Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі

«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі

meir Жамбыл облысы
Меркі ауданы
№35 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жантайбекова Мейир Шайдазымқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала бейнесі
Сабақтың мақсаты:
Ертегідегі Тазша бала бейнесін талдай отырып, кейіпкерлерге талдау үлгілерін үйрету.
Сабақтың міндеттері:

Тазша бала бейнесін сомдау арқылы өз ойларын жүйелі жеткізуге баулу;
Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы, ойлау қабілетін дамыту;
Топпен жұмыс жасауғамашықтандыру;

Сабақтың түрі:  Білімді жүйелеу
Сабақтың әдіс-тісілдері: сұрақ-жауап, РАФТ стратегиясы, Венн диаграммасы
«Интервью», Кубизм әдісі, топтық жұмыстар

  • Ұйымдастыру кезеңі

Ортаға шеңберу құрып, оқушылармен сәлемдесу (1 мин)

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

«Ауыспалы доп» арқылы үй тапсырмасы бойынша шеңберде тұрып бірнеше сұрақтар қоямын. (4-5 минут)

1. «Қырық өтіріктің» тууына себепші болған оқиға.

2.Тазша баланың ерлігін сіз қалай бағалайсыз?

3. Бұл ертегінің сіз оқыған ертегілерден өзгешелігі неде?

Үлгерімі төмен оқушыларға  арналған сұрақтар.

«Қырық өтірік» ертегісі не туралы деп ойлайсың?

Осы уақытқа дейін өтірік айтып көрдің бе?

Үш түрлі тәтті арқылы 4 баладан үш  топқа бөлемін (2-3 минут)

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Тәттінің  түсіне қарай оқушылар үш топқа бөлінеді.

DSC01786

«Кубизм » әдісі бойынша (Кубиктің бұрыштарына 1,2,3 санын қоямын осыған байланысты бір санға 2 тапсырмадан жазамын.

І тапсырма бойынша

( 10 минут)

І топ Мінездеу

ІІ топ Зерделеу

ІІІ топ Бейнелеу

І топ оқушылары ертегі арқылы Тазша балаға мінездеме береді. Оның жағымды, жағымсыз жағын анықтайды.

ІІ топ ертегідегі мақал-мәтел, көркем бейнелі ойларды теріп жазады.

ІІІ топ Ертегідегі өздеріне ұнаған тұсының суретін салады.

ІІІ топтан бір-бір адамнан қорғайды.

C:\Users\Админ\Desktop\5-сынып сурет\101MSDCF\DSC01767.JPG

ІІ тапсырма бойынша (7-8)

1. Тазша бала хат жазу

2. Өтірік өлең құрастыру

3. Өтірік әңгіме құрастыру

І топ «Тазша балаға хат жазу»

ІІ топ «Өтірік өлең құрастыру»

ІІІ топ «Өтірік әңгіме құрастыру»

Салыстыру  (3-4)МИНУТ

Венн диаграммасы арқылы «Аяз би» ертегісіндегі Жаманның бейнесі мен Тазша бала бейнесін салыстыру

3 топ та 2 бейнені салыстырып ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Бірінші болған топ қорғайды.

DSC01835

Үй тапсырмасы

Өтірік өлеңдер жинақтау

Ертегіні өз өтіріктерімен аяқтау

Жалпы ертегіден өткенді қайталау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Бағалау

Топпен, жеке бағалаймын

DSC01731

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *