мейір Рахымжанов,қанат Ахметов
Командалар мынандай сайыс түрлерінен сынға түседі:
Футзал,бетпе-бет,кенгуру,аққала,мерген, кім жылдам?,кубик.
-Осы сайысымыздың өтуіне демеушілік білдірген 5-6 сыныптың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.
-Қазылар алқасы дайын болғанша ата-аналармен тілдесу.
Бүгінгі сайыс ұнады ма?
Сізге қай сайыс қиындық туғызды.
Сізге қай ойын ерекше ұнады?
Спортқа берік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Сайысқа баға беріңіз,-дей келе сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Оң болсың десең егер тіршілігң,
Сақта, халқым, саулығын аналардың,
Болсың десең дені сау ұрпақтарың,

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *