Жұпболова Ұлмекен Тасболатқызы
№44 орта жалпы білім беретін мектеп
Орал қаласы
Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Б.Майлин өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын меңгерте отырып, тақырыбын, идеясын ашу. Дамытушылық: Таным белсенділіктерін, шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру. Тәрбиелілік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге, білімге құштар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, талдау Көрнекілігі: слайд, Б.Майлиннің кітаптары Пәнаралық байланысы: орыс әдебиеті, тарих
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. С.Сейфуллин «Далада» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Талдау сұрақтары: 1. Ақын асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді? 2. Шабандоз баланың көңіл-күйі қалай берілген? 3. Ақын өлеңді кімге арнаған? 4. Жастарға қандай тілек айтады? 5. Мақсатқа, арманға жетер жолдағы қиыншылық
тарды қалай жеңуге болады?
3. Жаңа білімді хабарлау Б.Майлин «Түйебай» әңгімесі
«Қазақ әңгімесі дегенде алдымен Б.Майлиннің есімі тілге оралады. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынан да жазушыларымыздың бәрінен көп жазды, келістіріп жазды.»
Т.Нұртазин Өлеңдері: «Мырқымбай», «Қазақ туралы», «Кедейдің кейістігі». Жазушының 74 бүркеншік аты болған. Әңгімелері: «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Түйебай», «Раушан – коммунист», «Күпәш».
«Түйебай» әңгімесі бойынша жоспар: 1. Қоржын томар жайлауы 2. Ауыл балалары молдадан оқуда 3. Түйебайдың сабақтан кешігуі 4. Молдамен қоштасуы 5. Қойшы Түйебай
Ой қозғау «Заман және оқушы» Оқушылар осы тақырыпта өз ойларын айтады. Кешегі Бүгінгі Ертеңгі оқушы оқушы оқушы
Шығармашылық тапсырма РАФТ – жазу Р – рөлі Түйебайға А – аудиториясы ХХI ғасыр оқушыларынан Ф – формасы хат түрінде Т – тақырыбы
Қорытындылау ИНСЕРТ кестесі. Оқушылар өз ойларын айтады. Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма: «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын оқу.
«Халық тұрмысының сипаты» тақырыбында ой толғау.