Басы » Дене шынықтыру » Волейбол

Волейбол

voleibalБатыс Қазақcтан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы

 Қали Мұханов

Қаратөбе мектеп – гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

 Сабақтың тақырыбы: Волейбол.

«Жоғарыдан және төменнен допты қабылдау.»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Допты жоғарыдан және төменнен алу әдістерін үйрету,меңгеру.

  2. Дамытушылық: Ептілік,икемділік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру,ойын сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау,көрсету,практикалық жаттығулар.

Сабақта қолданылатын тәсілдер: топтастыру,салыстыру.

Өтетін орны: спорт залы.

Спорт құралдары: Волейбол добы,тор,ысқырық,секундамер.

Қауіпсіздік ережесі: Сабақ басталғанда ескертіп,сабақ барысында мұқият бақыланады.

Сабақтың мазмұны

Уақыты.

Әдістемелік нұсқау.

І.

Дайындық бөлімі:

15 мин.

Сапқа тұру.Рапорт қабылдау.Сәлемдесу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Саптағы жаттығулар.

1 мин.

1мин

Қатарда ара қашықтық сақтау.

Дене түзу.

Жәй жүру:   аяқтың ұшымен,өкшемен жүру,аяқтың жанымен,жартылай отырып,толық отырып жүру.

Қауіпсіздікті ескерту.

Жәй жүгіру: тізені жоғары котеріп,аяқты артқа бүгіп,аяқты алға шығарып,оң жақ бүйірмен,сол жақ бүйірмен,артқа қарап жүгіру.

Жаттығуды дұрыс жасалуын қадағалау.

Тыныс алу жаттығулары.

Бой жазу жаттығулары:

ІІ

Негізгі бөлім.

25 мин.

1.Сапқа тұрғызу тақырыпты баяндау.

2.Қарсы алаңнан  ұшып келген допты төменнен және жоғарыдан қабылдау-ды меңгерту.

3.Қарама-қарсы тұрып І топ оқушылары     допты төменнен қабылдап, ІІ топ оқу-шылары допты жоғарыдан қабылдайды.

4.Екі қолды бір-біріне біріктіріп ұстап,сәл еңкейе тізені бүгіп,әріптесіне беру.

Оқушылардың мұқият тыңдап,көріп,бақылап тұруын ескерту.

Қауіпсіздік ережесін бақылау.

5.Жоғарыдан ұшып келген допты,қолды жоғары көтеріп алақан,саусақтарымен,ті-зені бүге жұмсақ қабылдап,әріптесіне беру керек.

6.Жаттығуларды бірнеше рет қайталау.

ІІ топ.

Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау.

Кеткен кемшіліктерді айту,түзету.

ІІІ.

Қорытынды бөлім.

5 мин.

1.Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары.

2.Сапқа тұру.

3. Сабақты қорытындылау.

4. Оқушыларды бағалау.

Ескертулер.

Гигиеналық нұсқаулар бру.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *