Павлодар облысы
Лебяжі ауданы
А.Баймұлдин атындағы ЖОББМ
Ибраева Гульзар Кабиденовна
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Cабақ мақсаттары: Оқушылардың үйсіндердің жайлы білімдерін жетілдіру арқылышаруашылығы мен тұрмысы туралы түсініктерін қалыптастыру. Оларды үйсіндердің шаруашылық түрлерімен таныстыру. Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, топтық, жұптық жұмыс істеу ережесінің сақталуын өздері қадағалауды дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Интербелсенді тақта, үйсіндердің өмірі туралы суреттер, маркер, флипчарт, түрлі – түсті қарындаштар, фотоаппарат, видеокамера.
Әдіс-тәсілдер: Сұхбат, ой қозғау, топтастыру, эссе жазу, оқулықпен жұмыс.
Оқыту нәтижесі:
— Үйсіндердің шаруашылығы, тұрмысы жайлы түсініктері қалыптасады;
— оқушылардың тіл байлығы дамиды;
— топта пікірталасқа түсуге дағдыланады;
— топтың ойын, идеясын толық жеткізуге машықтанады;
Сілтеме: Қазақстан тарихы «Алматы Атамұра» 2011
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
2мин |
Психологиялық дайындықОқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.
«Есім-сын есім» өз есімінің алғашқы әріпіне байланысты өзіне мадақ сөз айту.
Оқушыларды жалын, шабыт, талап топтарына мұғалім топтастырады. Шабыт тобы: Айнұр – Наурызгүл Нұрсұлу – Бекзат Жалын тобы: Салават – Бекболат Құралай – Маулен Талап тобы: Мамыргүл – Жайдарман Шерхан — Камила |
Оқушылар өз есіміне байланысты сын есім айтып, өздерін мадақтайды. Көңіл-күйлері жақсарады.
АКТ
Топтарға бөлініп отырады.
|
Білу кезеңі | 4мин | Өткен тақырып бойынша сұхбат-сұрақтарын жұп аралық талдау арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
|
Деректерді тыңдайды. Сұрақтарды тыңдап, ой-қозғайды, білімін кеңейтеді.
Жауап берген оқушы білімін жанартады, түсінбеген сұрақтарға жауап алады.
СТО,ДО,ОмОЖТ, ОЖЕСО |
Түсіну жаңа материалмен жұмыс | 10 | «Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. Топтарға мәтінді бөліп беру.
— 1 топ- мал шаруашылығы. — 2 топ- егіншілік пен отырықшылық. — 3 топ – Түрлі кәсіпшілік. Топпен жұмыс кезінде. Оқушылардың рөлге бөлінгенің, іс – әрекеттерін бақылайды.
Оқушыларды салат әдісі бойынша топтастыру. Қызанақ – Нұрсұлу, Камила, Маулен, мамыргүл. Қияр – Шерхан, Бекзат, Құралай, Салават. Қызылша – Наурызгүл, Бекболат, Жайдарман, Айнұр. |
СТО, ОБжК, ДО. ТжДО
Мәліметпен танысып болған соң, топтардан 2 оқушыдан бір-біріне қонаққа барып, өз тақырыбын түсіндіреді, ол қайтып келген соң топтағы балалар оған жаңа мәліметтерді жеткізеді.Таратушы баламен еріп кеткен оқушы, оның әрекетін бақылайды, бағалайды.Және оның ойын бөлмей көмектесуге болады. Қайтып келген соң бақылаушы топтағы балалардың таратушыға мәлімет беруін бақылап. бағалайды. |
Қолдану | 8 мин | Оқушылар өз жұмыс топтарында алған білімдерін постерға түсіру.
1 –топ: Түрлі кәсіпшілік.. Бақылаушы – Мамыргүл. 2-топ: Мал шаруашылығы. Бақылаушы — Салават. 3-топ: Егіншілік пен отырықшылық. Бақылаушы –Айнұр. Топ ішінен бақылаушы таймпикер сайлау. |
ТжДО, ОБжК, ДО, СТО.
Топтар тапсырмаларын дайындайды.
Бақылаушы-таймпикер оқушыларды бақылап, бағалайды. |
Талдау | 6 мин | Топтар тапсырмаларын «Галерея» әдісімен қорғайды. | СТО, ДО,АКТ
түсіндіріп, қорғайды.Қонаққа келгендер сұрақтар қояды. Бақылаушы — таймпикерлер бағалайды. |
Жинақтау
(синтездеу) |
5 мин | Әр топқа жаңа тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын дайындау. Бұл тест тапсырмасы келесі сабақта үй тапсырмасын тексеру үшін қолданылады. | Оқушылар тест тапсырмаларын құрастырады.
СТО, ТжДО |
Бағалау | 5мин | Әр оқушы бүгінгі сабақ бойынша 2 жұлдыз, 1 ұсыныс әдісімен қорытындылайды..
|
Оқушылар сабақты қорытындылайды, ұсыныс жасайды.
ОБжК, СТО, ОүБжОБ, ДО |
Бағалау | 5 мин | Бақылаушылар парағы бойынша мұғалім қорытындысы.
|
Сабақты бағалау. Топтық бағалау. ОүБжОБ, ДО |
[bws_related_posts]