Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ
Ибраева Гульзар Кабиденовна
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің қоғамдық құрылысы.
Сынып: 6
Сабақ мақсаттары: Оқушыларға үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.Мемлекеттің құрылымы жіне олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру.Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, топтық, жүптық жұмыс істеу ережесінің сақталуын өздері қадағалауды дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Интербелсенді тақта, үйсіндердің өмірі туралы суреттер, маркер, флипчарт,үлестірме суреттер, қайшы, желім, скрепка, түрлі – түсті қарындаштар, фотоаппарат, видеокамера.
Әдіс-тәсілдер: Сұхбат, ой қозғау, топтастыру, эссе жазу, оқулықпен жұмыс.
Оқыту нәтижесі:
— оқушылардың тіл байлығы дамиды;
— топта пікірталасқа түсуге дағдыланады;
— топтың ойын, идеясын толық жеткізуге машықтанады;
Сілтеме: Қазақстан тарихы «Алматы Атамұра» 2011
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
2мин |
Психологиялық дайындықОқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.
Қазақстан- қол алысады, Италия- құшақтап амандасады, Зимбабва- арқаларымен төс қағысу Македония- шынтақтарын тигізе амандасу, Никорагуа-иық қағысады Бразилия- арқа сипайды Австралиялық аборигендер- қол шапалақтап, аяқпен секіреді, жамбаспен көршісін қағады.
Оқушыларды Қазақстан, никарагуа, Австралия елдеріне бөлу арқылы топтастыру, |
Оқушылар мұғалім көрсеткен іс –әрекетті қайталайды. Көңіл-күйлері жақсарады.
АКТ |
Білу кезеңі | 4мин | — Өткен сабақта бізүйсіндер тарихынан қандай мәліметтермен таныстық?
— Үйсіндердің мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпа екендігін не дәлелдейді? Жауап: орналасқан жері, үйсіндер туралы жазба деректермен таныстық. Ол деректерден үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынасы туралы да білуге болады: Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, солтүстік батысында қаңлымен, батысында дауаниямен, оңтүстігінде әр түрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды. (Ой түрткі сұрақтар қою). «Сұхбат» сұрақтары: — Бұл деректерден біз нені түсінеміз? Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылармен жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесіп аңықтаймыз.
|
Деректерді тыңдайды. Сұрақтарды тыңдап, ой-қозғайды, білімін кеңейтеді.
Жауап берген оқушы білімін жанартады, түсінбеген сұрақтарға жауап алады.
СТО,ДО,ОмОЖТ, ОЖЕСО |
Түсіну жаңа материалмен жұмыс | 10 | «Ойлан,жұптас, топтас» тапсырмасы. Топтарға мәтінді бөліп беру.
— 1 топ-Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. — 2 топ- Мүлік теңсіздігінің пайда болуы. — 3 топ – эксперттер (Маулен, Наурызгүл, Бекзат, Бекболат) Топпен жұмыс кезінде. Оқушылардың рөлге бөлінгенің, іс – әрекеттерін бақылайды. |
СТО, ОБжК, ДО. ТжДО
Мәліметпен танысып болған соң, топтардан 2 оқушыдан бір-біріне қонаққа келеді, эксперттер 2-2ден бөлінеді. Оқушылар мәліметтермен алмасып, олардың жұмысын эксперттер бағалайды.
|
Қолдану | 10 | Оқушыларды түстер бойынша топтастыру.(қызыл, жасыл, сары)
Алған білімдерін пайдаланып, тапсырмалар дайындау. Үйсіндердің орналасқан жері, үйсіндер туралы деректер және олардың қоғамдық құрылымы тақырыбына 1 –топ: Балама тест дайындау (иә/жоқ). 2-топ: Сәйкестендіру тапсырмасын дайындау. 3-топ: толықтыр тапсырмасын дайындау. Топ ішінен бақылаушы таймпикер сайлау. |
ТжДО, ОБжК, ДО, СТО.
Топтар тапсырмаларын дайындайды.
|
Талдау | 6 мин | Топтар тапсырмаларын алмасып, орындап, қорғайды,бағалайды. | СТО, ДО,АКТ
түсіндіріп, алмасып, орындап, бірін-бірі тексереді, бақылаушы таймпикерлер бағалайды. |
Жинақтау
(синтездеу) |
4 мин | Әткеншек әдісін қолдану.Оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге бөліп орналастыру. | Сыртқы шеңбердегі оқушылар ішкі шеңбердегі оқушыларға өтілген таұырып бойынша сұрақтар қояды.
СТО, ТжДО |
Бағалау | 3мин | Әр оқушы сабақ бойынша өз жұмысына баға береді.
«insert» әдісі Нені білдім? Не біле алмадым? Не білгім келеді? |
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.
ОБжК, СТО, ОүБжОБ, ДО |
Бағалау | 2 мин | Эксперттер, бақылаушылар парағы бойынша мұғалім қорытындысы
|
Сабақты бағалау. Өзін- өзі бағалау, топтық бағалау. ОүБжОБ, ДО |