Ендеше, бүгінгі білім беру саласында оқыту сапасы кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш -жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.Мұғалім әр сабағын шығармашылықпен жүзеге асырғанда ғана табысты оқыту жүзеге асады. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші(ілгері)деңгей бағдарламасын игеріп, мектепті дамыту жоспарының басымдығында айқындалған Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» әдісін тиімді меңгеру мақсатында Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінде ресурс кезінде магниттік мектеп мұғалімдерімен ынтымақтаса және өзара сенімділікпен коучинг сабағын ұйымдастырдым.
Курмашева Майра Зербиевна.
Тақырыбы: «Оқушыларға оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болады?»
Тақырыбы: |
«Оқушыларға оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болады?». Оқыту мен оқу салалары. |
Жалпы мақсат: |
Мұғалімдер арасында оқушылардың оқудағы кедергілерді қалай жеңуге болатыны туралы кеңес беру стратегияларын талқылау және тың идеяларын ортаға салу. |
Сілтеме: |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 23-25 б. Әдістемелік нұсқау: Үлестірме материалдар , 2 апта |
Оқу нәтижесі: |
Мұғалімдер үшін: балалардың табысты оқуы үшін өз бетінше жұмыс істеуі қаншалықты маңызды екендіктерін ұғынады. Оқушылар үшін: оқушылар оқудағы кедергілерді жеңе отыра, оқу жоспарын меңгереді. |
Негізгі идеялар: |
Мұғалімдер үшін. Оқу мақсаты -бұл оқушылар істеуге тиіс нәрселер ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесу екендігін ұғыну. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Слайд-презентация, түрлі-түсті стикерлер, бейне түсірілімдер |
Оқыту әдістері: |
Сұрақ-жауап түсіндіру әдісі, «БББ» кестесі және постер қорғау. |
Дерек көздері: |
Әдістемелік нұсқау Мұғалімдерге арналған нұсқаулық |
Тапсырмалар: |
Топтық пікірталас, талқылау |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) |
Коучтың іс-әрекеті Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Жақсы сөз –жарым ырыс» тренингін ұйымдастырамын. |
Мұғалімдердің іс-әрекеті Қатысушылар бетпе- бет бір біріне лебіз айтады. |
2.Ұйымдастыру кезеңі «БББ» кестесі (2мин) |
Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау үшін не білетінін жазуды тапсырамын. |
Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «Не білемін?» бағанасына оқыту мен оқу салалары туралы не білетінін жазады. |
|
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
3. Негізгі бөлім. №1 слайд»Оқыту мен оқу салалары» бойынша ой толғау. |
Мұғалімдер оқу мақсаты — бұл оқушылар істеуге тиіс нәрселер ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесу екендігін қалай қабылдаймыз? Оқудағы кедергілерді жеңуде оқыту мен оқу салаларының үш бағыты бар.
|
Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп отырады. А. Қызметтің танымдық саласы:түсінуді дамыту, жады, сауаттылық және тілді үйрену кезіндегі қиындықтар жөнінде үлестірмелі дереккөздері бойынша топтық пікірталас. Талқылауға арналған тұжырымдар. Мұғалімнің рөлі оқушыларға:
Б. Қызметтің әлеуметтік саласы:қарым-қатынас және өзара әрекеттестік. Талқылауға арналған тұжырымдар:
В. Қызметтің аффектілік саласы :мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік даму Талқылауға арналған тұжырымдар:
|
4. Практикалық жұмыс. |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
«Ойлан.Бірік.Бөліс» |
Көктем айлары бойынша топқа бөлу(наурыз, сәуір, мамыр).Стикерлерге ай аттарын жазып, таңдау жасауға ұсыну арқылы. |
Мұғалімдер ойларына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалімдер өздерінің идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс) |
5. Коучинг тақырыбы бойынша постер қорғау жұмысы. |
Коучтың іс-әрекеті Топ мүшелеріне тақырыптың өзектілігін ашу мақсатында постер қорғау ұсынылады. |
Мұғалімдердің іс-әрекеті Мұғалімдер постер жұмысын орындайды және «екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы топ жұмыстарын бағалайды. |
|
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Рефлексия «БББ» кестесі |
Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «БББ» бағанасын толтыруды сұраймын. |
«БББ» кестесін толтырып, тапсырады. |
[bws_related_posts]